Талдықорған: +35°C
$ 465.74
€ 531.08
₽ 5.92
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ааа

24.02.2022
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

«Қасіретті қаңтар» деп ат беріліп, айдар тағылғанымен тәуелсіз Қазақстанның тарихында қара әріптермен жазылатын бұл оқиғалардың нақтылы атауы әлі анықталып болған жоқ. Біреулер «халықтың бейбіт шеруі» десе, екіншілері «бұзақылардың бүлігі», ал қайсыбірі «содырлардың сойқаны» деп те жүр. Алайда бәрін өз орнына қоятын ұлы мәртебелі – Уақыт деген бар. Күні ертең бүгіндері жазаланып жатқан жастар желтоқсаншылар сияқты халық қаһарманы болып әспеттеліп жатса, оған таң қалатын ештеңе жоқ. Себебі, осы жолы да билікке қарсы бас көтергендердің басым көпшілігі елдегі әділетсіздікке, төменнен жоғарыға дейін жайлап алған жең ұшынан жалғасу мен жемқорлыққа қарсы шыққан адал адамдар болғанына күмән келтірмеймін. Осы орайда ел Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ дұрыс қадам жасағанын айтуға тиіспіз. Мемлекет басшысы бірінші кезекте халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, дер кезінде ел көкейіндегі үрейді сейілтер Үндеулер жасады. Болашаққа сенім ұялатар сөздер айтты. Ал егер жағдай басқа бағытта ушығып, әлемде тоғызыншы орында тұрған алып мемлекетіміз қарақшылардың қолына өтіп кетсе не болар еді? Елестетудің өзі қорқынышты.

Болған іс болды, бояуы сіңді! Енді айдай әлемге айғай сап аттандасаң да, ер-тоқымыңды бауырыңа алып туласаң да ешнәрсе өзгерте алмайсың. Алдағы міндет – елімізді осындай жағдайға алып келген оқиғаның себебін анықтап, келешекте қайталанбауы үшін әрекет жасау болмақ. Ендеше, бір ғана өңір емес, аумағы әлем бойынша тоғызыншы орын алатын Ұлы даланың ұландарын жаппай наразылыққа шығарған не күш деген сауалға жауап табу аса маңызды.

«Шөлмек күнде сынбайды, бір күні сынады» дейді халық нақылы. Біздің пайымдауымызша, халықтың жаппай шеруге шығуының тамыры тереңде жатыр. Және ол бір күннің, немесе бір жылдың нәтижесі емес, тәуелсіздік алғалы елімізде орын алған олқылықтар мен жіберілген қателіктердің салдары деп ұққан жөн.

«Сонда неден жаңылдық, қай жерде шалыс бастық?» – деген сауал алдымызда менмұндалап шыға келетіні ақиқат. Жалпы, әлемдегі толқулар мен төңкерістердің негізінде ең алдымен қоғамдағы әділетсіздік пен биліктің озбырлығы жататыны белгілі. Бізде осының екеуі де орын алды деп айтуға негіз бар. Тереңге бармай-ақ, көп жылдар бойы көзге көрініп, көңілге қонақтап қалған қарапайым ғана мысалдарға жүгініп көрейікші.

Бұл, ең алдымен, қоғамды жайлаған жең ұшынан жалғасу мен жемқорлық, парақорлыққа қатысты. Біз нені көріп келдік? Елбасының өзі «Қазақстан экономикасының локомативі» деп атап көрсеткен құрылыс саласын алайықшы.

Құрылысқа мемлекет тарапынан бөлінетін қаржыға кімдер иеленіп келді? Дұрыс айтасыз, ең алдымен қолында билігі барлардың үлесіне бұйырды. Тендерге қойылған қаржының белгілі бір бөлігі оны ойнатушылардың қалтасында қалатын.

«Белгілі бөлігі» деуіміздің себебі, әр аймақта әрқалай. Құдайға қарағандары 10 пайызына ортақтасса, қайсыбір жерлерде 20 пайызға дейін иеленетінін жұртшылық жақсы біледі. Лақап аты «Господин 30» делінетін өңір басшысын да көрдік. Сонда белгілі бір нысанды салуға бөлінген қаржының 30 пайызы тендер ойнатушының үлесінде қалып, қалған 70 пайызы құрылысқа жұмсалады деп ойласаңыздар – қателесесіздер.

Оны ұтып алған, қолында қаламынан басқа ешқандай техникасы бола бермейтін адам өз үлесін алғаннан кейін нысанды «субчик» деп аталатын үшінші адамға беріп, өзі пайдасын шытырлатып санап, шырт түкіріп кете барады. Үшіншісі де адам ғой. Ал, құрылыс кезінде қолды болатын қаражатты қайда қоясыз?! Ең соңында сапасы күмәнді, құны арзан материалдармен салынған үйлер бой көтеретін. Пайдалануға берілмей жатып құлаған, адам тұруға жарамсыз деп танылған көп қабатты үйлер міне, осындай қылмысты жүйенің жемісі. Бұл жерде жалақысы бала-шағасының ішіп-жеміне де жетпейтін жұмыстан бас тартып, көшеде қаңғып қалған азаматтардың мұң-зарын да қоса кеткен орынды.

Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының қомақты бөлігін құрайтын әрі стратегиялық маңызы зор салмақты сала. 30 жыл бойы мұнда жүргізілген түрлі эксперименттер еш нәтиже бермегенін байқау үшін сарапшы болудың қажеті жоқ. Оны еліміздің бүгінге дейін агроөнеркәсіп өнімдерінің экспортына тәуелді екенін айтсақ та жеткілікті.

Жұмыс жасап тұрған ұжымдық құрылымнан бас тартып, ауылды жекешелендіру жалпы халықты кедейлендіріп, жекелеген адамдардың алпауытқа айналуына әкеліп соққанын көріп отырмыз. Саланың тамырына қан жүргізу мақсатында жасалынып жатқан түрлі шаралар нәтиже берер емес. Мемлекеттік субсидиялар нақтылы тұтынушы – шаруа адамдарына жетпей, орта жолда қолды болып кетіп жатыр. Үлкен қаражат кімдерге, қандай жолмен бұйырып жатқанын анықтау онша қиынға соға қоймас деп ойлаймын. Өткен жылғы қуаңшылық кезінде ауыл шаруашылығына көмек ретінде бөлінген ақшаны жымқырып, істі болған Ақмола облысының сала басшыларының іс-әрекеті басқа өлкелерге де ортақ схема. Тек, көкшетаулықтардың жолы болмай қалды.

Халықтың тегеурінді қарсылығына жолықпағанда жеріміз де шетелдіктерге сатылып, қазақтар өз елінде «квартирант» бола жаздағаны да өтірік емес. Бұл сатқындық саясатты кімдер және не үшін жасап отырғанын білу үшін көріпкел әулие болудың қажеті жоқ шығар?! Өндірушілер мен тұтынушылардың арасында бағаның шарықтап өсуі, түк істемей шаш етектен пайдаға кенеліп жүрген делдалдардың қызметі жайлы Президент «Алтын Орда» базарындағы былық арқылы көрсетіп берді.

Экономикамызды шикізатқа тәуелділіктен құтқару үшін индустриализация жүргізу керек деп ұрандатқанымызға 30 жыл болды. Ал біз тіс шұқитын жаңқаға дейін Қытайдан алып келеміз. Өнеркәсіп саласында Елбасының қатысуымен салтанатты түрде ашылған ірі жобалардың жұмыс жасап тұрғандары некен-саяқ. Іс бітті, қу кетті. Құрдымға құйылған қаржыны іздеген, қылмыскерлерді жазаға тартқан ешкім болған жоқ. Жемқорлыққа жетелейтін жүйеден еш жақсылық күтуге болмайтынын жұртшылық әлдеқашан түсініп болған.

Көп жылдар бойы Қазақстанда құзырлы  органдардың мәліметінше парақорлардың тізімін дәрігерлер мен мұғалімдер бастап келді. Иә, ата-аналардан түрлі шараларға ақша жинау, науқастарды емдегендері үшін қолүздік алу етек алған кезеңдердің болғаны рас. Алайда аталған салалар өзгелердің жанында жіп есе алмайтынын халық көріп отыр емес пе! Орыста: «Что охраняю – то имею!» – деген сөз бар. Яғни, елімізде кімдердің пара алу мүмкіндіктері көбірек?!

Ертеректе полицияға жұмысқа тұрған жас лейтенанттармен бейресми жағдайда сұхбаттасқаным бар. Күштік құрылымдағы қызметі өздері ойлағандай болмай шыққанына налыған жігіттер бір сәт ашыла сөйлеген.

«Бізге қылмысты ашу мүлдем тиімсіз, – деген еді сонда. – Себебі, қылмысты әшкерелегеніміз үшін біз сыйақы да, шен де алмаймыз. Шеніміз өсу үшін жоғарыдағыларға ақша беруіміз міндетті. Сондықтан, құқық бұзғандарды ақшаға босатып, оны басшылармен бөлісуге мәжбүр боламыз. Сонда ғана шеніміз бен қызметіміздің жоғарылайтынына кепілдік беріледі!»

Бұл сөздердің қаншалықты шындықққа жанасатынын анықтау қиын екенін түсінемін. Алайда есірткі саудасымен айналысатын сығандардың тұратын жері, аты-жөні белгілі бола тұра, олардың жауапқа тартылмайтынын көргенде амалсыз иланасың. Кешкісін тұтқындалған саудагердің таңертең босап шыққанын көзіміз көрген.

«Қорғас ісі» деп аталатын әйгілі сот процесінде жауапқа тартылып, жазасын алған 45 адамның екеуі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің полковниктері болғанын кезінде жазған болатынмын. Қаңтар оқиғасы кезінде өкілеттілігі шексіз ҰҚК басшысының «Отанына опасыздық жасады» деген айыппен тұтқындалуы шектен шыққан сорақылық емей немене?! «Ет бұзылса тұз себеміз, тұз бұзылса не себеміз?!» – деген мәтел осындай шарасыздықтан айтылған болар, сірә. Және бұл полиция мен ҰҚК ғана емес, күштік құрылымдардың бәріне жұғысты екеніне ешкім шек келтірмейді. Оны Қасіретті қаңтар тағы бір айғақтап берді.

Еліміздегі жоғары билік халықпен байланысын мүлдем үзіп алды деген пікір бар. Бұл – ақиқат! 30 жыл бойы жоғары билікте санаулы ғана адамдардың бір креслодан екіншісіне ауысып жүруін немен түсіндіруге болады?! Олардың білім-біліктілігі, атқарып отырған қызметіне адалдығы мен лайықтылығы өз алдына бөлек әңгіме.

Соның ішінде көпшілікті аса алаңдататыны, билік мемлекетті құраушы ұлттың тіліне – мемлекеттік тілге менсінбеушілік танытты. Құжаттардың барлығы орыс тілінде әзірленіп, қазақшасы «Яндекс» аудармасы арқылы жүргізілді. Және оны ешкім оқымайтын да. Бүтіндей бір тәуелсіз мемлекеттің басшысы өз халқымен көрші мемлекеттің тілінде сөйлеседі дегенді қай жерден көріп едіңіздер?! Бұл қарапайым халықтың қитығына тимей қайтсін?

Биліктің барлық деңгейіндегі трайболизм, қызметке орналасудың басты критерриі ретінде маманның іскерлігі емес, ата тегінің алдыға шығуы күнделікті тірлігіміздің заңдылығына айналғанын неге айтпасқа?! Халық мұны да көріп отырды.

Қаңтар оқиғасынан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы күнге дейін орын алып келген бірталай былықтың бетін ашып, тәртіп пен әділеттіктің үстемдік алуына ықпал ететін нақтылы қадамдарға барды. Атын атамағанымен, былықтың барлығы бір адамның төңірегіне барып топтасатыны ақиқат. Еліміздегі байлықтың 50 пайызын иеленіп отырған 162 адамның кімдер екені халыққа әлдеқашан мәлім болған. Англияның Өкілдер палатасында Н.Назарбаевтың отбасы мүшелерінің жылжымайтын мүлігіне санкция жариялау туралы мәселе қаралғанын, онда кімдер жайлы, қандай сомма туралы әңгіме қозғалғанынан да хабардармыз.

Жә, онымен құзырлы мекемелер айналыссын. Ал біз, қарапайым халық, жылдар бойы отбасы мүшелерінің немен айналысқанын көріп отырдық емес пе?! Жабайы рэкеттен басталып, мемлекеттік рейдерлік арқылы жеке адамдар мен қоғам мүлкін өз аттарына қалай аударып келгенін шыққыр көзіміз көрді емес пе?! Осыған шыдап келген қазақ халқын жауапқа тарту былай тұрсын, аспанға көтеріп әспеттеген әлдеқайда орынды болар еді.

Елдегі наразылықтар туралы әңгіме болғанда ойымызға ең алдымен жаңаөзендік азаматтардың ереуілі оралатыны жасырын емес. Қара алтынның үстінде отырып, қоңыртөбел тірлік кешкен, өз Отанында жүріп өгей баланың күйін көрген жұртшылықтың жанайқайы баршаға түсінікті болғанымен, биліктегілерді ойландыра қоймағаны таң қалдырады. Өз құқықтарын, мемлекет мүддесін қорғау үшін алаңға шыққан халық наразылығын биліктің қалай жаншып басқанын көргенде жағамызды ұстадық. Бейбіт тұрғындарға оқ жаудырып, қолдары қанға боялғандарға бір күні зауал келер деп ол жолы үнсіз қалғанымыз жасырын емес.

Алғашқы қорқау қылықтары әшкереленбей, жасаған қылмыстары үшін жауапқа тартылмаған билік ендігі уақытта халықты осылай қорқытып ұстауға болады деп ойласа керек. Олай болмады. Халық қайта көтерілді.

Бұл жолы бейбіт шеруді өз мақсаттарына пайдаланған үшінші күш елде бүлік жасап, жастарды арандатуға ұшыратты. Бұл жолғы күш қолданудың, жазықсыз құрбандардың қаншалықты дұрыс болғанын уақыт көрсете жатар. Бірақ билік үшін бұл оқиға үлкен сабақ болуы керек деп ойлаймын. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының осы бағытта жасап жатқан жұмыстары көптің көңілінен шығады. Сөз бен уәде жеткілікті. Енді оны орындау керек. Ақырын  күтейік.

Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 680 мыңға жетті

Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 680 мыңға жетті

24.07.2026
Жаңа әдіспен ота жасалады

Жаңа әдіспен ота жасалады

24.07.2026
Жетісуда робот сот орындаушы 29 млн теңге үнемдеуге көмектесті

Жетісуда робот сот орындаушы 29 млн теңге үнемдеуге көмектесті

24.07.2026
Тамызда қай өңірлерде қуаңшылық күтіледі?

Тамызда қай өңірлерде қуаңшылық күтіледі?

24.07.2026
Партиялар сайлаушылармен кездесуге дайындықты бастады

Партиялар сайлаушылармен кездесуге дайындықты бастады

24.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.