Талдықорған: +13°C
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

70 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

28.12.2024
КҮЛТӨБЕ
70 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Жаңа жыл қарсаңында Алакөл ауданында халықтың әлеуметтік осал топтары және көпбалалы ана санатындағы 70 отбасы  баспаналы болды. Атап айтсақ, Үшарал қаласында 41, Қабанбай ауылында 15, Бескөл ауылында 10 және Қазақстан ауылында 4 жеке тұрғын үйдің кілті тапсырылды.


Қуанышқа жиналған қауым алдында жүрекжарды тілегін білдірген аудан әкімі тұрғын үймен қамтамасыз ету – халықтың өмір сүру сапасын көтерудегі ең басты мәселенің бірі екенін айтты. Шара барысында ақжаулықты әжелер шашу шашып, ақсақалдар ақ батасын беріп, жылы лебізін білдірді. Көптен күткен үйді иеленген жандардың қуанышында шек жоқ. Қонысқа ие болған жақындарын құттықтап, шашу шашып, тілек айтушылар қатары да аз болмады.

Пәтер кілтін алғандардың бірі көпбалалы ана Айжан Жақашбаева: 
– Тұрғын үй кезегінде тұрғаныма 8 жылдан астам уақыт болды. 6 баламмен сапасы нашарлау жалдамалы үйлерде тұрып келдік. Міне, бүгін тұрғын үй кезегімен өзіміздің жеке жаңа, заманауи тұрғын үйдің кілтін иеленіп жатырмыз. Қуанышымызда шек жоқ. Барша жаңа қоныс иелерін құттықтаймын. Мұндай жақсылықтың шарапатын қиналып жүрген әрбір отбасы көрсе деп тілеймін.  Қол ұшын созып, көмектескен жандарға алғысымды білдіремін, – деді. 

Аудан бойынша тұрғын үй кезегінде 4 санат бойынша 1659 азамат тіркелген. Халықтың әлеуметтік ахуалын жақсарту, тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында Үшарал қаласы, Қабанбай, Қазақстан, Бескөл ауылдарында 60 жалға берілетін жеке тұрғын үй сатып алынса, облыстық бюджет қаражатына Қабанбай ауылында 10 жалға берілетін жеке тұрғын үй салынды. Тұрғын үй құрылысын мердігер «Enif stroy»  ЖШС жүргізіпті. 

Жыл басынан бері Үшарал қаласында 60 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй қолданысқа беріліп, 60 отбасы баспаналы болды. Келер жылы отбасыларды тұрғын үймен қолдаудың кешенді үлгісі жалғасады. 

Айжан МҰРАТОВА 
Алакөл ауданы
 

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғандықтарды тәнті етті

Талдықорғандықтарды тәнті етті

18.05.2025
Жанкүйерін қуантпай тұр

Жанкүйерін қуантпай тұр

18.05.2025
Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

18.05.2025
Сот шешімін орындамасаң  жаза бар

Сот шешімін орындамасаң жаза бар

18.05.2025
ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

18.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.