Талдықорған: +24°C
$ 510.06
€ 566.32
₽ 6.32
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҚАЗАҚ АРХЕОЛОГИЯСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ҚЫЗҒАЛДАҒЫ

28.09.2024
КҮЛТӨБЕ
ҚАЗАҚ АРХЕОЛОГИЯСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ҚЫЗҒАЛДАҒЫ

Уақыт байланыстырушы  жіп» бағдарламасында еліміздің көрнекті қоғам қайраткері, жазушы Мұрат Әуезовтің: «Сіздің серіктестеріңіз немесе ізбасарларыңыз бар ма? Сіз жүргізген экспедициялардың фотоларынан экспедиция мүшелерін көрдім. Олар өзгеріп тұра ма, әлде өзіңіз сияқты ісіне берілген шәкірттеріңіз бе?» деген сұрағына түрколог Айман Досымбаева: «Бар, бар, шәкірттерім бар! Олар ғылыммен энтузиазммен, сүйіспеншілікпен ғана  айналыспайды. Шәкірттерім үшін түркі мұрасы мәселесі өте маңызды!», – деп мақтанышпен жауап берді.


Маған ғалым-түрколог, шығармашылық гео- графиясы кең тұлға – Айман Досымбаеваның шәкірті болу бағы бұйырды. 2006 жылдың күзі болатын. Кездейсоқ университеттегі ұстазым Гүлнұр Жұмаханқызымен қарама-қарсы ұшыраса кеттік. Қал-жағдай сұрастық. Аспирантураға құжат тапсырғалы жатқанымды айтып, тақырыбым төңірегінде баяндай бастағаным сол еді, сөзімді бөліп жіберді.

 – Сен қыз, кешке үйге кел. Асықпай отырып сөйлесейік! – деп, мекенжайын айтып кете барды. Кешқұрым кездестік. Әңгіме-дүкен құрдық. Ақыл-кеңесі мен бағыт-бағдарын берді. Екі күн өткен соң Алматыға жол тарттым. Бағытым – Әлкей  Марғұлан атындағы археология институтының «Түркі мұрасы бөлімі». «Түркі мұрасы» бөлімі деген жазуы бар темір есікті жүрексіне ашқан мені жүзі жылы, еркекке тән сабырлылығы мен салмақтылығы басым танымал түрколог Айман Досымбаева қарсы алды. Қош, сонымен сол сапардан Әлкей Марғұлан атындағы археология институтының ізденушісі һәм Айман апайдың шәкірті атанып, бір сөмке кітап арқалап Тараз шаһарына кері қайттым.

Айман Медеубайқызы 1954 жылы 8 желтоқсанда Алматы облысы, Қаратал ауданы, Тастөбе ауылында өнегелі ұстаздар отбасында дүниеге келген. Әкесі Досымбаев Медеубай Бижанұлы тарих пәнінің, анасы Чаруа Жақанбаева математика пәнінің мұғалімі еді. Әкесінің мінезі мен болмысы жөнінде Айман апай: «Ата-ананың тәрбиесі – бала мінезінің іргетасы» деп мінезінің әкесінен дарығандығын жиі айтып отыратын. «Сабақ түсіндіргенде сөз саптауға шебер еді, тарихқа ұйытып әкететін», – дейтін. 1971 жылы бұрынғы Алматы облысы,  Қаратал ауданы, Кәлпе стансысының  Кәлпе орта мектебін аяқтаған Айман Медеубайқызы әкесінің ұзақ уақытқа созылған сырқатына байланысты өндірісте еңбек етіп, тек 1978 жылы әке жолымен Абай атындағы Қазақ педагогикталық институтының тарих мамандығына оқуға түседі. Студенттік жылдары асқан ыждағаттылықпен ғылымға ден қойып, құлшына кіріседі. 3-курста Мәскеу мемлекеттік университетінің халықаралық студенттер конференциясында «Жетісу аумағындағы қола дәуірінің ескерткіштері» тақырыбында баяндама жасап, көзге түседі. Дипломдық жұмысын да аталған тақырып аясында жоғары деңгейде қорғап, өмір жолын археологиямен байланыс- тыруға бел буады. 
Еңбек жолын 1985 жылы ҚазКСР Ғылым академиясының  Ш. Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнология институты архео- логия бөлімінің инженері ретінде бастайды. 1991 жылы археология бөлімінің Ә. Марғұлан атындағы археология институты ретінде қайта құрылуына байланысты кейінгісіне ауыстырылады. Ғалымның ғылым жолындағы тағдыры осы  институтпен тығыз байланысты болып, 1998 жылы кандидаттық, ал 2010 жылы докторлық диссертациясын қорғайды. Ізденімпаз жас ғалымға ғылым жолындағы бағытты әрі ешкімнің тісі бата бермейтін тақырыпты таңдауға өз кезінде дұрыс жол сілтеген ғалым-археолог Сержан Ақынжанов болатын. Бұл жөнінде Айман Медеубайқызы: «Жаңадан оқу бітіріп келген кезім. Қазақ даласын ежелден мекен еткен бабаларымыздың тегі мен тілі туралы ғалымдардың пікірі әралуан еді. Осы мәселе төңірегінде Сержан Мұсатайұлымен жиі әңгімелесетінбіз. Ол қазақтың ежелгі тарихының ақтаңдақтарының жазба деректерде көптеп кездесетінін және археологиялық ескерткіштердің қойнауында көміліп жатқанын әрдайым қайталап отыратын. Түркі дәуірі ескерткіштерінің бірқатарын белгілі археолог Э. Новгородоваға көрсеткенін, оларды терең әрі тыңғылықты зерттеудің өзекті екенін жиі тілге тиек ететін. Сондай бір сұхбат барысында аға ғалым маған: «Айналайын Айман, түркі мұрасын зерттеуді қолға алу керек. Сенің оған мүмкіндігің де, қарым-қабілетің де жетеді», – деген еді деп ғылым жолындағы алғашқы ұстазын сағына еске алып отыратын-ды. Өкінішке қарай, Сержан Мұсатайұлы көп ұзамай өмірден озады. Аға ғалымның аманатын арқалаған жас зерттеуші Э. Новгородовамен кездеседі.  Өз кезегінде Элеонора Афанасьевна Айман Медеубайқызын көрнекті кеңестік және қазақстандық түркітанушы ғалым Юрий Алексеевич Зуевпен таныстырады. Осы бір таныстық жас ғалымның өмірін түбегейлі өзгертеді. Ал оның ғылыми қызығушылығы мен таңдаған бағытын естіген түркітанушы Айман апайымыздың тілімен айт- қанда «өмірге қайта келгендей болды, балаша қуанды». Ю. Зуев білім-білігімен, ойларының биіктігімен ханнан да қадірлі ұстаз бола білді. Ұстаз бен шәкірт арасында ғылыми үндестік орын алып, бұл үндестік шәкірттің ғылым жолындағы еңбегінің жаңа белеске көтерілуіне жол ашады. Көп ұзамай А. Досымбаева Жамбыл облысы, Мерке ауданы, Мерке тауларының бөктерлеріндегі алғашқы түркі ескерткіштеріне зерттеу жүргізеді. Алайда, ескерткіштеріне зерттеу және түркілер этногенезінің түп бастауын ғылыми тұрғыда зерделеу нәтижесі үнемі үйсін этногенезі мәселесімен ұштаса берді. Нәтижесінде жазба деректер мен археологиялық ескерткіштерді қайта саралап талдап шыққан А. Досымбаева үйсіндер түркілердің тікелей ұрпағы деген тұжырымды ең алғашқылардың бірі болып ғылыми тұрғыда негіздейді. Алғашында Шу өзенінің аңғарында орналасқан Мерке тауларының төменгі бөктерлеріндегі бірлі-жарым ескерткіштерді зерттеген ғалым 5-6 жылда жолдың болмауына қарамастан 3600 шақырым биіктікте шоғырланған жүзден аса ескерткішті анықтайды. Анығын айтқанда А. Досымбаеваның есімімен Жамбыл облысындағы «Мерке» және «Жайсан» ғибадатханалары, Ақмола облысындағы «Құмай» археологиялық- этнографиялық кешені тікелей байланысты. Ғалым аталған түркі дәуірі мұраларын іздеп, тауып, зерттеп, ғылыми айналымға енгізіп қана қоймай оларды түгелдей қалпына келтіріп, құжаттап, картаға түсірді. Ашық аспан астындағы музейге, одан әрі отандық туризм орталығына айналдыруға бар күш-жігерін салды, армандады. 

А. Досымбаева ескерткіштерді мәдени ландшафт контекстінде сақтау идеясының авторы. Сондай-ақ, оны іске асыруға, жүздеген ескерткіштердің баз баяғы қалпында сақталуына және оларды елдің рухани қажетіне жаратуға саналы ғұмырын арнады. Өмірінің соңына дейін Түркі көшпенділері мұрасының керемет үлгісі – Құмай, Жайсан және Мерке ғибадатханаларының далалық, мәдени ландшафты әлемдік табиғи және мәдени мұралар қатарынан өзінің лайықты орнын алады және ұрпаққа қызмет етеді деп сенді. Мерке мемлекеттік ұлттық табиғи және этномәдени паркін, Жайсан мемлекеттік қорығын құруды ғылыми тұрғыда негіздеді. Осы ғылыми дәлелдері түркі көшпенділерінің эталондық киелі аумақтарының Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламалық құжаттарына енуіне негіз болды. Ғалым-ұстаз өмірінің соңына дейін 200-ден аса ғылыми еңбек жазды. Оның ішінде 15-ке жуық монография, оқу-әдістемелік құралдары бар. Ғалымның жаңашыл ойлары Батыс Түрік қағанатының этникалық өзегін құраған көшпенділер мәдениетінің автохтонды даму процесін тұжырымдауға және ортағасырлық түркілердің қазақтардың этногенезіне қосқан үлесін негіздеуге дәйек болды. 

 «Жүрген соң бауырында күнде көріп, таулардың биіктігі байқалмайды» демекші, өкінішке қарай, көзі тірісінде ғалымның еңбегі еленбеді, құрметке бөленбеді. Қайткен күнде де әлем түркологтарын мойындатқан ғалым артына ескірмейтін ескерткіш қалдырды. Дүние қумады, абырой жинады. Археология саласындағы қазақ қызғалдақтарының қайраткерлік үлгісін көрсетті. Оның келместің кемесіне мініп, мәңгілік мекеніне аттанғанына да 40 күн болыпты. Қош болыңыз, ғалым-ұстаз! 

Назгүл ҚАДІРІМБЕТОВА,
Л. Н. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университетінің  
Phd докторы, Мәдениет саласының үздігі

Қатысты жаңалықтар

Жетісу облысының намысын республикалық деңгейде қорғауда

14.05.2025
Жаңа пәтерлердің бағасы қайта өсуде

Жаңа пәтерлердің бағасы қайта өсуде

14.05.2025
Жетісу облысында киік мүйіздерін заңсыз сатқан теміртаулық ұсталды

Жетісу облысында киік мүйіздерін заңсыз сатқан теміртаулық ұсталды

14.05.2025
Қазақстандықтар жедел жәрдемді дамыған елдерге қарағанда жиі шақырады

Қазақстандықтар жедел жәрдемді дамыған елдерге қарағанда жиі шақырады

14.05.2025
Бидай алқабының қысқаруы: Қазақстан ұнсыз, нансыз қала ма?

Бидай алқабының қысқаруы: Қазақстан ұнсыз, нансыз қала ма?

14.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.