Талдықорған: +34°C
$ 467.98
€ 533.87
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҚАЙДАН КЕЛЕМ, ҚАЙДА БАРАМ, БЕЛГІСІЗ…

23.08.2020
КҮЛТӨБЕ
ҚАЙДАН КЕЛЕМ, ҚАЙДА БАРАМ, БЕЛГІСІЗ...
WhatsAppTelegramFacebook

Адам  естеліктермен өмір сүреді» дейді. Мүмкін. Яки, естеліктерсіз адамдар да болмас еді. Мұның растығын әйгілі ақын-жазушылардың шығармашылық жолына қарап та аңғаруға болады. Мысалы, олардың өткен ғұмырына үңіліп көрсеңіз, барлығының дерлік бастау дүниелері ыстық махаббатқа, құштар сезімге толы. Өзегі от, жанары жалын. Жалын атқан жастығы жүрек қазанын қайнатқан жас тұлпар есейе келе ешбір мәжбүрліксіз-ақ мұңлы, шерлі, зарлы мәтінге ауысады. Яғни, жалғыздыққа ұрынады. Өмірден түңілу, тағдырға риза болмау, қоғамға көңілі толмау, адамдардан теріс айналу, тағы басқа. Және ол эволюциялы түрде жүзеге асады. Өмірден көңілі қалған шайырлар тіпті өзі қиялдан жасап алған әлемнің тар қапасынан шыға алмай, өзінен-өзі торыға бастайды. Неліктен? Бұл – ақын жанының нәзіктігінен, аңғарымпаздығынан, жараланғыштығынан, ешкімге ұқсамайтын оқшау жаралғандығынан, тылсымдығынан болса керек. Әуелде әлем жаралғанда сонымен берге қалыптасқан осы дағды бүгінгі ақын-жазушыларға да желісі үзілмей жетті. Бүгінгі жыр кестелеп жүрген кез келген танымал ақынның өлеңдеріне тереңірек үңілсек, оған анық көз жеткіземіз. Дегенмен, ойды жеткізуде әр уақыттың өзіндік тілі, стильдік ерекшелігі, ырғағы, үні, дауысы, кеңістігі, атмосферасы болатынына ешбір шүбәміз жоқ. 


Бір анығы, өмірдегі ақиқаттың бәрін ақылдың көмегімен түсіндіру мүмкін емес, оны түсіну үшін ақындыққа жүгінуге тура келеді. Ал, сөз патшасы өлеңнің өмір мен ақиқатты түсіндіру туралы сурет пен ой кестелеу мүмкіндігі шексіз. Біз ақын шығармашылығын саралағанда көбіне поэзия патшалығына не қосты, қандай жаңалық әкелді деген сауалдар төңірегінде сөз қозғауға әдеттенгенбіз. Онымыз дұрыс та шығар. Мұның сыртында жанымызда, таным, сенім көкжиегімізде қандай да бір өзгеріске сеп болды ма деген сауалдарды да айналып өте алмаймыз. 

Соңғы кезде ар, ұждан, намыс, ұят сынды ізгі құндылықтар мейлінше кеміп, оның орнын аярлық, арсыздық, намыссыздық, қаралық басуда. Сол қаралықтан көңілі қалып, шаршаған адамдар бір-бірінен жан жылуын, алақан жылуын іздеп әуре. Ал, табиғатында аңғал, ақкөңіл, жақсылыққа жаны құмар ақын адам қасқыр мен түлкіге айналған қоғамнан безіп, өз өмірінен мән іздеп, мағына іздеп шарқұрады. Осы арпалыс пен айқас бірде оның ішкі наразылығын тудырса, бірде жыр тудырады.
Жылуы жоқ осы да өмір ме екен,
Қайтсем, жаным, өзімді көңілді етем?
Міне, жылулық нәрге зәру ақын наласы!.. Шыбын жаны шырылдаған шайыр бойынан жылу жоғалса, сол сәттен өмір де өз мәнін жоғалтады. Бұл не дегені? Яки, тіршілік әлдебір жылы дүниеге тәуелді. Мысалы, бала алақан жылуына, ғашық жүрек жылуына, жер күн жылуына мұқтаж. Күннің жылуы болмаса, жерді тоң-тоң сірескен мұз басып жатар еді. Жүрек жылуы болмаса, адамдар бір-біріне соншалық ынтызар болмас еді. Болат ақынның іздеген жылуы осы – жүрек жылуы. Керек десеңіз бұл жылу жалғыз ақынның іздеген жүрек жылуы емес, беріден қайырсақ, талай қазақ баласының іздеген жүрек жылуы. Әріден қайырсақ бүкіл адамзат баласының іздегені де осы мейірім емес пе?..

Ақынның іздеген бұл жүрек жылуы – әлдекімдерден көңілі қалған, әлдебіреулерге алданған, әркімдерден түңілген, өмірден опық жеген, әр нәрселерден бас тартқан талай мұңға жүкті жүректердің драмалық сұлба-кескіні секілді. 

Ақынның көтеріп отырған мәселесі шын мәнінде осы – өмірден опық жеген жүрек драмасы.
Жылуқұмар жылы өлең бүлкілінен,
Гүлдің иісі аңқиды күн тілінен.
…Бұл жалғанның жанары суып кетті, 
Күллі әлемнің мұң тамып кірпігінен.
Өлеңді оқып отырып, біреу үстіңе суық су шашып жібергендей селк ете түсесің. Селк ете түсесің де өзіңнен- өзің тітіркеніп кетесің. Сонан соң ақынмен бірге тоңып, ақынмен бірге қалтырап жаурай бастайсың. Кенет «гүлдің иісі аңқыған күннің тілін» сезесің. Оны сезінуің мұң екен, әлдебір жылы дүние тамыр-тамырыңды қуалап жүгіре жөнеледі. Күн нұрынан қуат алған гүлдей өлең іздеген ақын жыр жолдарына жан жылуын бере отырып, жанары суып кеткен әлемнің бейнесін айнытпай суреттей білген. Өлеңді әрі қарай оқиық:

Періште ме, пері ме, пішіндегі,
Жымияды бір белгісіз ішімдегі.
Жүрегіме бір жылу жетпей жатыр
Хақ тағала хақиқатын түсінгелі.

Адалдықпен анттасқан, сірә, қаным,
Құлқынымды құрдымға құлатамын.
Бір жылылық іздеймін өз ойымнан –
Күрежолдың бойынан күретамыр.

Сезім екен Күннен де оты күшті,
Бұзып-жарып барады бекіністі.
Жылуқұмар жанымды жылы күнде,
Жан ұқпай жүр – сол ғана өкінішті.
Мұнда ақын қара бастың қайғы-шерін біреуге ақтарайын деп отырған жоқ, ағынан жарылу арқылы өзінің ой-пиғылын, жанын кірден тазартуды мақсат еткендей. «Жүрегінің түбіне кір жасырмай» (М. Мақатаев) ағынан жарылу – кіршіксіз таза ақындарға ғана тән қасиет. Қарап отырып аяйсың. Оның жанында бірге болғың келеді. Сырласып, шер бөліскің келеді. «Жүрегіме бір жылу жетпей жатыр, Хақ тағала хақиқатын түсінгелі» – бұл әуелі өзіңді түсінетін мұңдас, сырлас, рухтас жанды іздеу, жылы алақанды аңсау. Сонан соң ақ жүрек қаймана қазаққа ғана тән «қуанышты бөліссең, көбейеді» деген әрекетті іске, амалға айналдыру.
Осы тұста Болаттың өлеңдерінен бірнеше үзіктер келтіре кетудің реті келіп тұр.
Қара жердің қайғысын шолып бара 
                                      жатырмын,
Жарығы жат жалғанда тоңып бара
                                            жатырмын;
Немесе:
Тас түнектей қалпыма мұз қатады,
Табаныма тас төсеп мұздатады.
Түндігімді турап сап төртбақан түн,
Таспа тіліп жанымды сыздатыды;
Тағы бір өлеңінде:
Кеудемде от жоқ, құсалы түкірігім
                                        жұттым,
Бос қуыс қалған ішімде запыран 
                                               сықтым;
Сондай-ақ:
Жылы ағаш, жылы жырға жерікпін…
Қысқасы, бұған дейін ақ боз атты сезімдер мен ақ қанатты армандарға бөленіп келген өлеңдерге әбден еті үйренген қалың оқырман кенеттен әр пенденің кеудесінде дүрс-дүрс соққан жұмыр еттің бұлардан басқа да алданыштары мен уайым-қайғылары бар екендігін, енді ақындар бұрынғыша өзгенің ғана әуенін әлдилей бермей, әркім ең әуелі өзінің жүрегіндегі қайғы-қасіретті, өзінде жетпей жатқан жылуды жырлауы керектігін түсінді. Сөйтіп, «жылы жырға жерік» ақын «қазіргі өлеңдерінде жылу жетпей жатыр» деп айғай салды. Тек айғай салып қойған жоқ, Есенинше айтқанда, «өз жанын әбден қинап, қансырап барып, өзге жанның дертіне шипа табудың» өзге жолы бар екендігін ұқтырды. Сонда деймін-ау, ақын өз жанын әбден қинап, неге өзгенің дертіне шипа іздейді? Ақын ақылдан, ойдан, сезімнен азап шегуге неге құштар?.. Материалдық құндылықтар салтанат құрған қазіргі заманда мұны түсіну оңай емес.

Болат – ойшыл ақын. Өз айтары бар философ шайыр. Оның кез келген өлеңінің астарында үлкен философиялық пәлсапа жатады. Бірақ, нақты түйінін айтпайды, оны оқырманның өзіне қалдырады. Ақынның өзгеге ұқсамайтын ерекшелігі, міне, осында.
Ақынды сөйлетейік:
Барар жерім беймәлімдеу…
Сеземін.
Шығар тауым ол да жұмбақ… 
                                    беймәлім;
Әрі қарай:
Қайдан келем,
Қайда барам – белгісіз,
Белгісіздік бәріміздің барар жақ;
Әйтпесе:
Бұл дүние алабажақ
Біз деген
Өтіріктен жіп өруге шеберміз.
О дүниеге жүз кетісіп, жүз келем,
Пешенеге бұйырғанын көрерміз…
Ой бар ма? Бар. Пәлсапа бар ма? Бар. Ұйқсас бар ма? Бар. Жүйе бар ма? Бар болғанда қандай! Ал, өлеңдегі «О дүниеге жүз кетісіп, жүз келу» – бұл жерде «ар-ұят» мәселесі негіз болып тұрғандай. «Ұяттан мың өліп, мың тірілу» сарыны бастауын әл-Фарабиден алып, Жүсіп Баласағұнмен үндесіп жатқан Абай пәлсапасында да бар. 

Осы өлең жолдарынан Болат ақынның жұмбақ болмысы, құпия сыры, сенімі көрініс тапқандай.
Біле білсек, ақын өлеңді ең алдымен өзге үшін емес, өзі үшін жазады. Неге? Өйткені, ақын өлеңнен «жанға шипа, тілге дерек» (Абай) іздейді. Ал, өзгелер ақын өлеңінен өзін табу үшін оқиды. Бар мәселе осында ғана.

Олай болса «жанға шипа, тілге дерек» іздеген ақынның жүрек зарын тыңдайық:
Қашып келем жан ұшырып… Өзімнен,
Басым ауған жаққа қарай аңырап.
Қашып келем соқыр, мылқау сезімнен,
Қарсы алдымнан жұлдыздарым 
                                             жамырап.
Қашып келем… менің сорлы сорыма,
Қашқанымда қайда барып тығылам?
Өрмекшінің от қойғызып торына,
Кеудемдегі қасқырларым ұлыған… 
Адам көңілі толмайтын, көргісі келмейтін адамдардан қашса бір басқа, ал адам өзінен-өзі қалай қашады? Иә, иә, қашады екен. Бірақ, өзінен қашқанда қайда барады?.. Өзгеден қашып құтылсаң-ау, өзіңнен қалай қашып құтылмақсың?! Ол қайда барсаң да ізіңнен бір елі қалмай еріп жүретін көлеңкең сияқты… Ақын бұл өлеңін былай түйіндейді:
Қашып келем… жан өртеніп, құдай-ай,
Қашқанымда қайда барам – білмеймін.
Басым іші алағай да бұлағай,
Құлағына тышқан кірген пілдеймін…
Өлеңді оқып отырып өзің де ақынмен бірге «әлдеқайда жан ұшырып қашқың» келеді, «өртеніп кеткің» келеді және соған оқырманын сендіреді. Бұлай ағынан жарылу, алдында айтқандай, тек кіршіксіз таза ақынға ғана тән қасиет болса керек.

Ақын тағы бір өлеңінде осы пәлсапаны дамыта былай жырлайды:
Қоңыр қаз қанатында қалған шұбар,
Қара судай қарайып болған шығар.
Абай ішкен у мен дерт баяғыда,
Жүрегімнің басына толған шығар…
Бір тұсында:
Қоңыр қаз, сен де мендей шерлі ме едің,
Мейірімге шөлдеген кемді ме едің.
Жалғанның жанын жаншып дауыс сала, 
Бір жапырақ ішімде өлді менің.
Соңында:
Құтқара алмас ешкім де сенен мені,
Сезесің бе, айтады Өлең нені?
Төбеден көз салам да, жүрегі жоқ
Адамдарды аяймын төмендегі.
Ақынның бұл жырынан қоғамда «жүрегі жоқ адамдардың» үстемдік алып келе жатқандығын сезіну байқалады. «Қоңыр қаз» – Абай айтқан «толық адамның» прототипі. «Іште өлген жапырақ» – жанайқай. «Жүрегі жоқ адамдар» – адам деген ардақты аттың аяқ асты бола бастағандығы. Ендеше, адамдық келбетін жоғалта бастаған қоғам аяныш сезімін тудырмай қоя ма? Аяйсың. Аяй отырып, қара судай қараясың. Жаның жаншылып отырып, дауыс саласың. Бірақ дауысыңды еститін кім бар?

Құдай-ау, бұрын қалай байқамағам,
Адамдардың екі жүзді екендігін;
Әйтпесе:
Құдай-ау, бұрын қалай көрмегенмін,
Қоғамның сатқындықтан тұратынын…
Ақын көзі іріп-шіріп бара жатқан қоғамды қалай көрсе, жүрегі солай қабылдайды. Ақын жүрегі оны қалай қабылдаса, сол күйінде жалпақ әлемге жар салады. Қоғамға көңілі толмаған соң, адамдардан теріс айналған соң, жалғыздыққа ұрынбағанда қайтеді. Шайырдың «Тірлік – осы, жандалбаса, жаншылған, тірілерден бір таяныш таппадым» деуі сол себептен. Рухани әлемнен жанына сусын, дертіне шипа іздеген адам материалдық құндылықтарға, ұсақ-түйекке мойын бұрмайды. Өйткені шын ақынның аңсары – аспанда, шырқау биікте. Рух тазалығында. Рухы таза адам Алладан басқа ешкімге мұқтаж емес.
Рухы таза адам тек адамгершілік құндылықтар мен жылы жүрекке ғана зәру.

Жанталасам суға түскен балықтай,
Ернін сонша шүйіреді қара аспан.
Қауырсыны жұлым-жұлым
Жан ұқпай
Мен қоңыр қай үйірінен адасқан, – деуі сондықтан.

Осы тұста қазақтың ақбөкен ақыны атанған Болат Шарахымбайдың өлеңге келуіне байланысты кейбір алып-қашпа әңгімеге өз ойымды білдіре кетсем деймін. Баршаға мәлім, хакім Абайдың өзі де өлең жазуды ерте бастағанымен, үлкен әдебиетке кейіндеу қосылған. Оны үлкен әдебиетке «жетелеп» әкеп қосқан, сөйтіп «тобықтының ту ұстар баласынан» «қазақтың бас ақыны» дәрежесіне дейін көтерген Ә. Бөкейханұлы, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы, М. Жұмабайұлы, тағы басқалар бастаған Алаш қайраткерлері. Анығы, Абай қатарға кейіндеу қосылса да, қазақ әдебиеті тарихындағы қонысы мызғымас әрі мәңгілік болып қалды. Мінеки, біздің Бөкеңнің тағдыр жазуы да Абай атасына өте-мөте ұқсас – өлең жазуды ерте бастағанымен, ақын ретінде қатарынан кешеуілдеу танылды. Баспасөзде сирек көрінді, атынан ат үркетін ағаларын сирек жағалады, ал тұңғыш жинағын қырықтан асқанда шығарды. Жастық шағы осылай «бақытсыздау» өтті. Түсінгенге, кеш дегеніміздің өзі шартты нәрсе ғой. Кеш десек те, ол уақыттан кешікпеген сияқты. Қадыр Мырза-Әли: «Бақытты адамнан бақытты ақын шықпайды» депті. Оны айтасыз, Бақыт пен Ақын бірін-бірі жоққа шығаратын кереғар ұғымдар емес пе?!. Сондықтан, Болатты поэзияға кешеуілдеу келді дегендер, қателеседі. Ол дер кезінде, мезетінде келді. Ол өзін іркіп келді. Сілкінетін сәтін күтті. Міне, енді сол Шарахымбайыңыз өз «шедеврлерін» шетінен оқырмандарға ұсынып жатыр.

Тағы бір ой мазалады. Меніңше, әдебиеттанушы, әдебиет зерттеушісі болу бір бөлек те, дарын иесі болу бір бөлек! Мәселен, мен өзім журналистиканы бітірдім. Көп адам сөйтеді – өз өмір-тағдырын болашақта жазушылықпен байланыстырғысы келетіндер журналистикада оқығанды қолай көреді. Бір жағынан бұл дұрыс таңдау. Өйткені, журналистикада жазу-сызудың қыр-сырын терең үйретпесе де, бірсыпыра оқытады. Сөйте тұра болашақ мықты ақын-жазушылардың басқа мамандықтың иесі болғаны жөн сияқты. Неге? Бізде әдебиет теориясы деген ресми ғылым бар. Журналистикада тиіп қашты, филологияда тереңірек оқытады. Бірақ, тереңірек үңіліп қарасаң, көркем әдебиетте теория болуы мүмкін бе?! Мүмкін болса, жұрттың бәрі сол теориямен қаруланып әйдік ақын-жазушы болар еді ғой. Неге олай істемеген? Тіпті, арамызда журналистиканы бітіріп, табақтай диплом алып, екі сөздің басын дұрыс құрай алмайтындар да бар. Ал, менің ойымша, қанша дарын болса, сонша көзқарас, сонша тәсіл, сонша «теория» бар. Сөз өнерінің құпиясы көп, тылсымы терең. Онда әркім өзінше Колумб болғысы келеді. Ол қайткенде өз «Америкасын ашуға» жанын салады. Ал, әдебиетте өз «жаңа жерін» ашқан таланттар аз емес. Солардың қатарында Антон Чехов, Михайл Булгаков, өзімізден Зейін Шашкин бар. Осы аты аталған мықтылардың үшеуі де дәрігер. Олжас Сүлейменов – геолог, Тоқаш Бердияров – майдангер-мүсінгер, Иран-Ғайып пен Қасымхан Бегманов – тау-кен инженері, Жұмекен Нәжімеденов – шахтер, Таласбек Әсемқұлов – музыкант, Маралтайдың кәсібі –  суретші, Дидар Амантай болса – философ. Әдебиетте даңққа бөленген физиктер, математиктер, финансистер, заңгерлер де бар. Ал, Болат Шарахымбай – филолог. Қуантатыны да – осы. Өйткені, журналистикаға қарағанда филологияда әдебиет теориясын жан-жақты әрі терең оқытады. Әдебиетші Болат та, ақын Болат та осы теориямен жақсы қаруланғанға ұқсайды.

Кез келген ақын үшін ұстанатын екі жол бар. Басқа таңдау жоқ, болуы мүмкін де емес. Оның бірі – ақиқат жолы болса, екіншісі – таным жолы. Ақынның жүректен шыққан сөзі мен танымы оның ақыл-ойының нәтижесі, яғни өзінікі болғанымен, түптің түбінде сол ақиқаттың өзі болып табылады. Ал ақиқат туралы бұған дейінгі адамзаттың озық ойлы даналары көп айтып өткен. Мәселе сол адамзатқа ортақ шындықтың биігіне жете білуде. Өлең сөзде осындай биікте өз ақиқатын айта алып жүрген жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар дарынды ақындарымыздың бірі – Болат Шарахымбай.

Қайрат ДҮЙСЕН-ПАРМАН
 

Қатысты жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: Саяси трансформацияның жаңа кезеңі

Құрылтай сайлауы: Саяси трансформацияның жаңа кезеңі

08.07.2026
«Жетісу» – «Алтай»: Талдықорғандағы тартысты ойын

«Жетісу» – «Алтай»: Талдықорғандағы тартысты ойын

08.07.2026
Текелідегі экофестиваль: Тазалыққа бағытталған игі бастама

Текелідегі экофестиваль: Тазалыққа бағытталған игі бастама

08.07.2026
Асқар Садықов: «Денсаулық сақтау саласындағы конституциялық кепілдіктер – облыстың әрбір тұрғыны үшін нақты өзгерістер»

Асқар Садықов: «Денсаулық сақтау саласындағы конституциялық кепілдіктер – облыстың әрбір тұрғыны үшін нақты өзгерістер»

08.07.2026
Баға бақылауда: Нарықта не төмендеді?

Баға бақылауда: Нарықта не төмендеді?

08.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.