Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

АЗАМАТ — АУЫЛ АЖАРЫ

29 желтоқсан 2024
КҮЛТӨБЕ
АЗАМАТ - АУЫЛ АЖАРЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Азаматына қарап ауылын танитын халықпыз ғой. Елім дегенде еңсесін тік ұстап, көштің алдында жүретін жандар болады. Туған жеріне туын тігіп, түтіні түзу шықсын деп жүрген сондай жандар біздің ауылда да бар. Тағы да он екі айды аяқтап, күнтізбеден жаңа жылдың алғашқы парағы ашылғалы тұр. Осы сәтте ауылымыздың ажарын ашып, базарын келтіріп жүрген қос азаматқа ел-жұрттың атынан алғыс айтуды жөн санадым.


Олар Жыланды ауылында туған Серік Оспанов пен Мұхтар Қиынов. Мұхтар Болатұлының анасы Раушан Бижанова апайымыз Шынжылыдағы мектептің іргесін қалаған әрі мектеп директоры болған жандардың бірі. Содан болса керек, ұстаздың ұлы қашан да алтын ұяға қол ұшын беруден шет қалған емес. Жылу жүйесінен бастап, көктем-күзде ауласын, маңайын тазартуға көмектесіп, арнайы техникаларын жіберіп, мүмкіндігі болса өзі де кірісіп кетеді. Жылдағы дәстүр бойынша мектептегі балаларды жаңажылдық тәттілермен қуантып, мерекелік көңіл күй сыйлады. Осындай игі істердің басы-қасында Серік Кеңесбекұлы да бірге жүреді.

Серік елімізге атымтай жомарттығымен танылған, ірі меценат Бауыржан Оспанов ағамыздың інісі. Алдындағы ағаның ізімен жүріп, ел-жұртына қашанда қолдау көрсетуге дайын. Ауылдың береке-бірлігіне ұйытқы болып жүрген қос азамат мектеп ішінде өтетін әрбір шараға демеушілік жасап тұрады.

Таулы аймақ болған соң кейде ауызсу мәселесі болып қалады. Сондай сәтте де қасындағы жігіттерін жіберіп, біздің алаңдаған көңілімізді орнына түсіреді. Атамыз қазақта: «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген сөз бар. Осы қанатты сөзде айтылғандай жаңа жыл қарсаңында Мұхтар Болатұлы мен Серік Кеңесбекұлына ауылдастар атынан алғыс айтып, ілтипатымызды білдіргіміз келеді. Отбасыларына амандық, шаңырақтарына шаттық, кәсіптеріне береке тілейміз. Елдің алғысын арқалап, сенімін ақтап, абыройларыңыз асқақтай берсін! 

Ұлбике Қожабекова,
Шынжылы негізгі орта мектебінің шаруашылық меңгерушісі
Алакөл ауданы

 

Қатысты жаңалықтар

Өрісі кеңейген Көксу

Өрісі кеңейген Көксу

27 қараша 2026
Жегені желкесінен шығады

Жемқорлықты әшкерелегендерге 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі

27 қараша 2026
Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

27 қараша 2026
Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

27 қараша 2026
Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

27 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.