Талдықорған: +21°C
$ 469.93
€ 541.64
₽ 5.71
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҚАЗАҚ КӨГІНДЕГІ КҮН

07.04.2024
КҮЛТӨБЕ
ҚАЗАҚ КӨГІНДЕГІ КҮН
WhatsAppTelegramFacebook

Сұлтанмахмұт  Торайғыров Абайдан нені жырлауды, нені сынауды үйренді. Яғни ол да сол кездегі тап теңсіздігін, кедейлердің ауыр өмірін байқады. Зорлық-зомбылықты, теңсіздікті көре білді. Оның ұлы Абайдан үйренгендігі, оған еліктегендігі әр жазбасынан анық аңғарылады. 


«Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам» деп жырлаған Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Арыстан мен тышқан», «Көк өгіз» деген мысал өлеңдерінде нақтылы ғылымды игеруге деген үндеу бар. Ескі қоғамның іріп-шіріп бара жатқанын реалистік тұрғыда сынап жазады.

Ақынның жастарды ғылымға шақырған өлеңдерінің ішінде «Шәкірт ойының» алатын орны зор. «Кім жазықты?» романы автордың шығармалары ішіндегі күрделісі. Бұл романда интеллигент Аппақаймен бас қосқан жігіт фельдшер бейнесін өсіп келе жатқан жастарға үлгі ретінде көрсетеді. Оларға байлық мұра емес, оқу, білім алу мақсат деген қорытынды шығарады. Сол  оқудың нәтижесінде, олар мәдениетті болып, өзгелерге үлгі бола білді. Және медицина ғылымын меңгеріп, халқына пайдалы қызмет еткеніне ерекше тоқталған. Автор жастарымыз оқысын, елге пайдасы тисін деген еді. Сонда ғана бақсы-балгер жоғалады. Халық ауруын дәрігерлерге емдетеді деген терең ой жатқан жоқ па?! Сұлтанмахмұт Аппақай мен фельдшер жігітті өнеге, үлгі ретінде алған.

Тасболат бай өлген соң қатал қыста Әжібайдың бүкіл жылқысы жұттан қырылады. Неге? Мұнымен автор қазақ даласындағы зоотехникалық кемшілікті әшкерелеп отыр. «Жібекті жүн қылады түте алмаған» дегендей, малдың қатал қыста қырылуының түпкі себебін әшкерелейді. Табиғаттың төрт мезгілінде малға қалай  күтім керектігін сол кезде қазақ байлары білмеген. Соның салдарын ашып көрсетер тұста ақын: «жүгенін ұстап қалды қазақ байы», – дейді. Оның сыры – қазақ бақташылары зоотехникалық ғылымның не екенін білмеді. Оны меңгеріп, одан жан-жақты хабары болса, жыл бойы жетерлік пішен дайындап алар еді деген қорытынды шығарады. Оған кім кінәлі? Әжібай өмір кешкен сол кездегі ескі қоғам кінәлі. Әжібайдың отбасындағы нашар тәрбиеге де ескі қоғам кінәлі.

Әжібайдың малы жұттан қырылып, тіршілігінің қиындай бастағанын көреміз. Мұнымен автор ескі қоғамның өкілдері күн өткен сайын тоқырап, кейін кетіп бара жатқанын көрсетеді. Жаңа қоғамның ғылымға талпынған өкілдерінің аз да болса өсіп келе жатқанын мақтаныш сезіммен айтады. Бұдан феодалдық қоғамның шаңырағы шайқала бастағанын аңғару қиын емес. Автордың дәл осындай пікір айта білуі – дүниеге ғылыми көзқараспен қарауы, болашақты болжай білуі еді.
Енді ақынның «Адасқан өмір» поэмасындағы ғылым мәселелерін сөз етпейік. Бұл поэмада аты-жөні аталған кейіпкер жоқ. 

«Адасқан өмірде» ғылым қоғамның дамуы арқылы баяндалады. Яғни адам өміріне байланыстыра айтылады. Ақын адам өмірін бес  кезеңге бөліп баяндайды, ол – сәби, жігіттік, ересек, кәрілік, өлген шақ. Осы аталған кезеңдерден барша адам өтпей ме?! Адам сәби кезінде дүниеге пәк сезіммен ғана қарайды. Арамдық, қулық-сұмдықты, қоғамдық мүдде атаулыны мүлде білмейді? дейді Сұлтанмахмұт. Философиялық пікір осы поэмасында былай жырланады:
 «Дауа тапсам: дене ауру көрмес болса,
Қартайып, төзбей, адам өлмес болса.
Қиынды оңай қылар жолын тапсам,
Жұмыстан адам бейнет көрмес болса.
Керегін Жер-анадан оңай алып,
«Аш  қалам» деп көңілін бөлмес болса.
Суық, ыстық, сусыздық құрбанына
Ешқандай жан иесін бермес болса».
Бұдан медицина ғылымын насихаттап отырғанын көреміз. Қазіргі медицина ғылымы адамды тек аурудан сақтаудың жолын іздестірумен шектеліп отырған жоқ. Адам өмірін ұзартудың негіздерін тапты. Сұлтанмахмұттың осы өлеңінен медицинаның міндетін айқын көреміз.

 «Қиынды оңай қылар жолын тапсам, жұмыстан адам бейнет көрмес болса», – дейді автор. Осы екі жолда терең мағына бар. Техникалық прогрессті армандайды. «Техника – адамның игілігі үшін қызмет етеді, сонда адамдардың еңбегі жеңілденеді» дейді. Қазіргі ғылыми-техникалық даму күн сайын өсіп жатар. Қарапайым мысал келтірейік. Күнделікті шаңсорғыш, кір жуғыш  машина, көгілдір газ, телефон, теледидар пайдаланамыз. Осылардың өзі адам еңбегі, адамның игілігі үшін қызмет етіп жатқан жоқ па?!

Сұлтанмахмұт ғылым мен техника жаңалықтарын насихаттауды өз прозасында көбірек пайдаланған. Қазақ әдебиетінде әңгіме, очерк жанры әрі толық қалыптаспаған тұста бұл жанрды ақын жоғары сатыға көтере білген.

«Зарландым» деген шығармасында қазақ халқының білімде кенже қалғанына өкінеді. Мысалы, осы шығармасында баласын білімге талпындырған әкенің пікірін былайша баяндайды: «Пәленше сондай бір оқуы терең, үлкен молда. Шырағым, күн жылыда, жұмыс болмаған уақытта, анда-санда ғана барып сабақ алып жүр… Жұмыс реті келгенде, бармай да жүрерсің…» дейді. Осыдан-ақ кейбір ата-ананың жұмысының нашарлығын анық аңғаруға болады. 

«Қазақ ішіндегі оқыту жолы қалай?» атты мақаласының да көтергені жоғарыда атаған шығарма мазмұнына саяды. Қазақ балаларын оқытып жүрген кейбір  мұғалімдерді сынайды. Тек ата-аналар ғана емес, оқушылар да, мұғалімдер де кінәлі.

«Әні кетсе, әдебиеті жесір қалады, сәні кетеді, әні кетсе жаны кетеді», – дейді Сұлтанмахмұт. Тамаша пікір! Әні жоқ әдебиет әдебиет пе? Ол да бір жасыл жапырағынан арылған ағаш емес пе? «Қазақтың әнін жансыз ағаш қылып отқа жаққылары келмесе, әнді сақтаудың қамын қылыңдар» дейді. Елінің әні – өмірі. Өнері – ғылым. Екеуін егіз қозы іспеттес етіп көрсетеді.

Ақынның «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан» атты мақаласында қазақ тілінде сол кезде басылып шығып жатқан кітаптардың тілінің таза еместігі жөнінде мәселе көтерген. Себебі, тіл – әрбір ұлттың ғасырлар бойы жасап келе жатқан өшпес өнері. Осы мақаласында қазақ кітаптарының сөздері де шетелдік түсініксіз сөздермен шұбарланып бара жатқанын жазған. Сұлтанмахмұт тілдің бұзуына төзбейді. Оның бетпердесін ашады. Бұл күндері тіл – ғылымның ірі бір саласына айналып отыр. Тілдің келешекте осылай боларын сол кездің өзінде-ақ сезген,  тілге ғылыми барлау жасап, әділ пікір айтқан Сұлтанмахмұт осы мақаласында: «Мұның аты: тіліміздің орнын сипалап қалуға бейімдеп бара жату болады…» – дейді.

Тіліміздің қайнар бұлағы – халықта. Жазғанымызды  халық толық түсінбесе, ол кімнің әдебиеті, кімнің тілі болмақ? Ақын оның мәнін ашып берді. Қысқасы, Сұлтанмахмұт тіл ғылымын насихаттады. Ғылымның арқасында халық өмірін жеңілдетуді айтты. Ғылымы қарыштап кеткен елдерге қысқа мерзімде теңесуге болады деді. Оның бәрі өзімізге байланысты. Тек ынта, жігер, зейін болсын деген пікір көтерген.

Ғылым мен техниканы кеңінен насихаттаған Сұлтанмахмұт публицистикалық шығармасында пулемет, снаряд, завод, фабрика, электр, параход, телефон, машина, тағы басқа техникалық атаулар қолданыпты. Көптеген ғылыми-техникалық терминдерді атап өтеді – агроном, фельдшер, техника, вулкан, география, драма, роман, фельетон, программа, редакция, газет, журнал, план, университет, педагогика, стипендия, театр, басня, конверт, больница деген сөздерді жиі қолданған. Өзі қолданған терминдердің мәнін жете түсініп, оны оқушыларына да жеткізе білген ақын өзіне ғылымның нұрын шашып, халқын қайткен күнде озық мәдениетті елдер қатарына жеткізу үшін бар ғұмырын сарп етті. Бар болғаны жиырма жеті жас өмір кешті. Осы қысқа ғұмырында келер ұрпаққа қаншама мол мұра қалдырып кетті десеңізші?!

Садық ЖҰМАБАЙ
Жаркент қаласы

Қатысты жаңалықтар

Болашақтың берік негізі

Саяси жаңғыру: Құрылтай сайлауы – жаңа басқару моделінің басты сынағы

10.08.2026
Құрылтай – орталық пен өңір арасын жақындатқан жүйе

Ұлттық құрылтай – ел мен қоғам арасындағы байланыс көпірі

10.08.2026
Президенттің отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларын күшейту жөніндегі тапсырмалары қалай жүзеге асуда?

Президенттің отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларын күшейту жөніндегі тапсырмалары қалай жүзеге асуда?

10.08.2026
Ұлы ақынның ұлағатты ойлары

Ұлы ақынның ұлағатты ойлары

10.08.2026
Абай мұрасы – ұрпаққа өнеге

Абай мұрасы – ұрпаққа өнеге

10.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.