Талдықорған: +7°C
$ 514.74
€ 599.36
₽ 6.71
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

АДАМГЕРШІЛІКТІҢ ҮЛГІСІ

07.07.2024
КҮЛТӨБЕ
АДАМГЕРШІЛІКТІҢ ҮЛГІСІ
WhatsAppTelegramFacebook

Ұстаз бейнесі – шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғары үлгісі. Ұстаздың лаулаған жалыны әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың, өмірдің қайнар көзі. Тіршіліктегі шырақтың сөнбес ошағы. Ұстаз – өзінің бар күшін, бүкіл өмірін бала тәрбиесіне арнаған асыл жан. Талай шәкірттің қанатын қатайтып, үлкен өмірге аяқ басуына себепкер болған ұлағатты ұстаздың бірі – Назигүл Болатқызы.


Талдықорған қаласының облыстық №2 мектеп-интернатында 2006 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан Назигүл Каримовадан білім алған шәкірттері бақытты. Аталған мектеп-интернатта тәрбиеші лауазымынан қызметін бастап, өзінің кәсіби біліктілігімен, ұшқыр ойымен, саралы сөзімен көзге түскен, зияты зақымдалған балалардың мүмкіндіктерін, ерекшеліктерін, психологиясын терең түсініп, оқушылармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін ұлағатты ұстазға айналды. 

Қасиетті де қастерлі «Ұстаз» сөзінің астарында терең білім мен ғылым, махаббат пен сүйіспеншілік жатқанын байқай бермейміз. Ұстаз болу кез келген адамның қолынан келе бермейтін іс. Шәкірт тәрбиелеу, оны биікке жетелеу, қанаттандыру, жаны мен тәнін, болмысы мен барын беру тек ұлағатты ұстаздың қолынан келеді. Назигүл Болатқызы жақсы қасиеттерді бір бойына жия білген, абыройлы, сыйлы ұстаздың бірі десем артық айтқандық болмас.

Назигүл Болатқызы тек оқушыларға ғана емес, осы интернаттың жас мамандарына да бағыт-бағдар беріп, жол көрсеткен білікті тәлімгер. Жоғары оқу орнын бітіріп келген жас маманға қашанда қол ұшын беріп,  көмек көрсетуге дайын тұратын, балалармен жұмыс жасаудың қыр-сырын үйретуден жалықпайтын аяулы жан. Өзінің білім мен біліктілігін арттырып, тәжірибесімен бөлісіп, әдістеме жағынан талай маманға көмектесіп жүретін жақсы қасиеті тағы бар.  

Соңына өшпес із қалдырған аяулы жанның жақсылығын бір кісідей көргеніме шексіз қуанамын. Қасиетті білім шаңырағында алғаш кездескен сәттен бастап жақсы маман болып қалыптасуыма бар күш-жігерін арнады. Ұстаз ретінде ұстаз болудың сара жолын көрсеткен жанға алғысым шексіз. Бойымдағы қорқынышты жеңуіме, жас буынымды қатайтуыма, мамандығыма деген махаббатымды еселеген аяулы да ардақты жанға мәңгі қарыздармын. Жақсы адамнан, жақсы маманнан білімді болуды, табандылықты, тәуекелге бел бууды үйрендім. 

Ұстаздық пен тәлімгерлікті қатар алып келе жатқан білікті маман Назигүл Болатқызы нағыз жанашыр жан, ұлағатты ұстаз. Жақсылыққа жаны құмар жанның жаны жамандық көрмесін деп тілеймін. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік нұрын  төгіп жүре беруіңізге шын жүректен тілектеспін.

Бұлбұл МУХАМЕТСАРИЕВА, 
 Талдықорған қаласының облыстық №1 балабақша-мектеп-интернатының директоры, педагог-дефектологы
 

Қатысты жаңалықтар

Димаш Құдайбергенге латвиялықтар ерекше сыйлық жасады

Димаш Құдайбергенге латвиялықтар ерекше сыйлық жасады

10.12.2025
Қазақстанда телефон алаяқтарына қарсы қорғаныс күшейеді

Қазақстанда телефон алаяқтарына қарсы қорғаныс күшейеді

10.12.2025
Бүгін ӘЧ-де қазақстандық 10 боксшы жартылай финалға жолдама үшін айқасады

Бүгін ӘЧ-де қазақстандық 10 боксшы жартылай финалға жолдама үшін айқасады

10.12.2025
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ. «ЖЕТІСУ» АЛҒАШҚЫ ОЙЫНЫН ӨТКІЗДІ

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ. «ЖЕТІСУ» АЛҒАШҚЫ ОЙЫНЫН ӨТКІЗДІ

10.12.2025
Жұмыссыз азаматтарға біліктілікті тегін растау мүмкіндігі ұсынылды

Жұмыссыз азаматтарға біліктілікті тегін растау мүмкіндігі ұсынылды

10.12.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.