Талдықорған: +21°C
$ 521.57
€ 601.01
₽ 6.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

АЛҒЫС АРҚАЛАҒАН КҮН

27.08.2024
КҮЛТӨБЕ
АЛҒЫС АРҚАЛАҒАН КҮН

Жаңа оқу жылы жақындаған сайын балаларды мектепке даярлау қарбаласы да күшейе түскендей. Талдықорған қаласындағы «Riza SHOP&HOME» (бұрынғы «Эксклюзив») дүкеніне бас сұққанда тап осындай қарбаластың куәсі болдық.


Аумағы атшаптырымдай кең дүкенге мектеп формасы мен оқу құралдарын, басқа да қажеттерді таңдап, сатып алып жатқан ата-аналар мен балдырғандарға толып кетіпті. Өз кезегінде сапалы білім алуға қажетті дүниенің бәрі бар заманауи дүкенде мұндай таңдаудың айрықша мол екендігі де байқалады. 

Арнайы іздеп келген адамымыз – облыстық нотариаттық палатаның төрағасы Арман Бекішбаевті де осы жерден жолықтырдық. «Өз немерелерім мектепке дайын ғой. Бүгінгі күні «Мектепке жол» акциясы аясында қамқорлығымызға алған балдырғандарды қуанту үшін ұжымымызбен келіп отырмыз. Осынау сауапты іске кеңсе қызметкерлері ғана емес, жеке жұмыс істейтін нотариустер қауымы да атсалысып жатыр», – деген Арман Сейітжапарұлы бұл орайда киім мен оқу құралдарын таңдау мәселесінің ата-аналар мен балалардың өздеріне беріліп отырғанын атап өтті. 

Қазіргі таңда балдырғандардың талғамы жоғары. Содан кейін де ересектер таңдап берген бірқатар заттардың олардың көңілдерінен шықпай қалуы да мүмкін. Ал өздері таңдаған дүниені алдағы уақытта қуана пайдаланатындары сөзсіз. Соған орай балдырғандар үшін алдымен өзіміздің де қуанып қалғанымызды жасырмай-ақ қояйық.  

– Ата, қалаған затымызды шынымен алып бересіздер ме?!

Дауысына үмітпен қатар әлдебір күдік, күмән араласқан балғын сәбидің бұл сұрағы көңілімізді толқытып жіберді. «Алаңдама, айналайын, қалаған затыңды алып береміз. Тек сабағыңды жақсы оқы, жарай ма?», – деген сөздерден кейін ғана балдырғанның жүзі жайнап сала берген.
Әлеуметтік жағынан қолдауды қажет ететін, негізінен көпбалалы отбасылар бүгінгі күні осындай шынайы қуанышқа кенелді. Сол қатардағы қала тұрғыны Шырын Сейдахметова бізбен қуанышын бөлісті.

– Ұлым 5-сыныпта оқиды. Мектеп формасы мен спорттық киім, кеңсе тауарларын, бәрін өзі таңдады, өзі ұнатқан затын алды. Бір сөзбен айтқанда, оқуға керек-жарағының бәрін алып беріп жатыр. Мұның өзі көпбалалы отбасына үлкен көмек. Бұл үшін нотариаттық палата басшылығына, ұжымына көп-көп рахмет айтамын, – дейді ол.   

– 5-сыныпта оқитын баламды толықтай киіндіріп, сөмке, қалам, дәптерін, керек-жарағын алып берді. Өзіміз таңдап алғаннан кейін көңілімізден шығатыны өз-өзінен түсінікті. Ол үшін жомарт жүректі азаматтарға айтар алғысым шексіз, – деген Бағдат Габайдуллина да шын көңілден шыққан ризашылығын бөлісті. 
Жүрек тербеген ризашылықты дүкенге немересін ерте келген Кемелбек Солтанов қария да толықтырды. 

Осылайша қастерлі мамандық иелері саналатын нотариустер 7 балдырған мен олардың жақындарын қуантып, мерейлерін өсірді. Бұл олар атқарып жүрген игі істердің бір бөлігі ғана.

Нүсіпбай ДОДАБАЙҰЛЫ
Талдықорған қаласы
 

Қатысты жаңалықтар

Уанас батыр

Уанас батыр

22.06.2025
Жайсаң жан еді

Жайсаң жан еді

22.06.2025
Әлия апа

Әлия апа

22.06.2025
«Жарығың сөнбесін» дейді жаны нәзік электрик

«Жарығың сөнбесін» дейді жаны нәзік электрик

22.06.2025
Дәуір уыты: есірткіге еліткендер азаяр емес

Дәуір уыты: есірткіге еліткендер азаяр емес

22.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.