Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

«Әділет үшін келдім»: Бағдат Амандосұлы қорғаушы құрамынан неге бас тартты?

26 мамыр 2025
КҮЛТӨБЕ
«Әділет үшін келдім»: Бағдат Амандосұлы қорғаушы құрамынан неге бас тартты?

Коллаж: Anyqtime.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Шерзат Болатқа қатысты Талдықорғанда өтіп жатқан сот ісінде қорғаушылар тобының ішінде келіспеушілік туындап, адвокат Бағдат Амандосұлы өз еркімен істен кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, қорғаушылар құрамында белгілі адвокат Мейірман Шекеев жетекшілік етіп келген. Алайда соңғы кездері топ ішінде пікір қайшылығы күшейіп, кейбір адвокаттардың шеттетілуіне себеп болған. Бұл туралы Бағдат Амандосұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазған.

«Мен бұл іске жауапкершілікпен келдім. Бірақ біреудің көлеңкесінде қалып, тек сырттан бақылаушы болғым келмейді. Аптасына екі рет сотта отырамын, қалған күндері дайындықпен айналыстым. Бірақ менің жұмысым еленбей, кей әріптестеріммен бірге шеттетілдім», — дейді адвокат.

Ол сот алаңының шоу емес екенін, мұнда адам тағдыры шешілетінін баса айтты. Адвокаттың айтуынша, бұл істе жеке амбиция мен бедел қуалау үстем болып кеткен. «Жұрт алдына тек мен шығамын», «тек мен ғана сөйлеймін» деген талаптар кәсібилікке жатпайды деп есептейді ол.

Бағдат Амандосұлының айтуынша, бұған дейін де адвокаттар Жандос Палманов пен Нұрболат Ибраев қорғаушы құрамынан алынып тасталған.

«Бұл істі халық бақылап отыр. Мен сол сенімді ақтағым келді. Бірақ мен хайп үшін емес, әділет үшін келгенмін. Біреудің абыройын көтеру үшін емес», — деп түйіндеді адвокат.

Ол нақты кім тарапынан шеттетілгенін ашып айтпады. Дегенмен әлеуметтік желі қолданушылары бұл жағдайды қорғаушылар тобының жетекшісімен байланыстырып отыр.

Қатысты жаңалықтар

Өрісі кеңейген Көксу

Өрісі кеңейген Көксу

27 қараша 2026
Жегені желкесінен шығады

Жемқорлықты әшкерелегендерге 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі

27 қараша 2026
Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

27 қараша 2026
Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

27 қараша 2026
Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

27 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.