Қазақстанның барлық дерлік өңірінде аптап ыстыққа, ауа райының құбылуына байланысты ескерту жасалды деп хабарлайды, 7su.kz желілік басылымы «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
«Қазгидрометтің» ресми сайтында «Жетісу облысының таулы аудандарында, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады» деп жазылған.
Одан бөлек, Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарда найзағай күтіледі, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с. 09 шілдеде облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматыда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, кей ұақытта қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады.





