Талдықорған: +21°C
$ 521.57
€ 601.01
₽ 6.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Асыл ананың жүзінші көктемі

14.04.2022
КҮЛТӨБЕ
Асыл ананың жүзінші көктемі

Сүйегі асыл жүз жасаған Нұрқан апамыз әлі ширақ. Ол Жаркент қаласында тұрады. Немерелері мен шөберелері жиын-тойда әжелерін қолқалап ән айтқызып, кейде тіпті биге де шақыратынын қайтерсің. Ол кісімен жүздескенде «Көп жасауыңыздың сыры неде?» деген дәстүрлі сауалымызды қойғанбыз.
– Айналайын, туғаннан тынымсыз едім, әлі де тыныш отыра алмаймын, денсаулықтың демеушісі – тынымсыз еңбек. Өткен ғасырдың басындағы қызыл төңкеріс ел басына әкелген зұлматтар біздің әулетті айналып өткен жоқ. Оның зардабы бізге, әулет ұрпақтарына да тигені ақиқат. Ең бастысы – бұғанамыз қатпаған жеткіншек шағымызда туған жерден, туыс елден алыстап, ата-анамызбен бірге жат жұртқа кеттік. Тең құрбыларымыз сияқты оқып, білім ала алмадық, – деп әдемі әрлі жауап берді.
Ол осыдан 100 жыл бұрын 1922 жылы 13 наурызда жазиралы Жаркент өңірінің ең шырайлы жері, Жоңғар Алатауының баурайындағы Шежін ауылында дүниеге келіпті. Әкесі Жапарқұл момын шаруа жан екен, атасы Сарпек, Ордағұл деген кісілер жұртты аузына қаратқан шешен, мал-жанды, елге сыйлы адамдар болатын. Босағасынан береке арылмаған мұндай жандарды елде Кеңес үкіметінің билігі орнап, «байсың, шонжарсың» деген желеумен қудалаған кез. Бұл шамамен елде жаппай аштық нәубеті басталған 1932 жылы болса керек. Бұлардың әулеті Ордағұл атасын қудалаудан құтқару үшін Қорғас өзенінен өтіп, шетел асты.
Отбасының тұңғышы болғандықтан оны ата-анасы, ағайын-туыс бетінен қақпай еркелетіп өсірді. Ол жақта қазақ ауылдарында ойын-тойда айтыс жиі болатын. Көбінесе тең құрбы жастар бір-біріменен, көршілес ауылдың жастарымен айтысатын. Ата-бабасынан, нағашыларынан өнер дарып, айтыста дес бермес кезі. Сөйтіп бұлғақтап жүргенде жасы 15-ке толып, оны тайпалас, Қараменде руының Жақсыбек баласы Сыламжанға айттырды. Келін болып түскенде қайын атасы Жақсыбек қария «Балам, сен енді бір шаңырақтың келінісің, бұдан былай жұрт алдына суырылып шығып ән айту мен айтысқаныңды қой», – деп ақ батасын берді.
Туған жерден ес біліп қалған он жасында кеткендіктен кіндік қаны тамған Шежін ауылының сұлу келбеті әрдайым көз алдында тұратын еді. Ағайын-туыс та елді аңсап, шегараның арғы бетіндегі көк жиекке сағынышпен көз салатын. Отыз бес жыл сөйтіп жат жерде ішқұса тіршілік етті. Өткен ғасырдың елуінші жылдарынан кейін екі ел арасында жылымық байланыс орнап, азаматтығын жоғалтпаған қазақтар Кеңес үкіметі берген төлқұжатпен елге келе бастады. Сол кезде жат жұртта ішқұса болған туыстар түгел дерлік туған жерге оралды. Мұндағы ағайынның ер-азаматының көпшілігі Екінші дүниежүзілік соғыста опат болып, тірі қалғаны жаралы, жарымжан, дін аманы аз. Шаруашылықтарда қол күші жетіспейді. Қытайдан көшіп келгендерге «Бізге кел» деп қолқа салған басшы көп. Жергілікті ағайынмен ақылдасып, сол кезде шаруашылығы жақсы деңгейге көтеріле бастаған, қол астындағы қарапайым еңбеккерлеріне ерекше қамқорлықпен қарайтын басшысы мақтаулы «Қазанның 40 жылдығы» ұжымдық шаруашылығына барып, ар жақтан бірге келген ағайын-туыс бөлініп-жарылмай жұмысқа орналасты.
Сыламжанның отбасы Іле өзенінің жағалауындағы Құндызды деген жердегі етке өткізілетін өгіз табынын қабылдап алды. Сыламжан алпамса денелі, көп қулық-сұмдықты білмейтін, қоғамның жұмысына адал, еңбекқор жан еді. Өзіне табысталған өгізше табынын уақтылы өрістетіп, жақсы бақты. Жұмысының тиянақты екенін байқаған ұжымшар басшысы Николай Головацкий бірер жылдан соң бұлардан телімді сиыр табынын бағуды өтінді. Табынының телімді деп аталуының мәні шаруашылықтың сүт фермасындағы сауылатын сиырлардың бұзауын туғанан кейін енесінен ажыратып, осында алып келіп, басқа сиырға теліп емізіп өсіретіндігінен. Сүттілігіне қарай кейбір сиырға екі, үш бұзау телінеді. Бұл оңай шаруа емес, кейбір асау мал бөтен төлді маңайына жолатпайды. Ондайларды қазыққа қадап байлап, жас төлді қолмен теліп тұрып сүтке тойғызуға тура келеді. Ертеңгісін, кешқұрым үйдегі тайлы-тұяғы қалмай, бала-шаға түгел асау малдың басымен алысып жүргені.
Шаруашылық басшылары Сыламжан мен Нұрқан отбасының осы мехнатын жиі көріп, біліп, еңбегін бағалап жүрді. Әсіресе басқарма төрағасы Николай Головацкий жыл сайынғы өтетін шаруашылықтың қорытынды жиналысында есімдерін ерекше мақтап атап, сый-сияпатынан да құр қалдырмайтын. Сол кезде шаруашылықта мал саны өсіп, қой, ірі қара отарлары көбейді. Оларға 1960 жылы бір табын туатын сиыр бағу тапсырылды. Жыл сайын әр жүз сиырдан 90-95-тен бұзау алып, аман өсіріп озат малшы атанды. 
– Мен күйеуім Сыламжанға көмекші болдым. Шаруашылық басшысы әйелдердің еңбегін қашан да жоғары бағалаушы еді. Бесжылдық қорытындысында жақсы еңбек еткендер қатарында мемлекеттік марапатқа ұсынып, 1967 жылы кеудеме Еңбек Қызыл Ту орденін тақтым, – дейді Нұрқан апа.
Апамыздың жиын-тойда әлі де ән шырқайтыны, жас кезінде айтысқаны есімізге түсіп, сол жайлы сұрап едік. 
– Ана жылы ұжымаралық айтыс ұйымдастырылып, бригадамыздың намысын қорға деп ауыл азаматтарының мені қоярда-қоймай апарғаны бар. Сонда қарсылас болып шаруашылықтың құс фермасында жұмыс істейтін, күйеуімен ажырасқан, бір кербез келінім кез келіп, былай деп өлең айтып едім:
Айтысқалы кеп қалдым келіндерім,
Өзіңмен айтысуға ерінбедім.
Көшеде біреуіңді көре қалсақ,
Амандаспай жыбырлар еріндерің.
Тапқаныңды бойыңа жапсырып ап,
Бар-жоғыңа қарамай керілгенің,
Айтысқалы отырмын келіп енді,
Шаппасам да көрейін желіп енді,
Әркім тәуір қараса бір баласың,
Кетті екен қандай адам жеріп енді.
Бір сөзіңнен бір сөзің артылып тұр,
Барамын сары майдай еріп енді – дегенімде бүкіл ел қол соғып жеңісті маған берді. 
Олар зейнеткерлік демалысқа шыққанша осылай елмен біте қайнасып, ұжымшардың ірі қара малын бақты. Зейнеткерлік демалысқа шыққанда шаруашылық басшысы сый-сияпат жасап, ерлі-зайыпты Сыламжан мен Нұрқан екеуінің кеудесіне «Еңбек ардагері» деген медаль тақты. Тіпті оларды шаруашылық басшысы жұмыстан жібергісі келмей Кішішыған ауылындағы мал бордақылайтын кешенде ұлы Әкімжанды бас бақташы етіп, өгізше отарын баққызды. 
Солай шалы Сыламжан екеуі қыс қыстауда, жаз жайлауда тыным таппай мал бағып жүріп тоғыз бала туып, ержеткізіпті. Қазір тоғыз баласы да өз алдына отау құрып сан салада еңбек етіп жүр. Олардан құдай берген немере, шөберелері бар.
Жақында тұңғыш ұлы Сыйқым бастаушы болып, қалғандары қоштап, Нұрқан апаның 100 жасқа толған тойын ел-жұртына, туыстарына дүркіретіп өткізді. Сол тойда ғасыр жасаған аруанаға айтылған ақ тілектер қабыл болып, тойы-тойға ұласа бергей деген тілектеміз.

 

Мырзағали НҰРСЕЙІТ,
Жаркент қаласы

Қатысты жаңалықтар

Президент ІІ-ші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысты

Президент ІІ-ші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысты

20.06.2025
Қазақстан садақ атудан Азия кубогының финалына шықты

Қазақстан садақ атудан Азия кубогының финалына шықты

20.06.2025
Ұшақта авиарежимді неге міндетті түрде қосу керек?

Ұшақта авиарежимді неге міндетті түрде қосу керек?

20.06.2025
Тұрақты ауыл шаруашылығы: органикалық және көміртекті егіншілікті дамыту

Тұрақты ауыл шаруашылығы: органикалық және көміртекті егіншілікті дамыту

20.06.2025
Жетісу облысында сегіз жаңа су қоймасы салынады

Жетісу облысында сегіз жаңа су қоймасы салынады

20.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.