Талдықорған: +24°C
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҒАЛЫМНЫҢ АТЫ ӨЛМЕЙДІ

20.05.2021
КҮЛТӨБЕ
ҒАЛЫМНЫҢ АТЫ ӨЛМЕЙДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Биыл Қазақ ұлттық аграрлық-зерттеу университеті үшін мерейлі әрі мәртебелі жыл болды. Оған ауылшаруашылығының мызғымас негізі, жалпы ауылшаруашылығы саласының түп-тамыры саналатын Қазақ ұлттық аграрлық университетіне 90 жыл толуы себеп. Сондай-ақ,  университетімізге зерттеу мәртебесі беріліп отыр. Әрине, аталған жоғары оқу орнына осындай атақ-мәртебе берілгені үлкен қуаныш. 


90 жылдық тарихы бар Қазақ ұлттық аграрлық-зерттеу университетінде қаншама студентті білім нәрімен сусындатқан оқытушы, профессор, ғұлама ғалым, академиктердің аянбай еңбек еткені белгілі. Осындай ғұлама ғалымдардың бірі әрі бірегейі, жасы сексеннің сеңгірінен асқан ардақты аға, профессор, даралығынан даналығы басым ұлағатты ұстаз, «Парасат» орденінің иегері, профессор Қадыр Бияшұлы Бияшев еді. Оның ғылым мен білімді ұштастырып, көптеген шәкірт тәрбиелегені баршаға мәлім.

Ақтөбе облысына қарасты Ойыл ауданының тумасы Қадыр аға үш жылдық әскери борышын ойдағыдай өтеді. Ойы ұшқыр, ұмтылысы жоғары ағамыз 1962–1967 жылдары Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын мал дәрігері мамандығы бойынша үздік дипломмен тамамдайды. Профессор Б. Матвиенконың  «Микробиология, вирусология және иммунология» кафедрасына аспирантураға түседі. Аспирантурада оқып жүргенде-ақ орыс тілін жетік меңгереді. Осыдан-ақ ғылымға деген талпынысының жоғары екенін байқаған профессор Борис Андреевич Қадекеңді өзі қатарлылардың үздігі әрі алғыры деп сенім білдіріп, жоғары бағалайды. 1972 жылы «Малдәрігерлік микробиология, вирусология, эпизоотология, микрология, микотоксикологиямен бірге және иммунология» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғаған.

Алғашқы ұстаздық еңбек жолын аталған институтта бастаған Қадыр аға 1974-1982 жылдары алғашқы дайындық курсының деканы болып қызмет атқарды. 1992 жылы докторлық диссертациясын қорғап, 1994 жылы профессор атағына ие болды. Профессор  Қадыр Бияшев «Ветеринария ісін ұйымдастыру» кафедрасын 1994–2001 жылдары басқарып, 2002–2009 жылға дейін «Микробиология, вирусология және иммунология» кафедрасының меңгерушісі болып қызмет етті. Профессор Қадыр Бияшев ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулермен, экологиялық тұрғыдан таза, тиімділігі жоғары вакциналар мен қан сарысуларын алуға бағытталған биотехнология және гендік инжинериямен айналысты. Осы орайда мал шаруашылығы үшін экономикалық зиян келтіретін, тіпті, адамдар арасында да таралу қаупі бар 30-дан аса ауруға арнайы  биопрепараттар дайындау технологиясын, бақылау әдістерін және нормативтік-техникалық құжаттарды жасады әрі өндіріске ендірді.  Бірқатар препараты ССРО-ның  ХШЖК-де қойылып, Құрмет грамоталарымен марапатталған, сондай-ақ, Сан-Диегода өткен «Қазақстан – 95» көрме-конференциясында көрсетілген.

1995 жылы ҚР Президенті бекіткен «Ветеринария туралы» Заңның жасалуына, сондай-ақ, республиканың ветеринария ісін дамыту концепциясын, яғни, заңға сәйкес ветеринарлық қызметті реттейтін нормативтік құжаттарды дайындауға тікелей атсалысты. 350-ден астам ғылыми-әдістемелік еңбектері жарияланған, 2 авторлық куәліктің (КСРО), 5 патенттің және 90-нан астам патенттің иегері.

Сонымен қатар «Ветеринария ісін ұйымдастыру», «Ветеринариядағы жеке кәсіпкерлік», «Ветеринарлық микробиология» және «Фермерлік іс» сияқты оқу құралдарының авторы. Профессор Қадыр Бияшев ұзақ жыл ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы ғылыми-техникалық кеңесінің мүшесі болды. Ол ҚР Ветеринарлар  ассоциациясын құрып, ҚР Әділет минстрлігінде тіркеді және өзі президенті болып сайланды.

Профессор Қадыр Бияшұлы КСРО Ауылшаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасымен (1979 ж.), «КСРО жоғарғы мектебінің үздігі» белгісімен (1985 ж.), «Қазақстан Республикасындағы ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен (2005 ж.) марапатталған. Жемісті ғылыми-зерттеу еңбектері үшін, сондай-ақ, агроөнеркәсіп кешеніндегі мамандарды даярлаудағы ерен еңбегі үшін 1999 жылы ҚР Президенті Жарлығымен «Парасат» орденімен марапатталған. Жалпы Қазақ ұлттық аграрлық-зерттеу университетінің дамуына айрықша үлес қосқан, білімге құштарлығы басым ардақты аға, шоқтығы биік ғұлама ғалым, келешек ұрпағымыздың, яғни студенттеріміздің, жас жеткіншектеріміздің  жан-жақты білім алуына жоғары деңгейде көңіл бөлген ағаларымыздың бірі әрі бірегейі болды деуге толық негіз бар.

Қадыр ағамыз өзі қызмет атқаратын кафедраға қарасты аудиториялардың бәріне пәнге қатысты арнайы қабырға суреттерін өзінің жеке қаражатына арнайы тапсырыспен заманауи үлгіде дайындатып, ілгізді. Демалыс кездерінде осы аудиторияларды жеке қаражаты есебінен күрделі жөндеуден өткізді. Жарлыға жанашыр, білімге құштарлығы басым, әріптестерінің жағдайын да ескеретін данагөй ақылшы ағамыздың атына қандай теңеу, мақтау айтсақ та жарасады.
Өкінішке қарай, биыл қаңтар айының 21-і күні ғұлама ғалым, кішіпейіл әрі қамқоршы ағамыз 81 жасында өмірден өтті. Осындай ұлағатты ұстаз, ойшыл тұлға, ғұлама ғалым Қадыр Бияшев секілді данышпан ағалардың осындай мәртебеге үлесі бар деп есептейміз.

Серік КӨШКІМБАЕВ,
Арман ЖЫЛҚАЙДАР,

Қазақ ұлттық аграрлық-зерттеу университеті микробиология, 
вирусология және иммунология кафедрасының оқытушылары

 

Қатысты жаңалықтар

Әділетті қоғамның алтын арқауы

Әділетті қоғамның алтын арқауы

04.07.2026
Қоныстойға келіңіздер!

Қоныстойға келіңіздер!

04.07.2026
Ұлттық домбыра күніне орай Қазақстанда 2000-нан астам мәдени іс-шара өтеді

Ұлттық домбыра күніне орай Қазақстанда 2000-нан астам мәдени іс-шара өтеді

04.07.2026
Арқа ауруы, миопия, диабет: Жастар арасында қандай дерттер көбейді?

Арқа ауруы, миопия, диабет: Жастар арасында қандай дерттер көбейді?

04.07.2026
Алакөлде тоғыз адамнан тұратын отбасы құтқарылды

Алакөлде тоғыз адамнан тұратын отбасы құтқарылды

04.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.