Талдықорған: +35°C
$ 473.40
€ 539.39
₽ 6.07
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҚАЗҰУ-ДА Д.ҚОНАЕВТЫҢ 110 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТТІ

15.01.2023
КҮЛТӨБЕ
ҚАЗҰУ-ДА Д.ҚОНАЕВТЫҢ 110 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТТІ
WhatsAppTelegramFacebook

ҚазҰУ-дың Әл-Фараби кітапханасында көрнекті мемлекет қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 110 жылдығына арналған «Тарихи тұлғалар – ел есінде» атты мәдени шара өтті. Оған белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, Халықаралық «Қонаев қорының» президенті Эльдар Асқарұлы Қонаев, ҚР ҰҒА президенті Мұрат Жұрынов, белгілі ғалымдар мен академиктер, оқытушылар мен студенттер қатысты.

ҚазҰУ-дың басқарма төрағасы, ректоры Жансейіт Түймебаев мәдени шараның жұмысын аша отырып, ұлтымыздың ұлы тұлғасы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың ел тарихында айрықша орны бар екенін атап өтті. 

«Дінмұхамед Қонаев есімі жаңа Қазақстан қоғамында жаңаша жаңғыруда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жарлығымен Қапшағай қаласына Қонаев есімі беріліп, Алматы облысының орталығына айналды. Елімізде ескерткіштері бой көтеріп, ғылыми конференциялар өтуде. Дінмұхамед Ахметұлы басқарған жылдары кең-байтақ қазақ жерінде 43 қала салынған. Жүздеген өндіріс орындары ашылып, ірі құрылыстар бой көтерді. ҚазҰУ қалашығы да Димаш Ахметұлының табанды еңбегінің нәтижесі. Биыл ҚазҰУ қалашығының іргетасы қаланып, құрылысы басталғанына 50 жыл толды. Дінмұхамед Қонаев – мемлекет ісімен қатар, қазақ ғылымына өлшеусіз еңбек сіңірген ірі ғалым. Димаш Ахметұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі ретінде 100-ден аса ғылыми еңбектер мен зерттеулер жазды. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың қайраткерлік тұлғасы, ел алдындағы жасампаздық еңбегі, әділдігі мен тазалығы кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге», – деп атап өтті ректор Жансейіт Түймебаев.

Өз кезегінде сөз алған Халықаралық «Қонаев қорының» президенті Эльдар Асқарұлы Қонаев қордың және Дінмұхамед Қонаевтың отбасы атынан конференцияны ұйымдастыруға атсалысқан университет ұжымына алғыс айтып, өзінің ҚазҰУ түлегі екенін мақтаныш ететінін айтты.

«Биыл Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 110 жылдығына арналған іс-шаралар еліміздің барлық өңірінде жоғары деңгейде өтуде. ҚазҰУ-дағы бүгінгі конференция іс жүзінде ұлы тұлғаға арналған мерейтойлық іс-шаралардың қорытынды жиыны болып табылады», – деді Э.Қонаев.

Шара барысында спикерлер мен қатысушылар Д.Қонаевтың мемлекеттік, саяси және ғылыми қызметіне талдау жасап, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, шаруашылық және мәдени салаларын дамытудағы ерен еңбегіне тоқталды. Мәдени шара аясында ҚР ҰҒА президенті Мұрат Жұрынов «Д.Қонаев қорының» мерейтойлық орденімен марапатталды.

 

https://www.kaznu.kz/content/images/news/90742.jpeg

Сонымен қатар ҚазҰУ-дың Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымының докторы, ҚР ҰҒА академигі Берекет Кәрібаев, шығыстанушы-арабтанушы, тарих ғылымының докторы, ҚР ҰҒА академигі Болат Көмеков, «Иран-Тұран» зерттеу орталығының директоры, филология ғылымының докторы Ислам Жеменей, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының профессоры, ҚР ҰҒА құрметті академигі Қайдар Алдажұманов «Д.Қонаев қорының» мерейтойлық медалімен марапатталды.

 

 А.С. СМАГУЛОВА,
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультеті,
дипломатиялық аударма кафедрасының  доценті

 Г.А. ЖАНУЗАКОВА,
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультеті,
дипломатиялық аударма кафедрасының аға оқытушысы

 

 

Қатысты жаңалықтар

Тазалық табалдырықтан басталады

Тазалық табалдырықтан басталады

28.07.2026
Цифрлық медициналық кітапша: Қазақстанда жаңа сервис іске қосылды

Цифрлық медициналық кітапша: Қазақстанда жаңа сервис іске қосылды

28.07.2026
Келелі мәселелер сөз болды

Келелі мәселелер сөз болды

28.07.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Перу Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Перу Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

28.07.2026
Декреттік төлем шегі артты: Болашақ аналар нені білуі керек?

Декреттік төлем шегі артты: Болашақ аналар нені білуі керек?

28.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.