Талдықорған: +24°C
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

АДАМ — ӨЗ ӨМІРІНІҢ СУРЕТШІСІ

20.05.2021
КҮЛТӨБЕ
АДАМ - ӨЗ ӨМІРІНІҢ СУРЕТШІСІ
WhatsAppTelegramFacebook

Мен педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Білім академиясының академигі, белгілі суретші Берікжан Әлмұханбетовты біраз жылдардан бері білемін. Ілгері замандардағы біздің тау тұлғалы аталарымыздай, тау соғар Толағайымыздай екі иығына екі кісі мінгендей еңселі, кең жауырынды, бүгінгі ұсақталып кеткен ұрпақтарымыздың арасында нағыз алып адам болып көрінетін оның жаратылысы басқалардан бөлекше. Жаугершілікте туған болса Қабанбай, Бөгенбай аталарындай ат үстінде шірене отырып ақ найзаның ұшымен жау түсіретіндей сұсы бар. Бұйра шаштары мен қыранның көз жанарындай өткір көздері, сәл жалпақтау біткен бет-әлпеті де оның батыр тұлғасына лайық.


Өзінің осынау жаратылысына қарай Берікжан да нағыз мінезді адам. Ешкімнің алдында жалпақтамай, жалтақтамай айтар ойын іркілмей айтып салатын оның өршіл мінезін мен өзім ерекше құрметтеймін. Ал жағымпаз, жарамсақ, екі жүзді пенделер сасық су бойына өскен қара қоғадай көбейіп, жағымпаздықтың өзі қалыпты өмір салтына айналып бара жатқан қазіргі қоғам турашыл, әділетшіл, шыншыл адамдарды қабылдай бермейтінін іштей сезсем де Берікжанның қайсарлығына ризамын.

Көп жыл бойы өзі оқып білім алып, содан соң ұстаздық етіп келе жатқан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі түрлі жиналыс-жиындарда Берікжан Айтқұлұлының талқыланып отырған мәселелер бойынша алмас қылыштай жарқылдап, сөйлеген сөздеріне куә болып келемін. Әрине, «турасын айтып туғаныма жақпадым» дегендей, оның өткір сөздерін, орамды ойларын қабылдағысы келмей, тыжырынып қалатын басшыларды да көргенбіз. Алайда батыр тұлғалы батыл Бекең үшін бастықтардың не дегені бәрібір. Өршіл, қайсар, біртуар қазақ өз дегенінен қайтқан емес. Қалай дегенде де Берікжан Айтқұлұлы тың ұсыныстарымен, жаңашыл идеяларымен ерекшеленіп тұрады. Осындайда данышпан Абайдың «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден бөлек» және «үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деген терең мағыналы, ойлы сөздері есіме түседі де Абай айтқан осы қасиеттерді Берікжанның бойынан табатыным бар. «Ақыл-парасат күші – адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнерді ұғынуына және жақсы қылық пен жаман қылықты айыруына көмектесетін күш», – деп ұлы ұстаз әл-Фараби айтқан сипаттама Берікжан Айтқұлұлының да табиғатына тән. 

Алайда халық аузындағы «тастай берік, гүлдей нәзік» деген теңеуді осы арада оған да арнағым келеді. Өйткені, Бекең жоғарыда мен сипаттаған өршілдігімен қатар жаны мақтадай үлбіреген, сезімі нәзік, Абай атамыз айтқан нағыз «жылы жүректі адам». Әдебиетті өте жақсы көреді. Бір жолы маған: «Мырзеке, сіздің әңгімелеріңізді үзбей және қызыға оқып келемін. Өте керемет. Әсіресе, анау «Ақ пен қара», «Дәрігердің қателігі» сияқты әңгімелеріңіз фильм түсіруге сұранып-ақ тұр. Қолымнан келсе сізге көмектескім-ақ келеді. Алайда киношылардан жақсы режиссерлерді тани бермеймін», – дегені бар. 

Берікжан поэзияны да ұнатады. Әдебиетті, өнерді сүйген адамның жаны жайсаң, жүрегі жұмсақ, ішкі дүниесі таза әрі нәзік келетіні белгілі. Университетте өтіп жатқан әдеби кештерде, мәдени іс-шараларда Берікжан Айтқұлұлы баяндама жасай қалса, ол нағыз ақындардай сөз маржандарын оңды-солды шашып, нөсерлейді-ай келіп. Аузынан шыққан түйдек-түйдек көркем сөз, ғажайып теңеулер мен саф алтындай афоризмдер жүрегіңе қозғау салып, тұла бойыңды шымырлатып әкетері сөзсіз. Хакім Абайдың 175 жылдығына орай Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өткен бір кеште Бекең сөз сөйледі. Мінбеге шыққан ол Абайша толғанып, радио дикторынша тебіреніп, мәнерлеп сөйлегенде тыңдармандардың талайының көздері мөлт ете қалған-ды. «Жүректен шыққан сөз ғана жүрекке жететініне» осы бір көрініс айқын куә. 

1995 жылы ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 150 жылдық мерейтойы елімізде кеңінен атап өтті. Оның қорытынды кезеңі Семей өңірінде, хакімнің туған жерінде өткізілетін болып, кең жазыққа әр облыс, әр аймақ өз ақ боз үйлерін тігіп жатты. ҚР Министрлер кеңесінің саяси-әлеуметтік бөлімінде жауапты қызмет істейтін Берікжан Айтқұлұлын Үкімет Семей жерінде өткізілетін мерейтойға дайындықтың барысын қадағалауға жібереді. 

Асығыс Семейге, одан мерейтой өтетін орынға жеттім, – деп еске алған еді сол кезді Бекең. – Келсем сап-сары болып сарғайып, топырағы борпылдаған кең алқапқа мыңға тарта ақ боз үйлер тігіліп, сахна құрылып, айнала ұлы Абай сөздері жазылған көрнекі үгіт құралдарымен, түрлі түсті мерекелік шамдармен безендіріліп жатыр екен. Бірақ төңірек сұрықсыз, өте жүдеу көрінетін еді. Мыңдаған шетелдік қонақтар, оның үстіне ЮНЕСКО-ның Бас хатшысы Федерико Майор бастаған өте беделді делегация келе жатқан мына тойда үп етіп жел көтерілсе аспан мен жердің арасын тозаң басып қалмай ма деп қатты уайымдадым. Құдайдың құдіреті шығар, сол күні кешке аспанды қою қара бұлт торлап, түнге қарай селдете жауын жауды дейсің, бәріміз киіз үйлерге тығылдық. Сол жауын таң атқанша толассыз жауып, ертеңіне аспан шайдай ашылып, түк болмағандай күн күлімдеп шыға келді. Бұл – тойдан екі күн бұрын болған оқиға. Ал ендігі қызықты қараңыз: сол екі күнде той өтетін дала қайтадан көктеп, жап-жасыл болып шыға келді. Шаң әбден басылған, ағаштар мен бұталар, боз жусандар мен қурайлар да мөлдір суға бір сүңгіп шыққандай жасарап, жасанып, жаңарып қалыпты. Әрісі алыс-алыс шетелдерден, мұхиттың ар жағынан, берісі өзіміздің ұлан-байтақ Ұлы Даламыздың барлық аймақтарынан ағыл-тегіл қонақтар қаптап келгенде Семей өңірі, тойлы алқап масатыдай құлпырып, сұлу қыздай түрленіп тұр еді. «Ох, қазақтар, сіздер Париж, Париж деп, шалғайдағы Парижді пір тұтасыздар. Нағыз Париж қазақтың өз даласында екен ғой», – деген еді той үстінде ЮНЕСКО-ның Бас хатшысы Федерико Майор айналаға таңырқай, тамсана қарап тұрып. Бұл сөзді естігенде бүкіл қазақ төбеміз көкке жеткендей қуандық. Осы жайдың куәсі болған мен сол жолы алдымен ұлы Алланың құдіретіне, содан соң хакім Абайдың қасиетіне тәнті болған едім». Осылай деген Берікжан Әлмұханбетовтың әңгімесі әлі жүрегімде. 

Бекең – әсемдікке жаны құмар, жүрегі нұрлы, сезімі сырлы, жаны таза өнер иесі. Айналадағы тамылжыған табиғатқа, асқақтаған асқар тауларға, көсіліп жатқан кең даламыздың сұлулығына сұқтана қарап, елжіреп тұратын ол осы қоршаған ортадан, табиғат әлемінен тылсым сыр, көркемдік құдірет іздеп, одан үнемі терең ой түйіп жүретін нағыз сегіз қырлы, бір сырлы жан. Жетісудың Қараталдай жұмақ мекенінде дүниеге келген Берікжан жастайынан туған жер табиғатын, оның кербез келбетін қылқаламмен ақ қағазға өрнектеп, әдемі-әдемі суреттер салу арқылы сұлулық пен көркемдіктің нәрімен нәрленіп, толысқан суретші. Ол сонымен бірге халықтың қолөнер туындыларынан да ләззат алатын еді. Ұлы Отан соғысының ардагері, әкесі Айтқұл Өмірбекұлының ер-тұрман, ат әбзелдері, он саусағынан өнері тамған ісмер әрі шебер анасы Рәштің қолынан шыққан кестелер, шілтерлер, құрақ көрпелер мен тұрмыстық бұйымдар, ауыл зергерлері соққан сыңғырлаған алтын сырғалар, жарқ-жұрқ еткен сақиналар мен жүзіктер, білезіктер, күміспен күптелген шолпылар, ел ішіндегі шеберлердің ұлттық нақышқа толы ою-өрнектері жүрегін мөлдіреген эстетикалық сезімге бөлейді. Міне, Берікжанның Қаратал ауданы, Кәлпе стансысындағы орта мектепті бітірген соң «Бейнелеу өнері және сызу» пәнінің мұғалімі болып еңбек жолын өнерден бастағаны бекер емес-ті. Екі жылдан кейін атақты ҚазПИ-дің көркемсурет факультетіне түсіп, білімі толысқан соң ұлттық өнер туындыларына ғылыми көзқарасы қалыптасты деуге болады. 

Ел ішіндегі қолөнер туындыларын жинай жүріп, олардың көркемдік ерекшеліктерін зерделеген оның оқуды бітірген соң өзі оқыған білім ордасында оқытушылық қызметте қалдырылуы да тегін емес. Бұл 1975 жыл еді. Аз уақытта институттың кәсіподақ, комсомол ұйымдарын басқарған, оқытушылық қызметін ұршықтай иірген талантты жас енді ғылымды педагогикалық жұмыспен ұштастырды. Ол, әсіресе, студенттерге көркем білім беру арқылы ұлттық өнер туындыларымыздың рухани маңызын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуді алдына мақсат етіп қойды. «Халықтың қолөне-рі – ұрпақ қазынасы», «Бейнелеу өнерінің танымдық әлеуеті», «Қазақ ұлттық киімдерінің даму кезеңдері», «Өнер мен дәстүрдің сабақтастығы мен бірегейлігі» сияқты еңбектерінде Берікжан Айтқұл-ұлы ұлттық өнер туындыларымыздың рухани ерекшеліктерін зерттеп-зерделеді. Бұл еңбектер жас ұрпақты осынау баға жетпес байлығымызды сүюге, қастерлеуге, бағалауға, одан эстетикалық нәр алуға баулиды. 

Қазақтың қолөнер туындылары туралы этнограф-ғалым Өзбекәлі Жәнібеков, Дәркембай Шоқпаров және басқа да ғалымдардың құнды-құнды дүниелері бар. Ал профессор Берікжан Әлмұханбетов осы өнер туындыларын болашақ мамандарға оқытудың, студенттерге көркемдік білім берудің әдістемесін жасаумен, оны ғылыми негіздеумен түбегейлі айналысты. Ол өзінің моно-графиялары мен ғылыми еңбектерінде «Әдістемелік жұмысты ұйымдастыру негіздері және оның нәтижелерінің тиімділігі», «Мазмұн мен түрді таңдау. Мектептегі әдістемелік жұмыс, оның оқу үдерісіндегі рөлі», «Мектепте мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жетілдіру әдістері және оны ұйымдастыру түрлері», «Мұғалімдердің эстетикалық білімін көтеру бойынша жұмыс» тақырыптарын жан-жақты зерделеу арқылы өзінің педагог-ғалым ретіндегі қабілетін айшықтай түсті. Осы арада белгілі өнертанушы-ғалым, профессор Сәнгүл Қаржаубаеваның Берікжан туралы мына бір жүрекжарды пікірлерін еске ала кеткеніміз артық болмас деп ойлаймын: «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, өнер, мәдениет және спорт институтының директоры, ҚР Білім академиясының академигі, «Білім беру ісінің Құрметті қызметкері». «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2015» грантының иегері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Берікжан Әлмұханбетов көркемдік білім беру ісінде өзіндік дара жолымен, білім мен өнерге деген сүйіспеншілігімен ерекшеленген оны ғылымның қайнар бұлағына айналдыра білген ұлағатты ұстаз», – деген еді профессор С. Қаржаубаева Бекеңнің «Өнер, білім өткелдері» деп аталатын жинағына жазған алғы сөзінде. 

Қазақ бейнелеу өнерін эстетикалық тәрбие тұрғысынан зерттеп, оны тәжірибемен ұштастыра білген 170-тен астам ғылыми еңбегі, болашақ мамандарға арнап жазған монографиялары, оқулықтары, оқу және оқу-әдістемелік құралдары – сол орасан еңбектерінің жемісі. С. Қаржаубаева атап көрсеткендей, Берікжан Айтқұлұлының ұзақ жыл бойғы ғылыми-зерттеу жұмысына ұлттық арт-педагогиканың ерекше эволюциясы арқау болған. Бұл саладағы оның инновациялық ойлары тек ел аумағында ғана емес, сонымен қатар әлем ғалымдарының қызығушылығын туғызды, ал ең бастысы, бұл тақырып шәкірттерінің де зерттеулерінде жалғасып жатыр. 

Бекеңнің шығармашылық жұмыстарына көз салар болсақ, адамзаттың ауқымды мәселелерін сараптап, көркем туындыға айналдыру барысында суреткер бейнелеу өнерінің пластикалық мүмкіндіктеріне айрықша көңіл бөлетінін аңғарамыз. Оның шығармашылығын шабыттандыратын басты идеясы – адамның ішкі рухани әлемімен айнала қоршаған табиғат сұлулығы екені шүбәсіз. Ол шығармашылық жұмыстарында шексіздіктің тылсым құпиясын танып, оны жүрекпен көре біледі әрі терең ой-сана елегінен өткізе біледі. 

Берікжан Айтқұлұлының қылқаламынан туған табиғат туралы туындыларынан еліміздің асқар тауларын, қиырына көз жетпес ұлан-байтақ сар даласын, айдын-шалқар көлдерін, сағымды белдерін, арындап аққан өзендерін, қар жамылған қырқаларын, көк орайлы көк белдерін, жалпы, табиғаттың таңғажайып келбетін, көгілдір кеңістігін көріп жаның сырлы сезімге, рухани ләзатқа бөленіп, рахаттанып қаласың. Берікжан картиналарындағы әрбір сызықтың, әрбір бояу мен құбылыстың өзі ән салып, шырқап тұратын сияқты. Бұл суреттер поэзияға толы, лирикаға бай дүниелер. Графикалық туындылары да оның маман суретші ретіндегі талантының жарқын көрінісі. 

Б. Әлмұханбетовтың көп уақыты мемлекеттік және басшылық қызметте өтті. 1989-1991 жылдары Қазақ КСР халыққа білім беру министрлігінің тәрбие басқармасында бас маман, 1991-1994 жылдары Білім министрлігінде тәрбие басқармасының бастығы болып қызмет істесе, 1994-1996 жылдары ҚР Министрлер кабинетінің саяси-әлеуметтік, содан соң ішкі саясат бөлімінде аға реферант лауазымдарын атқарды. 1996 жылы Білім министрлігінің қарамағындағы білім департаментінің кәсіби және қосымша білім беру бөлімінің басшысы, 1997-2007 жылдар аралығында республикалық басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыратын институтының директоры болды. Өзінің ұйымдастырушылық қабілетімен көзге түскен Берікжан Әлмұханбетов 2007 жылы «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының Бас директоры болып тағайындалды. Осы жұмыстың аясында «Бөбек – 2» орталығының және «Өзін-өзі тану» институтының құрылысын толық аяқтауға қол жеткізді. 

2009 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне қайта оралған Берікжан Айтқұлұлы алдымен осындағы көркемсурет факультетінің деканы, кейін Педагогика және психология институтының директоры болып қызмет істеп, бұл құрылымдық бөлімдердің жұмысын жоғары деңгейге көтерді. 
Әрине, әр алуан мемлекеттік қызмет, басшылық жұмыс өнер адамының шығармашылығына көп қиындық туғызатыны белгілі. Соған қарамай Берікжан   Айтқұлұлы педагогика және өнер саласында көптеген жетістікке қол жеткізді. 

«Адам – өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар, түр беруге, оны әшекейлеп өрнектеуге еңбек етеді», – депті майдангер публицист Баубек Бұлқышев өз заманында. Бұл рас сөз. Шығармашылық жұмысты ғылыми-педагогикалық және лауазымды мемлекеттік қызметтермен тығыз ұштастырып, өзінің күнделікті қым-қуыт тіршілігін уақыт тауып, өнермен өрнектеген Берікжан бауырымыз өз өмірінің де ажарын айшықтай білген азамат. «Шын беріле қызықтаған нәрсе ғана адамның жүрегінен орын алады» деп әл-Фараби айтқан осы ұлағатты сөз Берікжанның болмысына сай келетін сияқты. 

Мырзахан АХМЕТ, 
Абай атындағы ҚазҰПУ қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы

Қатысты жаңалықтар

Әділетті қоғамның алтын арқауы

Әділетті қоғамның алтын арқауы

04.07.2026
Қоныстойға келіңіздер!

Қоныстойға келіңіздер!

04.07.2026
Ұлттық домбыра күніне орай Қазақстанда 2000-нан астам мәдени іс-шара өтеді

Ұлттық домбыра күніне орай Қазақстанда 2000-нан астам мәдени іс-шара өтеді

04.07.2026
Арқа ауруы, миопия, диабет: Жастар арасында қандай дерттер көбейді?

Арқа ауруы, миопия, диабет: Жастар арасында қандай дерттер көбейді?

04.07.2026
Алакөлде тоғыз адамнан тұратын отбасы құтқарылды

Алакөлде тоғыз адамнан тұратын отбасы құтқарылды

04.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.