Талдықорған: +10°C
$ 458.85
€ 503.50
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Қазақстанда шетелден келген компанияларға қандай талаптар қойылады?

28 сәуір 2025
КҮЛТӨБЕ
Қазақстанда шетелден келген компанияларға қандай талаптар қойылады?
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанда шетелден келген компаниялар үшін арнайы талаптар белгіленбеген. Республика инвестиция тартуға ашық және ел аумағында инвестициялық жобаларды іске асыруға ниетті шетелдік инвесторларды қолдайды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі BAQ.KZ тілшісіне берген ресми жауабын айтты.

Ведомствоның мәліметінше, егер шетелдік инвестор мемлекеттік қолдау (преференция) алғысы келсе, онда ол Қазақстан заңдарына сәйкес заңды тұлға ретінде тіркелуі керек. Бұл талап Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 292-бабына негізделген.

Қазақстандағы инвестициялық преференцияларды келесі келісімдер негізінде алуға болады:

• Инвестициялық келісімшарт;
• Инвестициялар туралы келісім;
• Арнайы инвестициялық келісімшарт;
• Арнайы экономикалық аймақтың (АЭА) басқарушы компаниясымен жасалған шарт.

Инвестициялық келісімшарт бойынша инвесторлар мынандай жеңілдіктерге ие бола алады:

• Салықтық преференциялар;
• Мемлекеттік заттай гранттар;
• Жабдықтарды, қосалқы бөлшектерді, шикізат пен материалдарды импорттау кезінде кедендік баж салығынан босату.

Бұл салықтық жеңілдіктер тек инвестициялық басым жобаларды іске асыру үшін беріледі. Преференция үшін өтінім беруші міндетті түрде Қазақстанда тіркелген заңды тұлға болуы керек және жобасы 2016 жылғы 14 қаңтардағы №13 Үкімет қаулысымен бекітілген басым қызмет түрлерінің тізбесіне сәйкес келуі тиіс.

Сонымен қатар, инвестициялық басым жобаларды іске асыратын инвесторлар шетелдік жұмыс күшін квотасыз және арнайы рұқсатсыз тарта алады («Халықтың көші-қоны туралы» заңға сәйкес).

Инвестициялар туралы келісім арқылы:

— Корпоративтік табыс салығы,
— Жер салығы,
— Мүлік салығы,
— АЭА аумағында ҚҚС (қосылған құн салығы) жеңілдіктері беріледі.
— Сонымен бірге нақты шығындарды өтеу тетіктері қарастырылған.

Арнайы инвестициялық келісімшарт шеңберінде:

— Технологиялық жабдық пен оның бөлшектерін импорттағанда ҚҚС және кедендік баждан босату мүмкіндігі бар.

• Жобаның құнына қарай салықтық жеңілдіктер алады,
• Еркін кеден аймағы тәртібін пайдаланады,
• Рұқсаттар мен келісімдерді алу процедураларын жеңілдетілген тәртіппен өтеді.

Еске салайық, былтыр Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі 17,2 миллиард долларға жетті. Ведомствоның мәліметінше, инвесторлар ең көп қаржы құйған салалар қатарында дәстүрлі бағыттармен бірге өңдеу өнеркәсібі мен IT саласы да алдыңғы орынға шығып келеді.

Қазақстанға ең көп инвестиция салған елдер:

Ресей – 4,1 млрд доллар,
Нидерланд – 3,8 млрд доллар,
Оңтүстік Корея, Бельгия, Қытай – әрқайсысы 1,2 млрд доллардан,
Франция, Кипр, Ұлыбритания, Сингапур және Түркия – әрқайсысы 597 млн мен 843 млн доллар аралығында қаржы салған.

Фото: pixabay

Қатысты жаңалықтар

Өрісі кеңейген Көксу

Өрісі кеңейген Көксу

Бүгін, 15:59
Жегені желкесінен шығады

Жемқорлықты әшкерелегендерге 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі

Бүгін, 15:24
Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Бүгін, 15:03
Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Бүгін, 12:50
Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Бүгін, 12:03

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.