Талдықорған: +11°C
$ 510.59
€ 578.91
₽ 6.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Алматыда «Жасанды интеллект әліппесі» кітабының тұсаукесері өтті

13.03.2025
КҮЛТӨБЕ
Алматыда "Жасанды интеллект әліппесі" кітабының тұсаукесері өтті

Алматы қаласында «Жасанды интеллект әліппесі» кітабының тұсаукесері өтті. Туынды елімізде қарқынды дамып келе жатқан жаңа сала туралы алғаш рет қазақ тілінде жазылған түпнұсқа болуымен ерекшеленеді. Жиын барысында TurkAI – түркі мемлекеттерінің жасанды интеллектшілер қауымдастығының құрылғаны хабарланды. Сондай-ақ салалық «AI-hub» компаниясы мен ai-hub.kz сайты таныстырылды. 

Кітаптың таныстырылымына халықаралық сарапшылар ғалымдар, зиялы қауым, қоғам қайраткерлері,  медиа, білім және технология саласының белгілі тұлғалары мен мамандары қатысты.

Бастамашы топтың айтуынша, еліміздің де аталған сала көшінен қалмауы үшін екі жыл бұрын қазақ тілді аудиторияға арнап арнайы еңбек жазуға кіріскен. Саланы зерттеп жүрген кітап авторы – жасанды интеллект және IT технология саласының сарапшысы, журналист Мейіржан Әуелханұлы:

«Еңбек–  бағдарламалауды білмейтін, бірақ AI мүмкіндіктерін зерттеп, қолданғысы келетін адамдарға арналған. Жасанды интеллект саласындағы негізгі ұғымдарды қарапайым тілмен түсіндіреді. Қазірдің өзінде сұраныс өте жоғары болғандықтан, кітапты екінші басылымға жіберіп жатырмыз», — деді.

Белгілі журналист, қаламгер, публицист әрі еңбектің редакторы Қайнар Олжай жасанды интеллект деген не деген сауалға толық жауап беретін кітаптың өте сауатты жазылғанын, қазақ оқырманына ауадай қажет екенін атап өтті.

«Ал жасанды интеллекті қалай жұмсау керек» дегендер үшін толық тәжірибелік курс қамтылған. Ой ісіндегі қолғанатқа сан салада берілетін тапсырма (оны «промпт» дейді екен) толық тізілген. Шекесінен шертіп алып қолдана бересіз», — деді ол.

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – ректоры, Кембридж Университетінің түлегі Гүлмира Қанай болса: 

«Білім беру саласында өзгерістерді жасайтын бірден-бір фактор технология. Аталған кітап, отандық ғылым мен білім саласының жаңа өзгерістерге бейімделуінде маңызды қадам деп санаймын», — деп ой қосты.

Сондай-ақ белгілі медиа менеджер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұржан Жалауқызы, белгілі әдебиеттанушы ғалым Мамай Ақетов, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультеті деканы Қанат Әуесбай өзге де қатысушылар өз лебіздерін білдірді.   

Кітап туралы белгілі педагог Өмірбек Шыныбекұлы да: «Осы кітапты Оқу—ағарту министрлігінің сарапшылары қарап шығып, қосар—алар тұстары болса, автормен жұмыс істеп, мектептерге тарату керек. Жасанды интеллект дәуірінде оны дұрыс қолдану, промптарды дұрыс жазу әдісі маңызды деп ойлаймын», — деп салалық министрге ұсыныс жасаған болатын. 

Кітап Орталық Азия елдерінде жасанды интелект саласына қатысты алғаш шыққандықтан Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен аударуға ұсыныстар түскен.

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Түркі дүниесі Жазушылар Одағының Төрағасы Ұлықбек Есдәулет әлемде қазір ең маңызды салаға айналған жасанды инттелект бойынша да бауырлас елдердің де алатын өз еншісі бар екенін айтты.

Іс-шара аясында жаңа құрылған «AI-HUB» компаниясының мақсаты айтылды. Оның басшысы Ержанар Әшейханның сөзінше, компания – жасанды интеллект, IT, кибер және ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттық және цифрлық технологиялар, сондай-ақ биотехнологияларды зерттеу мен дамытуға бағытталған бірегей ұйымға айналуды көздейді. Негізгі мақсаты – озық технологияларды түрлі салаларға енгізу, халықтың цифрлық және ақпараттық сауатын арттыру, сондай-ақ салалық стартаптарды қолдау.

Жасанды интеллектке қатысты алғаш рет оқулық басып шығарған Ai-Hub publishing баспасы болса, алдағы уақытта  жаратылыстану, IT мен жасанды интеллект саласына қатысты әлемдегі танымал кітаптарды қазақша аудармақ. Сонымен қатар, сала ғалымдары, мамандарымен бірлесе отырып балаларға, оқушылар мен студенттерге арналған оқулықтар мен әдістемелер әзірлеуді көздеп отыр. Сондай-ақ жасанды интеллект терминдерін жасау мен энциклопедиясын қазірден бастап дайындауды қолға алмақ.

Сондай-ақ «AI-HUB» компаниясының негізін қалаушылардың бірі Нұрболат Нышанбаев түркі мемлекеттері жасанды интеллект саласы өкілдерінің басын қосатын TurkAI қауымдастығы құрылып, бауырлас елдермен бірлескен жұмыстар күшейтілетіні хабарланды. Жиынға Түркі елдерінен және Еуропадан жасанды интелект саласында жұмыс істейтін компания басшылары онлайн қатысып, өз пікірлерін білдірді. 

Ұйымдастырушылар алдағы уақытта кітаптың тұсаукесері Астана қаласы мен барлық облыс орталықтарында өтетінін хабарлады.

«Жетісу-Ақпарат»
Фото: minber.kz

 

 

Қатысты жаңалықтар

Қазақстандық үш боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық үш боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

21.05.2025
Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты

Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты

21.05.2025
Тариф көтереміз деп сотталып кетті: Жетісуда пара беру дерегі бойынша сот үкімі шықты

Тариф көтереміз деп сотталып кетті: Жетісуда пара беру дерегі бойынша сот үкімі шықты

21.05.2025
Жетісу облысына – 3 жыл: мәдениет саласының инфрақұрылымын жаңарту 40% жетті

Жетісу облысына – 3 жыл: мәдениет саласының инфрақұрылымын жаңарту 40% жетті

21.05.2025
«Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алуда

«Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алуда

21.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.