Талдықорған: +29°C
$ 489.39
€ 567.50
₽ 6.69
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

АЭС-ТІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ МОЛ

16.09.2024
КҮЛТӨБЕ
АЭС-ТІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ МОЛ
WhatsAppTelegramFacebook

Елімізде АЭС салуға қатысты әңгіме көтерілгелі осы төңіректегі сан сауалға назар аударып, болашақ бастаманың оң мен солын зерделей бастадым. Осы саланың мамандарымен пікірлесіп, көкірегімде жүрген талай түйткілдің жауабын табуға тырыстым. Жасыратын несі бар, қазіргі күні экономиканы алға қарай жылжыту үшін бар мәселе электр қуатына байланысты болып тұрғанына халықтың көзі жеткендей.


Мамандардың пікірінше, атом энергиясы қуаттылығы жағынан көмір мен газдан әлдеқайда жоғары әрі сыртқа аз қалдық шығарады. Сондай-ақ, бүгінгі таңда АЭС өзінің жасыл энергия екенін дәлелдеді. Атом энергиясына балама жоқ екеніне біздің көзіміз жетті. Қазақстан уран өндіру бойынша көшбасшы, сондықтан бізге атом энергиясының таза және қауіпсіз түрін игермеске жол жоқ. Уранның Қазақстанның өз ішінде өндірілуі, қосымша қаржыны талап етпеуі де бұл саланың артықшылығын көбейте түседі. Осы саланың мамандары АЭС-тен алынатын энергия экологиялық ең таза әрі қауіпсіз екенін айтуда. Сонымен қатар, ол электр энергиясының сыртқа тәуелділігін азайтады.

Тағы бір жағынан, АЭС-тің өзге энергия көздерінен артықшылығы мол. Ол көмірқышқыл газын, метанды және басқа парниктік газдарды шығармайды. Көмір электр стансыларынан айырмашылығы, күкірт пен азот оксидтерін, қатты қалдық бөлшектерін, ауаға тарайтын ластаушы заттарды көбейтпейді. Күн және жел электр стансысына қарағанда едәуір жер көлемі қажет емес. Су электрстансылармен салыстырғанда құрылысы үлкен су қоймаларын құруды және аумақтарды су басудан туындайтын ландшафтқа аз әсер етеді. Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен жылу электр стансыларынан айырмашылығы, су қоймаларына зиянды заттарды төкпейді.

Электр энергиясын көмір мен мұнайға қарағанда уран әлдеқайда көбірек береді. 1 келі уран шамамен 170 жылға жуық электр қуатымен қамтамасыз етуге қауқарлы. Елімізде уран қоры жеткілікті. Сарапшылар 900 мың тоннадан астам уран бар екенін айтып, АЭС салынса, оны ұзақ жыл бойы отынмен қамтамасыз етуге болатынын айтады.

Тұрғындардың көпшілігі АЭС салу экологияға әсер етіп, қоршаған ортаның бүлінуіне әкеп соғады деп есептейді. Меніңше, оның экологияға және адам денсаулығына теріс әсері жоқ деуге болады. Біздің басты мақсатымыз неде? Болашақ ұрпаққа таза ауа, таза жер және таза су қалдыру. «Таза болса табиғат – аман болар адамзат» деген осыны білдіреді. 

Ғалымдардың айтуы бойынша, егер Балқаш көлінің жағасында АЭС орналасқан жағдайда және пайдалану кезінде судың қайтарымсыз шығыны көлдің табиғи булануынан әлдеқайда төмен болады. Қазіргі заманғы АЭС суды тұтынуды едәуір төмендететін жабық сумен жабдықтау циклін қолданады. 2021 жылғы зерттеу нәтижесі Балқаш көлінің су балансының шығыс бөлігі су бетінен 18,9 кмз көлемінде буланатынын көрсеткен. Ал, вендорлар ұсынған деректерде екі блокты атом электр стансысын пайдаланудан судың қайтарымсыз шығыны (булануы) жылына шамамен 63 млн.мз құрайды, бұл Балқаш көлі булануының 0,32%- на тең. Демек, АЭС Балқаш бассейні суына айтарлықтай әсер етпейді.

Күннің жарығы мен жылуы адам баласына қандай қажет болса, АЭС те еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылып, электр жарығынан таршылық көрмеуі үшін өте қажет. Ертеңгі күнді бүгін ойлаған дұрыс. АЭС-тің арқасында ең алдымен, тасымалданатын жарықтан құты-лып, өзімізде өндірілген жарыққа қол жетеді. Одан кейін экологияға зияны жоқ жасыл аймаққа айналамыз. Тағы бір пайдасы, атом энергетикасы Қазақстанда орналасса еліміздің барлық аймағын энергиямен қамту деңгейі артады. 

Атом электр стансылары бар мемлекеттер соның ішінде әсіресе уран өндіру және ядролық отын өндірісі бар елдер тек көмір немесе газ энер­гиясына негізделген елдерге қарағанда әлдеқайда дамыған деп есептеледі. Әлемде экономикасына АЭС пайда әкеліп отырған елдер аз емес. Атом энергиясын әлемде дамыған елдер ғана пайдаланып жатқан жоқ. Оны біз сияқты дамушы елдер өз игілігіне жаратып отыр.
 «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» дегенді жиі айтамыз. Сондықтан АЭС салудың түпкілікті мақсаты да болашақ ұрпақтың қамы деп білгеніміз жөн. 

Бекберген КЕРЕЙ,
«Байтақ» 
партиясының аппарат басшысы, эколог

Қатысты жаңалықтар

J-league. Кәсіби спортқа бастар жол

J-league. Кәсіби спортқа бастар жол

17.06.2026
Жетісудың ең тапқыр мемлекеттік қызметшілері анықталды

Жетісудың ең тапқыр мемлекеттік қызметшілері анықталды

17.06.2026
«Қала хикаялары» республикалық байқауы жарияланды

«Қала хикаялары» республикалық байқауы жарияланды

17.06.2026
Аида Балаева мемлекеттік тілді оқытудың заманауи әдістемесін әзірлеуді тапсырды

Аида Балаева мемлекеттік тілді оқытудың заманауи әдістемесін әзірлеуді тапсырды

17.06.2026
«Жастардың рухани ізденісі: дұрыс жолды қалай табу керек?»

«Жастардың рухани ізденісі: дұрыс жолды қалай табу керек?»

17.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.