Талдықорған: +35°C
$ 473.40
€ 539.39
₽ 6.07
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

«ҚАЙРАТТЫҢ ДАУЫСЫ ҚҰЛАҒЫМНАН КЕТПЕЙДІ». ЖЕЛТОҚСАН КӨТЕРІЛІСІ

15.12.2022
КҮЛТӨБЕ
"ҚАЙРАТТЫҢ ДАУЫСЫ ҚҰЛАҒЫМНАН КЕТПЕЙДІ". ЖЕЛТОҚСАН КӨТЕРІЛІСІ
WhatsAppTelegramFacebook

Желтоқсан көтерілісінің болғанына 40 жылға жуықтапты. Сондағы өрімдей жастар қазір алпысты алқымдаған аға буынға айналды. Олардың қатары  жыл өткен сайын сиреп те барады.  М. Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері Үсіпхан Сейтімбет те өткен күндерді жанары жасқа толып еске алады. 

Үсіпханның әкесі Әбдікерім 1942 жылы шаңырақ көтерген екен. 40 күннен кейін оны соғысқа алып кетеді. Қан майданды кешіп жүріп 1946 жылы туған жеріне бір-ақ оралыпты. Өмір-ай, десеңізші?! Әкесінің тағдырын Үсіпхан да қайталайды. Үйленгеніне 40 күн толғанда Желтоқсан оқиғасы басталады. Ары қарайғы үш жылы азаппен өтеді. 
– Алматы театр және көркем- сурет институтының 4-курсында оқып жүрген кезім. Өзіммен бірге оқыған Гүлнар екеуміздің көңіліміз жарасып, 4 қараша күні некемізді қиып, үйлену тойын жасадық. Бақыттан басымыз айналып, дипломдық жұмысқа құлшына кірісіп кеттік. Арманымыз асқақ еді! Бірақ, алдымызда қиын күндердің күтіп тұрғанын біз қайдан білейік?! 40 күннен кейін өміріміздің астан-кестеңі шықты. Жанымызбен қайғы боп кеттік, – деп ауыр күрсінді Үсіпхан аға. 
– 1986 жылы 16 желтоқсанда сағат 14.00-де Шолпан Жандарбекованың «Актерлік шеберлік» сабағы өтетін болған. Апайымыз ешқашан кешікпейтін. Бірақ сол күні кешікті. Көңіл-күйі жоқ. Біз Қонаевтың орнына Колбиннің келгенін бірінші рет сол кісіден естідік. «Бүгін сабақ болмайды» деп студенттерді таратып жіберді. Кешкі сағат 21.00-де Гүлнар екеуміз жатақханада шай ішіп отырғанбыз. Құрманғазы Айтмұрзаев деген курстасымыз кіріп келді. «Жастар ертең алаңға шығамыз деп жатыр. Бейбіт шеру ұйымдастырмақшы. Біз де қосылайық» деді. Содан кейін Бақтыбек Иманғожаев, Аманбай Қанетов, Құрманғазы және мен қаладағы біраз институттың жатақханаларына барып жастарды алаңға шығуға үндедік. КПСС тарихын ақтарып, ондағы Лениннің «Әр ұлтқа – өз басшысы» деген сөзін ақ матаға түні бойы жазып, «күн көсемнің» портретін тауып алып, оған ағаштан ұстағыш орнаттық.
Таңғы сағат 9.00-де 150 студент Космонавтар көшесімен алаңды бетке алдық. Жол-жөнекей жастар арамызға қосылып, санымыз арта түсті. Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әнін әуелете «28 панфиловшылар» паркіне дейін жеттік. Түс қайта Гүлнар екеуміз отауымызға оралдық. Кешке қарай жатақханалардың есіктері тарс жабылып, біз сыртқа шыға алмай қалдық. Ары қарайғы жағдай белгілі ғой, – дейді Үсіпхан Сейтімбет.
Көп ұзамай төртеуін ұстап алып, тергеу басталады. Олардың жатақханаға барып үгіт-насихат жүргізгені сондағы кезекшілердің журналына жазылып қалған екен. Тергеу изоляторындағы азап басталады. 6 ай тар қапаста көрмеген қорлығы жоқ. 8 адам жататын камераға 26 адамды бір-ақ тоғытқан. Зайыбы Гүлнарды да тергеудің астына алып, жанын әбден қинаған екен. «Әйелімде нелерің бар, мен жетпей жатырмын ба сендерге» деп Үсіпхан жендеттерге жанайқайын жеткізеді. 
– Қайрат Рысқұлбековпен көрші отырдық. Мен 51-ші, ол 49-шы камерада болды. Терезедегі темір тордан бір-бірімізбен сөйлесеміз. Сонда Қайрат «Аға, менің ешқандай жазығым жоқ. Маған жалған айып тағып отыр» дейтін. Мен «Уайымдама, бауырым! Олардың дәлелі жоқ болса, көп ұзамай бостандыққа шығасың» деп басу айтамын. Бір күні есіктің саңылауынан Қайратты әкетіп бара жатқанын байқадым. Сол күнге дейін оны көрмеген едім. Тура суреттегі сол бейнесі. Кейін оны жертөледегі жалғыз өзі отыратын камераға алып кетті… 
Жаздың шіліңгір ыстығында тар қапаста отыру нағыз азаптың өзі! Бізді, бір сөзбен айтқанда «сындырды». Айыбымызды «мойындап», тезірек абақтыға баруға асықтық. Күзге қарай Қостанайдағы Құсмұрын стансысындағы түрмеден бір-ақ шықтық қой, – дейді Үсіпхан аға.
1989 жылы түрмеден шыққан соң, Үсіпхан аға оқуын қайта жалғастырады. Бүгінде елімізге белгілі театр актеры атанды. «Құрмет» орденінің иегері. Гүлнар апамыз  екеуі өнер жолында талмай еңбек етіп келеді. 
– Біз алаңға бейбіт шеру жасаймыз деп барған едік. Бірақ оның арты арандатушылаққа ұласып кетті. Тура кешегі Қаңтар оқиғасы сияқты. Өрімдей жастар өлім құшты, абақтыға қамалды, мүгедек болды. 
Менің қуанатыным, төгілген қан мен тер босқа кеткен жоқ. Біз Тәуелсіздікке қол жеткіздік! Сондықтан Желтоқсанда бас көтерген жастардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Сол оқиғаға қатысқан әрбір қазақ нағыз батыр! Ендігі кезекте Үкімет тарапынан Желтоқсанға қатысқандарға арнайы мәртебе беріп, оларға әлеуметтік көмек көрсетілсе екен дейміз. Көбісінің денсаулығы жоқ. Тегін ем-дом алуға, пәтер ақысын төлеу үшін жеңілдік жасауға болады ғой. Өйткені «желтоқсаншылар»  соған лайық! Азаттық үшін жалынды жастығын, қыршын өмірін арнады!  – деп әңгімесін аяқтады Үсіпхан аға.

Жүрегінен жас тамшылағанын сездік. Иә, ағамыз дұрыс айтады. «Желтоқсанды ұмытқан күні, қазақ өзін ұмытады» деген Сағат Әшімбаевтың аталы сөзі осындайда еске түседі. Қаһармандарға тік тұрып, құрмет көрсету болашақтың да парызы!

 

Болат МӘЖИТ,
Алматы облысы

 

Қатысты жаңалықтар

Шекара шебінде өткен шаралар

Шекара шебінде өткен шаралар

28.07.2026
Әкімшілік айыппұлдарға рақымшылық жасау басталды

Әкімшілік айыппұлдарға рақымшылық жасау басталды

28.07.2026
Алакөлдегі алаңсыз күндер

Алакөлдегі алаңсыз күндер

28.07.2026
Қаламгер мұрасы насихатталды

Қаламгер мұрасы насихатталды

28.07.2026
Алаяқтың жаңа айласы: Коммуналдық қызмет өкілі қоңырау шалса не істеу керек?

Алаяқтың жаңа айласы: Коммуналдық қызмет өкілі қоңырау шалса не істеу керек?

28.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.