Талдықорған: +15°C
$ 443.96
€ 487.73
₽ 5.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

АЛ, ҚАНЕ, ҚЫЗДАР!

10 наурыз 2021
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Айтжан Түркебаев атындағы мектеп-лицейінде оқушы қыздар арасында «Ал, қане, қыздар!» деген атпен байқау өтті. Бұл шара «Берекені көктен тілеме, еткен еңбектен тіле» тақырыбы аясында ұйымдастырылды.


Байқауда жоғары сынып оқушылары жас ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөлініп, өзара бақ сынасты. Сайыстың бірінші кезеңінде қос тарап өрелі өлең жолдарымен өздерін таныстырып өтсе, екінші сатысында жылдамдықпен жіпке бисерлерді тізу, түрлі түсті қағаздан ою-өрнек қию, гүл жасау сынды ойын шарттарын орындады. «Тіл өнері» жағынан пән бойынша жұмбақ шешуде екі жақтың қыздары үш тілде мүдірмей жауап берді. «Жауқазын» тобы ұлттық қолөнеріміз тоқыма тоқудан, жіптен шашақ жасаудан, жүн түту сияқты құндылықтарымызды дәріптеуден құралақан емес екенін көрсетті. Тоқыма тоқуда қыздарымыз Әлия Бұғыбай мен Гүлшат Тоқай өзара сынға түсіп, әділқазы алқаларының жақсы деген бағасына ие болды. Қыздар қамыр илеу мен оны жаюдан аналарынан көрген үлгісін таныта білді. Бұл кезеңде Жұлдыз Саматқызы ептілігін көрсетті.

«Білімділер» кезеңінде әр пәннен қойылған сегіз сұраққа Аяжан Әлғожа ұтымды жауап беріп,  «Қарапайым қыздар» тобын алға шығарды. Жарыстың жетінші кезеңінде мақал-мәтелдердің мағынасын ашу мақсатында постер құрау арқылы сөздік қорларын танытты. 

Бұл шараны ұйымдастырудағы мақсат – қыздардың бойындағы шығармашылық қабілеттің артуына ықпал етіп, әдептілік, парасаттылық, еңбексүйгіштік, патриотизм сынды асыл қасиеттерді паш ету. Яғни, болашақтың іргесін бүгіннен қалай отырып, ертеңгі күннің иелерін тәрбиелеу.

Тартысты өткен байқау барысында екі жақ та бір-біріне дес бермеді. Алайда ұпай санымен «Қарапайым қыздар» тобы жеңіске жетті. Мектепте өткен бұл шара соңы ақын Бөлтірік Атыханұлының сөзімен аяқталды.
Дәулетің, қызым, өнерің,
Өнермен артар беделің.
Өнерің болса бойыңда
Халыққа тиер көмегің.
Білім ордасындағы тәрбиелік мәні зор мұндай іс-шаралар алдағы  уақытта да жалғасын табары сөзсіз.

Гүлзия СӘРСЕНБАЕВА,
Айтжан Түркебаев атындағы мектеп-лицейінің педагог-ұйымдастырушысы
Саты ауылы,
Кеген ауданы

Қатысты жаңалықтар

Елімізде әлеуметтік желіге талап күшейеді

Елімізде әлеуметтік желіге талап күшейеді

Бүгін, 10:54
Жалған хабар таратқандар 5 жылға дейін сотталуы мүмкін: ІІМ ескерту жасады

Жалған хабар таратқандар 5 жылға дейін сотталуы мүмкін: ІІМ ескерту жасады

Бүгін, 10:38
Қазақстан мен Мальдив арасындағы рейс саны екі есе өседі

Қазақстан мен Мальдив арасындағы рейс саны екі есе өседі

Бүгін, 10:34
Қазақстанда алтын бағасы ең төменгі деңгейге түсті

Қазақстанда алтын бағасы ең төменгі деңгейге түсті

Бүгін, 10:31
Қазақстан СІМ басшысы Брюссельде сегіз елдің министрімен келіссөз жүргізді

Қазақстан СІМ басшысы Брюссельде сегіз елдің министрімен келіссөз жүргізді

Бүгін, 10:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.