Талдықорған: +34°C
$ 467.98
€ 533.87
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Алакөлде әуежай ашылды

24.07.2017
КҮЛТӨБЕ
Алакөлде әуежай ашылды
WhatsAppTelegramFacebook

Жыл өткен сайын Алакөл айдыны алқалаған адамға толып, жағалауы туристік инфрақұрылымның қарқынды дамыған қалашығына айналуда. Заман талабына сай жағалай қонақүйлер, демалыс орындары бой көтеруде.  Жол мәселесі шешімін тауып, демалушыларға тиімді жағдайлар жасалуда. Соның бірі – киелі көлдің жағасында кереметтей әуежай салынып, халық игілігіне берілгені. Осы ретте, үлкен шараға еліміздің түкпір-түкпірінен сыйлы қонақтар сапарлай келді. Олардың қатарында облыс әкімі Амандық 
БАТАЛОВ та болып, алакөлдіктерді әуежайдың ашылу салтанатымен құттықтады.

– Құрметті қауым, Алакөлдің демалушылары және қонақтар!
Бүгін бәріміз үшін – тарихи күн. 2014 жылы Елбасы облысымызға жұмыс сапарымен келгенде Алакөл көлінің  туристік әлеуетін дамыту туралы тапсырма берген еді. Осыған сәйкес ауқымды шаралар іске асырылды. Оның нәтижесін өздеріңіз көріп отырсыздар.  Бүгінге дейін мұнда 1 млрд. теңгеден астам қаржы тартылып, жаңа әуежай бой көтерді, – деп атап өткен Амандық Ғаббасұлы туристер үшін тағы бір жағымды жаңалықты тілге тиек етті. – Халыққа тиімді болу үшін билет бағасын субсидиялауға республикалық және облыстық бюджеттен 177,2 млн.теңге қаржы бөлінді, нәтижесінде билет бағасы айтарлықтай жеңілдетілді, – деп дүйім жұртты бір серпілтіп тастады.
 Әуежайдың құрылыс жұмыстары 2015 жылы басталған. Ол үшін аудан әкімдігі тарапынан жаңа нысанды салуға 4,5 гектар жер телімі бөлініпті. Сонымен қатар, жаңа әуежайда ұшу-қону жолағы қайта жаңғыртылып, әуе қозғалыстарын ұйымдастыруға ең қажетті деген радиотехникалық және метеорология­лық құрал-жабдықтар жаңартылған. Көпсалалы демалыс орындарымен қатар өзге де туристік мақсаттағы нысандар құрылысы да ойдағыдай жүзеге асуда. 
Естеріңізге сала кетсек, мұнда бұрын да әскери аэродром құрылысы салынған. 1980 – 1990 жылдар аралығында Үшарал – Алматы бағыты бойынша жолаушылар тасымалдау жұмыстары атқарылды. Енді бұл нысанның әуе көліктерінің ЯК-40, АН-24, Ембраер-124, Сиэрджи-200 және тік ұшақтардың кез келген түрлерін қабылдауға мүмкіндігі бар. Аталған әуежай аудан орталығы Үшарал қаласынан 12 шақырымды құраса, ал көл жағалауына дейін 86 шақырым қашықтықта орналасқан.  
«Жетісу» әуе компаниясы аптасына төрт рет «Астана –Үшарал – Астана» және үш рет «Талдықорған – Үшарал – Талдықорған» бағыты бойынша жолаушы тасымалдамақ. «Жетісу» әуе компаниясының президенті Қалмұхамет Дөңсебаевтың айтуынша,  келешекте бұл бағыттарға «Алматы – Үшарал – Алматы» бағыты қосылмақ. Бұл ретте билет бағасының да көңілге қонымды екенін айта кеткен жөн. Бас қала бағыты бойынша ұшу билеттерінің құны 16 мың теңгені құраса, ал облыс орталығы Талдықорған қаласына 8 мың теңге көлемінде сақталмақ. 
Әуежай қызметіне де сұраныс көп. Табиғаттың ғажайып туындысын былтыр 452 мың адам келіп тамашалады. Бұл көрсеткіш 2015 жылғы нәтижемен салыстырғанда 3 есе көп. Ал биыл олардың санын 700 мыңнан асыру жоспарланып отыр. Алакөлдің келешектегі туристік әлеуеті де жоғары. Жаңа әуежайдың ашылуы туристер санының өсуіне ғана емес, жалпы аймақтың дамуына үлкен серпіліс әкелгелі тұр. Бұнда 14 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, ол бір мезетте 50 адамға қызмет көрсетеді. Келешекте аудандық бюджеттің 50 пайызын туризм саласы толықтырады деп күтілуде.
Осы орайда айта кететін тағы бір жағымды жаңалық, облыс басшысы «Alakol resort» демалыс үйі­нің ашылу салтанатына қатысты. Кәсіпкер Елжан Кәрімов  жаңа үйдің жобасына жалпы құны 200 миллион теңге жұмсаған. Қазіргі таңда Ақшидегі зәулім үй өзінің теңдесі жоқ сәулетімен алыстан көз тартады. Көл жағасындағы демалыс үйі 300 адамға арналған. Сонымен бірге, 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Өңір басшысы жаңа үйдің ашылуында отандық туризмді дамытуға атсалысып жүрген жергілікті кәсіпкерлерді қолдауға шақырды.
Облыс әкімі Ақши ауылындағы демалыс аймақтарымен бірге дәрігерлік амбулатория мен жеке дәріхананы аралап көрді. Сондай-ақ, өңір басшысы Алакөл ауданының әкімі Әлібек Жақанбаевпен бірлесіп көл жағасындағы демалыс аймағының құрылыс жұмыстарын, жолдағы күрделі жөндеу, электрмен қамтамасыз ету және су жүйесін тарту, кәріз, теміржол вокзалының жобасын талқылады.
 Дәл қазіргі уақытта туристер мен демалушыларды қабылдау үшін әрқайсысында 10 мың орын бар 144 нысан жұмыс жасап тұр. Биылғы жылы 12 туристік нысан эксплуатацияға берілген. Осы орайда 150 адамға арналған жұмыс орны ашылған. 
Қазірде Алакөлге тартылған 900,0 млн. теңге инвестицияға салынған «AQUAMARINE resort» заманауи қонақүй кешені жұмыс істеп тұр. Ол «ЭКО-1» бағдарламасы бойынша салынған бірегей жалғыз қонақүй кешені. Жылына 30 мың туристі қабылдауға қауқарлы. Бір сөзбен айтқанда, отандық туризмді дамытуда Алакөл ауданында қыруар жұмыс атқарылып жатыр. Келешекте Жетісудың жақұты саналатын шипалы көл жағасы алыс-жақын шетелдіктер үзбей келетін халықаралық ең маңызды туристік нысанға айналмақ.

Қозыбай ҚҰРМАН

 

 

Қатысты жаңалықтар

«Талдықорған — Өскемен» автожолы қашаннан бастап ақылы болмақ?

«Талдықорған — Өскемен» автожолы қашаннан бастап ақылы болмақ?

09.07.2026
Жетісуда жол жөндеуге 27 миллиард теңге бөлінді

Жетісуда жол жөндеуге 27 миллиард теңге бөлінді

09.07.2026
Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидалары жаңартылды

Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидалары жаңартылды

09.07.2026
Джеки Чан Қазақстанда: «Доспехи бога: Ультиматум» фильмінің түсірілімі басталды

Джеки Чан Қазақстанда: «Доспехи бога: Ультиматум» фильмінің түсірілімі басталды

09.07.2026
Жетісуда алкогольді заңсыз сатқан ондаған дүкен анықталды

Жетісуда алкогольді заңсыз сатқан ондаған дүкен анықталды

09.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.