Талдықорған: +35°C
$ 476.75
€ 541.59
₽ 6.06
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҚАУҚАРСЫЗ ӘКІМДІК, ҚАЖЫТҚАН ҚОҚЫС АЛАҢЫ

22.01.2023
КҮЛТӨБЕ
ҚАУҚАРСЫЗ ӘКІМДІК, ҚАЖЫТҚАН ҚОҚЫС АЛАҢЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Тау қойнауында орналасқан Текелі қаласының тұмса табиғатын бір көрген ел «Жетісудағы Щвецария» деп таңдай қағып кетеді. «Шіркін, шырайлы шәріде тұратындардың арманы жоқ шығар» дейтіндер де бар. Бірақ, кенді шаһарда шешілмей келе жатқан өзекті мәселелер шаш етектен. Әсіресе, экологиялық мәселеге келгенде ашынған жұрттың жанайқайы селдей тасиды. Жергілікті атқамінерлердің қолы қысқа ма, ісі өнбей ме, әйтеуір 26 жылдан бері қордаланған шаруаның түйінін тарқата алатын емес. Осыған орай біз моноқалаға барып, жыл санап үдеп бара жатқан шарасыз жұртшылықтың шағымын тыңдап қайттық.

Текеліде 1942-1996 жылдар аралығында жарты ғасырдан астам уақыт жұмыс істеп, кеніштерден, пайдалы қазбаларды өңдеген қорғасын-мырыш комбинатынан шыққан қалдықтар жинақталған қоймалар орналасқан алқап тұр.  Сырт көзге қауіпсіз болып көрінетін үйінді төбешіктерде қордаланып, қатталып қалған қалдықтар арасындағы түрлі химиялық элементтері кенді шаһарға кеселін тигізуде. Біз барғанда 26 жыл бойы улы элементтердің ошағына айналған қойманың бетіне мұз қатып тұр екен. Иә, қыс мезгілінде оның аса қатты зияны жоқ. Бірақ, күн жылып мұз еріген соң улы иіс бүкіл қалаға тарайды. Әсіресе, желді күні ауа арқылы жайылып, жаңбырлы күндері су арқылы топырақ қабаттарын бүлдіреді. 69 гектарды алып жатқан полигонның мәселесін тұрғындар облыс әкімі сапармен барғанда, сондай-ақ, жылда әкім есебі болған сайын көтереді. Уәде беріледі, бірақ, ұсыныс-тілек жылда орындалмай қалып қоя береді. Сылдыр сөз, құрғақ уәдеден жұртшылық әбден діңкелеген. Тұрғындар құрамында қорғасын мен мырыштың және тағы басқа да зиянды элементтердің үлесі көп қалдық қоймаларынан төніп отырған қауіпке қатысты жылдар бойы созылған өзекті мәселенің зардабын ойлап, бала-шағаның ертеңі үшін елеңдеуде.

– Қалдық төгетін палигонның беті ашық болғандықтан оның залалы халыққа тиюде. Күн жылынып жел тұрған кезде қалаға жағымсыз иіс тарайды. Әсіресе, көктем мен жаз айларында улы иіске шыдау мүмкін емес. Әкімдікке айта-айта шаршағанбыз. Әлеуметтік желіде де жазылып жатыр. Жылда уәде бергеннен пайда жоқ, – дейді қала тұрғыны Арман Суров.

Нұргүл Нұрмахамбетова да қала тұрғынының кез-келгенін тоқтатып ең өзекті мәселені сұрасаң барлығы экология мен ауызсу деп шулайтынын айтады. Расымен, шортандай қайғыға батқан жұртшылықтан полигон жайлы сұрай қалсаң «қолқаны қапқан иістен қалай құтыламыз?» деп зар илеуде.

– Текеліде тұрып жатқаныма 5-6 жыл болды. Жаз айында палигонның иісі қалаға дейін келеді. Үкімет бір шара жасамаса қалдықтың кесірінен қарапайым халық зардап шегуде. Текелі – туризмнің мекені дейміз. Бірақ, экология мәселесін қолға алмасақ, қалдықтың иісінен халық зардап шегіп жатса, ауа ластанса, ауызсу жоқ болса, туризм саласын өркендетеміз деу бекер, – дейді қала тұрғыны Қамет Аждар.

Ел арасында «хвостохранилища» деген өрескелдеу естілетін атауға иелік ететін қалдықтарды тегістеп, бетін топырақпен жауып, жерді өңдеуге қатысты бірнеше рет талпыныс жасалған. Мәселен, 2019 жылы кенді қаланың әкімі болған Бақтияр Өнербаев  «Қаланың ортасында 60-70 жыл бұрынғы көміп тастаған комбинат қалдықтары бар. Қалдықтың беті қазір ашық жатқандықтан жел тұрған кезде қоқыс ұшып, қаланың үстін жауып, жер, суға залалын тигізуде. Бау-бақшалардағы алма ағаштарының бұзылып кетуі де осыған байланысты. Осы мәселенің алдын алу мақсатында жобалық-сметалық құжат жасалды. Қаржы  бөлінді. Келесі жылы респбуликалық және облыстық бюджеттен қаражат бөлінсе рекультивация жасаймыз. Қалған қалдықтың үстін топырақпен жауып, газон мен ағаш егеміз», – деп тұрғындардың көңілін қуанышқа бөлеп, төбесін көкке жеткізген еді. Өкінішке қарай, шаһар басшысының бұл ісі де аяқсыз қалды. Жергілікті билік қауіпті қалдықтарды жоюдың жобасын әзірлеп, оны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 600 миллион теңге бөлінеді. Қаржы қолға тиісімен мердігерлер жұмысқа кіріскенімен, бір кездегі қорғасын-мырыш комбинатының ісін жалғастырушы «Текелі кен өңдеу комбинаты»  қалдықтарға өзінің құқын мәлімдеп,  тегістеу, жерді қалпына келтіру жұмыстары тоқтатылады.

Сол кездегі қала әкімі Бақтияр Өнербаевтың айтуынша, сол кездегі “ТГПК» ЖШС директоры Жамакин «Текелі қаласындағы қалдықтар қоймасын қалпына келтіру» жобасының жұмысын тоқтатуды ұсынып, онысын   қалдық төбешіктерінде комбинатқа тиесілі клинкерлер, құбырлар орналасқанымен түсіндірген. Комбинат басшылығы іле-шала жылдар бойы жинақталған қауіпті қалдықтарды банкке салып, қомақты кредит алыпты.  Былайғы кезде қарапайым жұрт баспана алу үшін банктен берілетін несиеге жылдар бойы қол жеткізе алмай сандалады. Ал бұл жерде қаржылық институттың қалдықтар үшін миллиондарды қиналмай ұстата салғаны да түсініксіз…

Осы көктемде сол кездегі Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев «SunlightInvestments» компаниясының басшылығымен өзара келісімге қол қойды. Қос тарап тау-кен байыту  комбинатының құрылысына қатысты аса ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру жөнінде уағадаласты. Бұл кәсіпорын Текелі қорғасын-мырыш комбинатының жұмыс істеген жылдарында шығарылып, жинақталып қалған қалдықтарды пайдаланатынын естіген текеліліктер «хвостохранилища» төндіріп отырған қауіптен құтылатын болдық деп кезекті мәрте қуанған. “SunlightInvestments” компаниясы жаңа жобаға 200 млрд теңгеге жуық қаржы қарастыратындығы, оның 60 млрд. теңгесі тау-кен байыту комбинаты құрылысына жұмсалатындығы жайлы мәлім болған еді. Жобаның жетекшісі Уәлихан Атагелдиевтің сол кезде айтқандарына сәйкес, жинақталып қалған қалдықтар қаладан 10-15 шақырымдағы қауіпсіз жерге апарылып, сол жақта қайта өңдеуден өткізіледі.  Өңдеуден өткен материалдарды комбинат шикізат ретінде пайдаланылады. Зиянды шығындылар замауни талаптарға сай қайта көміледі деген. Одан бері де жарты жылдан астам  өтті. Бұл бағытта нақты жұмыстар қолға алынды деп айту қиын.

Қыркүйек айында жоғарыда аталған компанияның басшылығы мен облыстың жаңа әкімі Бейбіт Исабаев кездесіп, кезекті рет «Текелі қаласындағы қалдықтар қоймасын қалпына келтіру және заманауи тау-кен байыту комбинаты құрылысы» жобасын орындау бойынша меморандумға қол қойысты. Бұл жолы инвестицияның көлемі сәуірдегіге қарағанда тәуірлеу екен. Нақтырақ айтқанда, 270,7 млрд. теңге және 500 жұмыс орны ашылмақ.  Жоспарды жүзеге асыру кезеңі 2022–2030 жылдар аралығы. Бақандай 8 жыл. Бұл жылдарда алдымыздан қандай өзгерістер күтіп тұрғанын кім білсін? Соған сай бұл жобаның соңы да сиырқұймышаққа салынып, су аяғы құрдымға кетеді-ау деген күдік көп. Алғашқы келісімнен кейінгі жарты жылда жобаны орындау бағытында жарты қадам да жасалмағаны сенімсіздікті арттырмаса, кемітпейді.

Қорғасын-мырыш комбинаты жұмысын тоқтатқанына 26 жыл өтті. Бірақ, әлі күнге халық күлімсі иіспен тыныстап күнелтуге мәжбүр. Елді дүрбелеңге салған экология мәселесін мемлекеттік тұрғындар қолға алып, қомақты қаржы бөлінбейінше жағдайдың оңалатын түрі жоқ сыңайлы…  

Айдар ҚАЛИЕВ
Текелі қаласы

 

Қатысты жаңалықтар

Көксу барысы – 2026: Жеңімпаздар облыстық турнирге жолдама алды

Көксу барысы – 2026: Жеңімпаздар облыстық турнирге жолдама алды

28.07.2026
Тазалық табалдырықтан басталады

Тазалық табалдырықтан басталады

28.07.2026
Цифрлық медициналық кітапша: Қазақстанда жаңа сервис іске қосылды

Цифрлық медициналық кітапша: Қазақстанда жаңа сервис іске қосылды

28.07.2026
Келелі мәселелер сөз болды

Келелі мәселелер сөз болды

28.07.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Перу Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Перу Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

28.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.