Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті 2025 жылғы 22 мамыр күні сағат 09:00-де облыстық құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеріс жүргізілетінін хабарлайды. Осыған байланысты электродабыл қондырғылары қосылады.
Бұл жоспарлы шара тексеру жұмыстары аясында іске асырылады. Дабыл дыбыстары естілген сәтте тұрғындар мен қонақтардан сабыр сақтап, алаңдамауды және түсіністікпен қарауды сұраймыз.
Электродабыл іске қосылған кездегі іс-қимыл ережелері:
Егер сіз үйде болсаңыз:
-
Радио немесе теледидарды қосып, ресми ақпаратты тыңдаңыз;
-
Хабарламадағы нұсқауларға сай әрекет етіңіз.
Егер сіз далада болсаңыз:
-
Көшедегі дауыс зорайтқыштардан немесе жылжымалы хабарлау құралдарынан берілетін ақпаратты тыңдаңыз;
-
Берілген нұсқаулықтарға сәйкес әрекет етіңіз.
Бұл тексеріс қауіптің белгісі емес. Дабыл дыбыстары – жүйенің жұмысын сынауға бағытталған алдын ала жоспарланған шара.
«Жетісу-Ақпарат»