Антибиотиктер адамзаттың ең үлкен жаңалықтарының бірі болып табылады. Оның пайда болып, қолданысқа енгендігінің әсерінен өлімге әкелетін аурулар емделуде. Алайда, қазіргі әлемде дәрі-дәрмектердің осы тобының қолжетімділігі мен кең таралуы антибиотикке төзімділіктің негізгі себебі болып табылады.
Ағзаның бактерияға қарсы препараттарға төзімділігі денсаулық сақтау жүйесінің алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Антибиотикке төзімділік бүкіл әлемде тұрақты түрде өсуде. Ондай төзімділіктің жоғарылауының салдарынан көптеген жұқпалы ауруларды емдеу қиынға соғып отыр. Сонымен қатар, стационардағы науқастарды емдеу уақыты артуда. Бұл жалпы мемлекет үшін де, әр пациент үшін де экономикалық шығындарға әкеліп соғады. Антибиотиктерге төзімділік бактериялар тудыратын аурулар мен мүгедектік пен өлім-жітім деңгейінің жоғарылауына ықпал етуде.
Антибактериалды препарат, оларды рецептсіз ұсыну, өзін-өзі емдеу, дәрігерлердің антибиотикалық терапияның негізгі принциптерін сақтамау жұқпалы ауруды емдеуде дәрменсіздікке ұрындыруда. Антибиотикті орынсыз пайдалану вирустық инфекция мен тыныс алу жолдарының инфекциялық емес сырқаттарына қарсы тұра алмайтын деңгейге жеткізуі мүмкін. Микроорганизмдердің табиғи сезімталдығы мен жүре пайда болған төзімділікті ескермей эмпирикалық терапияны ұтымсыз таңдау жиі кездеседі. Препаратты ұсынғанда құрамында есірткі тектес заттар бар дәрі-дәрмектердің өзара әрекеттесулері ескерілмейді. Бұл жағымсыз реакциялардың даму қаупінің едәуір жоғарылауына, ал екінші жағынан, жүргізілетін терапияның тиімділігінің төмендеуіне әкеліп соғуы мүмкін. Антибиотикалық терапия курсының ұзақтығына қатысты ұсыныстарды сақтамау жиі кездесетін қателік болып табылады. Антибиотик ұсынылған диапазоннан әлдеқайда жоғары мерзімге тағайындалып жүр. Антибиотиктердің негізгі міндеті – патогеннің өсуі мен дамуын тежеу немесе оны жою екенін ұмытпауымыз керек. Сонымен қатар, бактерияға қарсы препараттар респираторлық инфекциялардың патогенезінің көптеген басқа механизмдеріне әсер етпейді. Антибиотиктер ауруханадан тыс пневмонияда өте қысқа уақытқа тағайындалады. Сонымен, амбулаториялық жағдайда азитромицин препаратымен емдеу ұзақтығы 3-5 күн болуы керек. Антибиотикалық терапияның қысқа курстарын қолдану жанама әсерлердің даму қаупін, сондай-ақ, патогендердің антибиотикке төзімділігін төмендетіп, емдеу шығындарын азайтады.
Н. Белтаева,
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық
бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша
департаменті басшысының орынбасары





