Талдықорған: +18°C
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН МӘДЕНИЕТ ОШАҒЫ

02.01.2025
КҮЛТӨБЕ
ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН МӘДЕНИЕТ ОШАҒЫ

Жаңа жылдың қарсаңында «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында шалғайда жатқан Көктерек ауылында мәдениет ошағы ашылды. 


600-дей тұрғыны бар аядай ауылда Мәдениет үйі әбден тозған еді. Осыны ескерген аудан атқамінерлері бюджет қоржынынан 321 млн. теңге қарастырып, 2 қабатты 200 орынды Мәдениет үйін салуға мұрындық болды. Жаңа нысанда домбыра, вокал, әжелер ансамблі, қолөнер, би үйірмелері жұмыс істейді. 9549 кітаптық қоры бар кітапхана да су жаңа Мәдениет үйінде орналаспақ. Нысанның ашылуына қатысқан аудан әкімі Ғалымжан Маманбаев ауыл жастарын рухани кемелденуге бастайтын орталыққа айналсын деген тілегін де жеткізді.

 – Ауданымызда мәдениет саласын дамыту бойынша жан-жақты жұмыстар атқарылуда. Көктеректегі Мәдениет үйінің қайта жаңғыруы ауыл тұрғындары көптен күткен қуаныш еді. Бұл нысан ауыл жастарының өнер әлеміндегі қанатын қатайтып, биіктерге бастайтын қара шаңыраққа айналсын! – деді аудан әкімі Ғалымжан Маманбаев.

Жалпы, Көктерек ауылы – талай тума талантты түлеткен қасиетті мекен. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Жамағат Темірғалиев бастаған талантты буын ауылдың атын талай асқақтатқаны көне- көздерге белгілі. Сонымен қатар, өнертану ғылымдарының магистрі Гүлфайруз Далбағай, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының «Сазген» ансамблінде ұзақ жылдар жемісті еңбек еткен Ғалиябану Ерболғанова, Алматы және Жетісу облыстарының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасында лауазымды қызмет атқарған Айгүл Сабитова және басқалар көкейінде оты бар жас таланттарға үлгі-өнеге болып келеді.

Мәдениет үйінің ашылуы шынында ауыл жастарын қанаттандырғандай. Ауылда жастайынан өнерімен танылған Айзере Башай Көктеректің атын алыстан шығаратынын, туған жерін көркем әнмен көмкеретінін сөз  етті.

– Ауылымыз үшін ерекше сәт. Өнерсүйер жастарға үлкен мүмкіндік ашылып, қолайлы жағдай жасалып отыр. Сол үшін ел ағаларына алғаусыз алғыс, – дейді жас өнерпаз Айзере Башай.

Жақсылық ИГІМАН
 

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда бәйгеден Қазақстан чемпионатының үшінші кезеңі өтті

Талдықорғанда бәйгеден Қазақстан чемпионатының үшінші кезеңі өтті

19.05.2025
Талдықорғандықтарды тәнті етті

Талдықорғандықтарды тәнті етті

18.05.2025
Жанкүйерін қуантпай тұр

Жанкүйерін қуантпай тұр

18.05.2025
Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

18.05.2025
Сот шешімін орындамасаң  жаза бар

Сот шешімін орындамасаң жаза бар

18.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.