Талдықорған: +27°C
$ 464.71
€ 531.26
₽ 6.05
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

«21 ПАЛАТАДА 80 АДАМ ЖАТЫР»: ДЕМАЛЫС ДЕГЕНДІ БІЛМЕЙТІН ДӘРІГЕРЛЕР

13.07.2020
КҮЛТӨБЕ
«21 ПАЛАТАДА 80 АДАМ ЖАТЫР»: ДЕМАЛЫС ДЕГЕНДІ БІЛМЕЙТІН ДӘРІГЕРЛЕР
WhatsAppTelegramFacebook

Талғар аудандық орталық ауруханасының терапия білімі дәірігерлері мен мейірімді мейірбике қызметкерлерінің қажымас қайтпас қайсарлығы мен қажырлы еңбектерінің куәсі болдық.

«Адам деген пенде екен.
Ажал деген демде екен.
Ай-хай, қайран денсаулық,
Барлық байлық сенде екен»
— деп толғаған екен кезінде өнерімен ұлт өркенін өсірген Майлықожа бабамыз. Адам боп жаратылған соң ауырмайтын пенде жоқ. «Шикі ет ауырмаққа» деген атам қазақ. «Ауырып тұрдың, аунап тұрдың» деп те жататын еді үлкен кісілер. Алайда бүгінгі дүниені дүрліктірген алапат үрейге қарсы үрке қарамастан өздерінің бар қажыр қайраты мен күш-қуатын халық денсаулығына арнап, күн-түн демей жанкештілігімен жанын салып жүрген жас дәрігерлердің ерік жігеріне еріксіз сүйсініп тәнті боласың. Алладан жәрдем, жандарына жарылқану тілейсің. 

Белгілі ақын, көрнекті қоғам қайраткері Кәкімбек Салықов ағамыз дәл осыдан жарты ғасыр бұрын:
«Дәрігерлер, дәрігерлер, дәрігер!
Жедел көмек, жан қорғаушы жәдігер.
Ақ халаттың ар жағынан жалт етсең,
Аулақ жүрер ажал деген әбігер»
, — деп жырлап еді-ау. Содан бері тұп-тура елу жыл уақыт өтіпті. Қазақ «Елу жылда ел жаңа, қырық жылда қазан», — деп жатады ғой. Ол кездегі адамдар да ауысты, жаңарды, жасарды. Адамдардың замана ағымына қарай көңіл-күйлері мен көзқарастарының өзгеруі де заңды нәрсе. Ал бүгінгі аз да болса адам жанының арашашысы, ақ халатты абзал жандардың тобын құрап жүрген Талғар аудандық орталық ауруханасы терапия бөлімінің қызметкерлерінен сондай қайсарлық пен қажырлылықты көріп қатты қуанып қалдым. Бөлімде бұрын соңды болмаған ауырған адамдар санының ең жоғарғы көрсеткішіне де куә болдық. Небәрі екі кісіліктен 21 палатада 80 адам жатыр. Олардың ішінде қаншама ауыр науқастанып түскен адам да бар. Міне, осылардың бәріне барын салып қанатымен су сепкен қарлығаштай не бәрі 8 адамның қызмет атқарып жүргенінің куәсі болдық. Екеуі дәрігер қалғандары мейірбике, ине салады, дәрі береді, жасанды ауамен (кислород) дем алдырады, массаж жасап тамырдан дәрі құяды. Дәрігерлер де етпен сүйектен жаратылған ғой, қаншамасы ауырып жатыр. Жас баласымен демалыста отырғаны болмаса, кезекті еңбек демалысы дегенді білмейді. Міне, дәрігер мамандардың басына түскен бұдан артық сын сағаттары болмайтын да шығар. Ондайды Құдай басқа бермей-ақ қойсын. Өздері күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмей-ақ осы ауруханада жатып, тамырларынан дәрі құйғызып, ине алып, өздерін-өздері емдей жүріп, ауырған жандарға да ем жасағанын көзіңменен көргенде қалай жүрегің жібімейді. Алайда, техникалық аппараттар мен жасау жабдықтары жетіспейді. Жасанды жолмен дем алдыру, басқа да сауықтыру бөлмелері мен тиісті дәрі-дәрмектердің тапшылығын жасыра алмайсың. Соған қарамастан жоқтан бар жасап, бардың басын құрап жүрген жас та болса бас, терапия бөлімінің меңгерушісі Сайра Тәліпжанқызына (суретте) осы бөлімнің жалпы тәжірибелік дәрігері Айсәуле Мұратбекқызына күн-түн демей, науқас жандардың қас-қабағын бағып, қасында қамқорлық танытып жүрген Сая Ғазизбекқызына Наталья Костеченко, Гүлнар Байжарасова, Гүлнар Изембаева, Рауан Мекербаева, Нұргүл Тойғанбекова секілді мейірбикелерге де айтар алғысымыз шексіз. Өздерінің ғана емес, өзгелердің денсаулығы үшін қисапсыз қиындықтарға төзіп, алдына биік мақсат пен талап қойып, толассыз еңбек етіп жүрген мейірбикелер мен тындырымды еңбегімен көптің көңілінен шығып жүрген тазалықшы қыздарға да мың алғыс. Жалпы мұндай қажырлық пен қайраткерлік — адамға деген мейірім шапағаты мен өзінің таңдап алған мамандығына махаббаты, өмірге құштарлығы мен жүрегінде иманы кәміл ар намысшыл қазақ қыздарының ғана қолынан келіп жатқан қайсарлық екеніне көзім жетті.

Ауырғандардың жанына дауа шипа ем іздеп, жалпақ жұртқа мейірімділігімен шуағын қалай шашсам деп, бар жинаған білімі мен тәжірибелік жұмыстарын жаны мен тәні ауырған жандарға арнаған дәрігер қыздарыма атқарған істерің осылай-ақ болсын! Алла істеріңе жақ болсын! Қадамдарың нақ болсын! Еңбектерің еленіп, бастарыңа бақ қонсын деп тілек айтам. 
Індеттің беті қайтып, шуақты да қуатты елге айналарымызға сенейік. 

Камнұр Тәлімұлы 
Ақын, сазгер,
Талғар ауданының Құрметті азаматы.

Қатысты жаңалықтар

Қауіп сақтықта сейіледі

Қауіп сақтықта сейіледі

11.07.2026
Қыз арына кір келтірген

Қыз арына кір келтірген

11.07.2026
«Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясы

«Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясы

11.07.2026
Қара жолдың қамқоршысы

Қара жолдың қамқоршысы

11.07.2026
Мәртебелі мамандар марапатталды

Мәртебелі мамандар марапатталды

11.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.