Толассыз жауған жаңбырдан 12 тамызда Ескелді ауданындағы Ешкіөлмес, Абай ауылдарын су басқан болатын. Ешкіөлмес ауылында құрылған жедел штаб бүгінде өз жұмысын аяқтады. Қазір мұнда жергілікті атқарушы органдардың мамандары мен еріктілер жүр. Ал жалпы шығынды арнайы құрылған комиссия есептеп жатыр.
Апат орын алған сәтте құтқару, табиғаттың тосын жағдайының зардабын жою жұмыстарына төтенше жағдай департаментінің қызметкерлерімен бірге Ұлттық ұлан сарбаздары да жұмылдырылған болатын. Олар өз жұмысын 14 тамыз, 18.00-де аяқтады. Ешкіөлмес, Абай ауылдарында 15 тамызда аудандағы азаматтардан, еріктілерден құрылған 100 адам, арнайы онға жуық техника жолды, көшені тазалаумен айналысып жатты. Жалпы апат орын алғаннан бастап 4 күн ішінде 120 аула тазартылып, 300 текшеметр лай шығарылды. Әлі де аула ішіндегі қоқыс шығару, көшені жөндеу, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
– Арнайы құрылған комиссия үш топқа бөлініп жұмыс істеп жатыр. Олар апта соңында шығынды есептеп шығарады, сол бойынша облысқа өткіземіз. Шығын көлемі, қаржы мөлшері сол кезде белгілі болады, – дейді Ескелді ауданының әкімі Елдос Ахметов. Аудан әкімі өзі бастап арық тазалап жатқандардың жұмысын, Ешкіөлмес ауылының жоғарғы жағынан қазылып жатқан кең арықты да көрсетті. Жыл соңына дейін арналарды түгел тазартып, аршу жоспарланған. Арнайы жоба әзірленіп, көктемде тазалап бітуді ойлап отыр.
Тосын жағдай орын алған ауылда дәл қазір еріктілер мен арнайы мамандар жүр. Халыққа жәрдемдескендерді аудандағы белгілі шаруа қожалықтарының иелері, кәсіпкерлер түскі аспен қамтамасыз етіп, басқа да керек-жарақ әперіп қолдау көрсетуде. Ауылдағы тіршілік жанданып келеді. Тұрғындар да ес жиып, іске кіріскен. Ешкіөлмес ауылының тұрғыны Серғазы Ерзат:
– Түскі уақытта жұмыстан келіп, құрал-саймандарымды қойып, киімімді шешкенім сол еді, көзді «Жақсылық жаса» ұранымен бастау алған «Мектепке жол» акциясы ел көлемінде жүзеге асуда. Облысымыз бойынша 15 мыңнан астам балаға, ал Көксу ауданы бойынша мыңнан астам балаға көмек көрсетілмек. ашып-жұмғанша су шайды да кетті. Саймандарымнан да, үстіме киіп жүргендерімнен де көз жазып қалдым. Бақшаны жапырып келіп, қораны басқан су үйдің ішіне де кірді. Аулада тұрған көлігімді екпінмен келген су біраз жерге итеріп апарды. Судың кесірінен машинаның ішкі құрылымдары дымданып, оталмай тұр. Қораға жиналған шөптің де жартысы жарамсыз болып қалды. Комиссия келіп, бәрін есептеді. Әлі нәтижесін айтпады. Төтенше жағдай қызметкерлеріне, Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысымды білдіремін, тасқын болған күннен бастап жәрдемдесті, – дейді.
Тұрғындарға көмек көрсетіп келе жатқандар көз алдымызда Серғазы Ерғазының да қоқысын тиеп, ауласындағы артық заттарды алып кетті. Жұмыс әлі де тоқтамақ емес. Аудан әкімі әр жерде жүргізіліп жатқан жұмысты жіті бақылауға алып, аралап көріп жүр. Айтып келмейтін апаттан зардап шеккендерге арналған көмектің нақты мөлшері келесі аптада белгілі болады.





