Талдықорған: +11°C
$ 510.84
€ 579.70
₽ 6.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҚАРА ЖОЛДАҒЫ ҚАСІРЕТ

13.02.2025
КҮЛТӨБЕ
ҚАРА ЖОЛДАҒЫ ҚАСІРЕТ

«Темір тұлпар» тізгіндегендердің саны артқан сайын, жол-      көлік апатынан ажал құшқандардың көрсеткіші де көбеюде. Жол жүру ережелеріне қатысты тәртіп қатаңдатылып, камералар қойылып, айыппұл көлемі ұлғайтылса да жол-көлік оқиғасы азаяр емес. Күре жолдағы жүгенсіздік салдарынан қаншама адам ауыр жарақат алып, қаза табуда.

ЖҮГЕНСІЗДІКТІҢ ЖАЗАСЫ АУЫР

Жол қателікті кешірмейтінін біле тұра, қауіпсіздік ережелеріне шекеден қарайтындар көп. Жан түршігерлік жағдайға алып келетін жол апатының статистикалық мәліметіне көз жүгіртсеңіз, тіпті сұмдық. 

Облыста қаңтар айында жол апатынан 7 адам қаза тауып, 97 адам жарақат алған. Бұл бір айдың ғана көрсеткіші. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, облыста бір айда 63 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Қаңтар айында облыс орталығында 1700-ге жуық жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталған. Ең сорақысы, Талдықорған қаласында бір ай ішінде көлікті мас күйінде басқарған 14 жүргізуші ұсталған. Полиция қызметкерлері бұл алаңдатарлық жағдай екенін айтып шырылдауда. 

«Жол апатынан 97 адам зардап шекті, 7 адам қайтыс болды. Біздің талдауымызша, оқиғалардың 90 пайызы жүргізушілердің кінәсінен орын алған», – дейді полиция департаментінің баспасөз хатшысы Жанар Қалықова.

Департамент  қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және облыс жолдарындағы апаттылықты төмендету бойынша түрлі шара ұйымдастыруда. Атап айтсақ, «Жаяу жүргінші», «Мас жүргізуші», «Назар аударыңыз, балалар!», «Автобус», «Жолдағы қабылдау», «Жылдамдық», «Тонировка» сияқты жедел-профилактикалық іс-шара ұйымдастырылып, жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Аймақтағы ең қауіпті учаскелер анықталып, тұрақты тексеріс жасалуда. Қара жолға бейнебақылау камераларын орнатып, жол қозғалысы ережелеріне қатысты тиісті заңдар қатаңдатылғанымен әзірге оның алдын алуға адамның шамасы жетер емес.

15 КАМЕРА ОРНАТЫЛДЫ

Алматы – Өскемен тасжолына қосымша 15 камера орнатылды. «Видар» автоматтық тіркеу жүйесі жылдамдықты шектен асыру, жол белгілері мен жол қозғалысы ережелерін бұзуды автоматты түрде тіркейді. Камералар 7 ақпаннан бастап іске қосылды. Барлық бұзушылықтар автоматты түрде тіркеледі, бірақ олардың әрқайсысын уәкілетті қызметкер тексеріп, электрондық цифрлық қолтаңбамен расталады екен.

 – Осындай технологияларды енгізу арқылы жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз. Мұнда жүргізушілердің жеке жауапкершілігі де ескеріледі. Әрі жылдамдықты шектен тыс асырған көліктердің саны азайып қана қоймай, жол-көлік оқиғасының орын алуы төмендейді, – дейді облыстық ПД жергілікті полиция қызмет басқармасының бастығы, полиция полковнигі Қайсар Махмұтов.

«Видар» автоматтық тіркеу жүйесі күре жолдағы ауылдардың маңайына орнатылды. Атап айтсақ, Пригородное ауылынан, «Сарыбұлақ» саяжайынан, Жалайыр даңғылынан шығыс бағытта жаяу жүргіншілер өткелінен өту 40 км/сағ. болады. Ал «Үйтас» саяжайы, Үштөбе қаласына қарай бағыт, Арқарлы асуы, АКЛ базарының алды, Қызылтоған кенті, Алматы – Шелек – Қорғас» автожолы және Көлтабан ауылы мен Жансүгіров кентінен өту жылдамдығы 60 км/сағ. дейін шектеледі.

2023 жылы біздің облыс республика бойынша жол-көлік оқиғасы санынан 11-орында тұрсақ, өкінішке қарай, былтыр жол апаты өсіп, 9-орынға көтерілген едік. Бұл ойланатын жағдай. Жүргізушінің айыбын арттырғанымен айылын тартпаса еш нәрсе өзгермейді.  Сондықтан тәртіпке бағынып, жол ережесін сақтап жүрейік. Себебі, адам өмірі – ең басты құндылық.

Айдар ҚАЛИЕВ
Фото: Владимир Баранов / Global Look Press

Қатысты жаңалықтар

ҰСТАЗДАРҒА МЫҢ АЛҒЫС

ҰСТАЗДАРҒА МЫҢ АЛҒЫС

25.05.2025
Білімім – отаныма

Білімім – отаныма

25.05.2025
12 қыз, 12 алтын

АЗИЯНЫҢ ІНЖУ-МАРЖАНЫ

24.05.2025
12 қыз, 12 алтын

12 қыз, 12 алтын

24.05.2025
Армандар орындалған күн

Армандар орындалған күн

24.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.