Талдықорған: +17°C
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Ақсу, Көксу қант зауыттарына бүгінгі күнге 600 мыңдай тонна өнім өткізілді

23.12.2024
КҮЛТӨБЕ
Ақсу, Көксу қант зауыттарына бүгінгі күнге 600 мыңдай тонна өнім өткізілді

Жетісу облысында биыл қант қызылшасынан рекордтық өнім алынып, 635 мың тонна қант қызылшасы жиналды. Бүгінгі күнге соның 600 мыңдай тоннасы Ақсу, Көксу қант зауыттарына өткізілді. Қос кәсіпорында қабылдау жұмыстары жалғасуда.  

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, өңірдегі ұсақ шаруашылықтар өз өнімдерін зауыттарға өткізіп біткен.  

— Облыстағы ұсақ шаруашылықтар өнімдерін қант зауыттарына өңдеуге өткізіп болды. Бүгінгі күнге тек 12 ірі шаруашылық қалды, олар өз көліктерімен және көлік жалдап, өнімдерін тасымалдап жатыр. Жалпы облыс бойынша бүгінге дейін өткізілген өнімнің ластығы 7,6% болған, қар жауғаннан кейінгі екі күнде бұл көрсеткіш 11,2% көлемінде тұр. Жалпы биылғы жылы қант қызылшасынан 635 мың тонна өнім алдық. Біз тұқым себуден өнімді жинап, өткізуге дейінгі барлық процесте шаруашылықтарға қажетті қолдау көрсетіп келеміз, — деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрдәулет Кененбаев.

Ақсу қант зауыты бүгінге дейін 340 мыңнан астам, ал Көксу зауыты 254 мың тонна өнім қабылдаған. Екі кәсіпорында да қабылдау әлі де жалғасып жатыр.

Ақсу қант зауытының директоры Самат Надирбаевтың айтуынша, өз өңіріміздегі өніммен қатар Жамбыл облысынан да қант қызылшасын қабылдауда.

Ал Көксу қант зауыты биыл 260 мың тоннаға дейін қызылша қабылдауды жоспарлап отыр.

— Бүгінгі таңда 254 мың тонна қант қызылшасы қабылданып, соның 164 мың тоннасы өңделді. Зауыт белгіленген қуатында жұмыс істеп тұр. Жалпы осы жылға дейін 200 мың тонна қызылша қабылдайтынбыз, биыл өнім мол болғандықтан, оған қосымша тағы 60 мың тонна қосылады деп жоспарланып отыр. Бүгінгі күні шаруашылықтармен есептесіп, 2,5 млрд. теңге төлем жасадық. Өнім өткізгеніне қарай уақытылы есеп айырысамыз, — дейді Көксу қант зауытының директоры Алтынбек Абатов.

Мәселен, «Арман» шаруа қожалығының жетекшісі Арман Бекбасов биыл қызылшаның тез пісетін гибрид тұқымын сеуіп, өнімді уақытылы жинап алғанын айтады. «Ауа райының жайын бағамдадық, өз мүмкіндіктерімізді сараладық, оның үстіне тез пісетін тұқым сепкендіктен, өнімді уақытылы жинап алдық. Ақсу қант зауытына қызылша тапсырғаннан кейін бір аптаның ішінде зауыттан берілетін тиісті төлемді, он күннің ішінде мемлекеттен берілетін субсидияны алдық», — дейді А. Бекбасов.

Еске салсақ, биыл қант қызылшасының егіс алқабы Жетісу облысында 1,7 есеге ұлғайып, 13,7 мың гектарға жеткізілді, одан 635 мың тонна тәтті түбір жиналды. Екі қант зауытында 94 мың тонна қант өндіру жоспарланған, оның 64 мың тоннасы қант қызылшасынан шығарылады. Сол сияқты қызылша өсіретін 5 ауданда 8 жаңа сервистік-дайындау орталығы құрылып, 30 шаруа қожалығына құны 2,5 млрд. теңгеге қант қызылшасы өндірісіне қажетті 62 бірлік техника сатып алынды. 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Суреттерді түсірген: Дмитрий Ерофеев, Жеңіс Ысқабай (архивтен алынған)

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғандықтарды тәнті етті

Талдықорғандықтарды тәнті етті

18.05.2025
Жанкүйерін қуантпай тұр

Жанкүйерін қуантпай тұр

18.05.2025
Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

18.05.2025
Сот шешімін орындамасаң  жаза бар

Сот шешімін орындамасаң жаза бар

18.05.2025
ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

18.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.