Қазақстанда 461 мемлекеттік кәсіпорынды жекешелендіру жоспарланып отыр. Соның ішінде жеті футбол клубына мемлекеттік қаржыландыруды тоқтатылмақ. Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жекешелендіру жөніндегі Ұлттық кеңсенің жекешелендіруге жататын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тізбесін қалыптастырды. Жүргізілген талдау және экономикалық тиімділікті есептеу негізінде бәсекелестік ортаға беруге ұсынылатын 461 субъект таңдалды.
«Кәсіпорындардың қалыптасқан пулы реформалар жөніндегі Жоғары Кеңеске жіберіледі, содан кейін жекешелендірудің Кешенді жоспарына енгізіледі. Бұл жұмыстың аяқталуы 2028 жылдың соңына дейін жекешелендіру барысының мониторингі болады», – деді бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров.
Салалар бойынша жекешелендіруге ұсынылған кәсіпорындар саны:
- Энергетика және коммуналдық шаруашылық – 200
- Өнеркәсіп және индустрия – 20
- Ауыл шаруашылығы – 147
- БАҚ, көлік және байланыс – 14
- Әлеуметтік сала – 76
- Қаржы секторы – 4.
Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысындағы 8 колледж сенімгерлік басқаруға беріледі (сатып алу құқығынсыз). Ал Түркістан облысында «Сарыағаш» емдеу-оңалту кешені және басқа да ұйымдар жекешелендіріледі.
Футбол клубтары да жекешеленеді. Барлығы 7 клубты мемлекет қаржыландыруды тоқтатады. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың аймақтық бюджеттерге тәуелділікті азайтып, спорт клубтарының өздігінен қаржылануын қамтамасыз ету туралы тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылмақ.
Президенттің «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес, мемлекет тек бәсекелестік жоқ немесе толық қалыптаспаған салаларға ғана қатысады. Ал жеке бизнес дамыған салаларда мемлекеттің рөлі уақытша болады. Жекешелендіру жөніндегі Ұлттық Кеңсе 2024 жылы 28 мамырда құрылды. Оның құрамына министрлер, әкімдер, Парламент депутаттары, квазимемлекеттік сектор өкілдері, сарапшылар мен «Атамекен» ҰКП мүшелері кіреді.
Фото: Pixabay.com