Синоптиктердің мәліметінше, елдің басым бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы орнайды. Дегенмен, батыс және солтүстік өңірлерде циклон мен атмосфералық фронттардың ықпалынан найзағай ойнап, жаңбыр жаууы, бұршақ түсуі ықтимал.
Солтүстік аймақтарда қатты дауыл тұрып, батыс пен солтүстікте жел күшейеді. Оңтүстікте шаңды дауыл соғуы мүмкін, ал шығыста түнгі және таңғы уақытта тұман байқалады.
Өрт қаупі жоғары өңірлер:
Маңғыстау, Ақтөбе, Түркістан, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Жамбыл, Атырау, Шығыс Қазақстан, Алматы, Абай және Жетісу облыстарының кейбір аудандарында өрт қаупі жоғары.
Төтенше өрт қаупі бар өңірлер:
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Алматы, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жетісу және Ұлытау облыстарының жекелеген аумақтарында ерекше сақ болу қажет.
Мамандар тұрғындарды ауа райы жағдайын мұқият бақылап, өрт қаупі кезеңінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді.
«Жетісу-Ақпарат»