Талдықорған: +18°C
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

БАБАЛАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ

21.05.2021
КҮЛТӨБЕ
БАБАЛАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ
WhatsAppTelegramFacebook

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасына орай жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде осы уақытқа дейін айтылмай келген бірқатар ақиқаттар ашылуда. 
1929 жылы колхоздастыру, ірі байларды тәркілеу секілді саяси науқан басталып, арты қазақ халқы үшін қаратүнек заманға айналды.

Голощекиннің жүргізген саясаты қазақ ауылдарында өзінің қанды ізін қалдырып, халықты ойсырата шығынға ұшыратты. Жүзге келген Нұрбике Нұрмұхамбетқызының айтқанындай, сол кезде өмір сүрген ата-әжелеріміздің балалық шақтары қазақ тарихының қасіретті жылдарына тап келді. 
1929-30-шы жылдары басталған аштық бейбіт жатқан елді қатты күйзелтіп жіберді. Бұл Сарқан, Ақсу, Қапал өңірлерінің халқына да оңай тимеді. Жұрт аштықтан қырылып, талай отбасы басы ауған жаққа босып кетеді.
Осы тұста халық Кеңес үкіметінің солақай саясатына қарсы шықты. Тарихта «Бөрібай көтерілісі» атанған соғысқа Өтеулі бабамыздың балалары Ахметжан мен Мұхаметжан, Рамазан, Абдрахман,  Ыбырайым, Кәке, Омар, Омарұлы Бексұлтан, Рамазанұлы Жансұлтан және Ахметжанның үлкен ұлы Садық та қатысты. Қолдарында шиті мылтық, шоқпар мен қамшы, кейбірінде қару да жоқ. 
Осы Ақсу, Сарқан, Қапал өңірлеріндегі қанды қырғын туралы журналист, саясаткер Жанболат Мамай түсірген «Зұлмат» атты документальдық фильмде анық айтылған. 
Атам Жансұлтан Рамазанұлы бір әңгімесінде: «Қараңғылық қой, бес қаруы сай қызыл әскерге шиті мылтықпен, шоқпармен қарсы шыққанымыз. Сарқанды, Ақсуды, Қапалды алдық, енді Талдықорғанды аламыз дегенде Алматыдан күшті қаруланған батальон келіп қырып салды. Аман қалғандары бас сауғалап Қытайға қашты, тауға тығылды, біз қашамыз деп отырғанда тұтқындап әкетті», – деген еді. 
Айдалып бара жатқанда Ахметжанның ұлы Садық қашып шығамын деп жау оғы тиіп сол жерде қаза табады.
Өтеулі қажының ұлдары Ақаш (Ахметжан) мен Мұқаш (Мұхаметжан), Рамазан, Абдрахман, Ыбрайым, Омар және Кәкені кеңестік үштік әйгілі 58 бап бойынша атып тастаған екен.
Омарұлы Бексұлтан айдалып кетіп, теміржол құрылысында істеп жүрген жерінде аяғы сынып жатқанда ержүрек апамыз Марқаба бастығына ақша беріп, атаны елге алып келіпті. Атамыз сол сынған аяқтың зардабын өмір бойы тартып өтті. 
Біздің атамыз Рамазанұлы Жансұлтан 10 жылға Сібірге жер аударылыпты. Атамыз сол жолы Владивостокқа дейін жаяу жүріп барған екен. Ілесіп жүре алмағандарды конвойлар атып тастап отырыпты. Сібірде жүргенде орманда ағаш кесіпті. 
Бір күні лагерьге қазақтың байларынан тартып алынған киіз үйлерді әкелген екен. Бірақ оны тігудің жөнін білмеген соң: «Кім құрастыру біледі?», – деп сұрайды. Атам мен Бәзілжан ата екеуі киіз үй тіге білетінін айтады. Екеуі жеңіл жұмысқа қуанып бір-екі үйді тез құрайды. Сонда Бәзілжан ата: «Бұл жұмысты біз ақырындап істейік, тез бітірсек қайта ауыр жұмысқа жібереді», – депті. Сөйтіп екеуі он бес күн демалып алған екен. 
Бір күні лагерьге геологтар келіп, атамызды өздеріне көмекшілікке алыпты. Олармен бірге Сібірде, Якутияда болады. Бұғыларға қарап, шаналарын жегеді. «Бұғы шананың жанында жүгіріп жүретінмін. Бұғының сүтін ішіп күн көрдім. Пимам су болғанда оны шешпей, аяғымды жоғары көтеріп жататынмын. Аяқтың жылуымен пима қатып қалмайтын. Геологтар маған жақсы қарады», – дейтін атам. Сол айдауда жүргенде машина жүргізуді үйренеді. Соңғы жылдары машина айдапты. 
Бір күні атама нағашысы Солтанқұл Тұрысбекұлынан хат келеді. Нағашысы: «Сен айдаудан аман-есен оралып ұл-қыз сүйесің, одан немерелі болып, ұзақ өмір сүріп, болдым-толдым дегенде өлесің, сен келгенде мен болмаймын» – деп жазыпты. Оған сене қоймаған атам «Қайдам, сүйегім осында қалатын шығар» деп күйзеліпті.  
Сібірден 10 жылын өтеп елге қайтқан кезде Ұлы Отан соғысы басталып, атамды Қарағандыдағы шахтаға жұмысқа жіберіпті. Белсенділер шахтерлермен митинг өткізіп, «Отан үшін жанымызды қиюға дайынбыз» деп әр күн сайын ұрандатады екен. Бір жолы шахта құлап, көп адамдар қайтпай қалады. 
Атам елге оралған кезде туып-өскен жерінен 150 шақырым алыс тұруы керек деген талап болып Үштөбедегі қазіргі Жылыбұлақ ауылын мекен етеді. Сол жерде жылқы бағып, Жалайыр елінде сыйлы болады.
Солтанқұл нағашысы айтқандай, атамыз он жылын айдауда, бес жылын Қарағанды шахтасында өткізіп, өмірдің ащы-тұщысын көріп, немере сүйіп, туып-өскен жерінде 92 жасында қайтыс болды.
Нәубет басталғанда олардың малын тартып алып, күйеулерін айдап әкетіп, бала-шағаларын қаңғытып жіберіпті. Үлкен аналары мен шиеттей бала-шағасын  олардың жылқышысы Наужан мен Оразбай баласы Кәрібай екеуі Көлденең деген жердегі жер тамға кіргізіп, бетін қамыспен жасырыпты. «Сыртқа шықпай тыныш отырыңдар!», – деп кетеді. 
Сол түні құдай өзі жар болып, қалың қар жауып, жертөленің аузы көрінбей қалады. Ертесі НКВД жендеттері іздеп келіп: «Осы маңда болуы керек» деп оларды ары іздеп, бері іздеп таба алмай қайтып кетіпті. 
Кешкісін Кәрібай ата мен Наужан ата оларды Молалыға әкеліп, пойызға отырғызып,  Алматыға жібереді.  
Татарка жақта екі бөлмелі үйде бала-шағаларымен тұрыпты. 
«Ашаршылықта жеген құйқаның дәмі ауыздан кетпес» демекші, Ахметжанның бәйбішесі Зылиқа анамыздың баласы, Алматыда тұратын Әлмұхамбет болмағанда бұлардың бәрі дерлік аштықтан қырылар еді. Ол жас балаларды жетімдер үйіне  өткізіп, үлкендерін жұмысқа орналастырыпты. Қарттарға қаржылай көмек беріп, аштықтан аман алып қалыпты. Өтеулі  қажы ұрпақтарының  өсіп-өнуіне көмектескен осы азамат. 
Жетімдер үйінде тәрбиеленгендердің барлығы  жоғары білім алып, қызмет атқарып, өсіп-өнді.
Туған-туыстар кездескенімізде: «Бабаларымыздың сүйектері қайда жатыр екен?» деп отыратын едік. Ұлым Ерлан да атасының әңгімесін естіп, көңіліне түйіп жүретін. Ол бір күні ғаламторға кіріп, бабаларымыздың атылып кеткен дерегін тапты. Содан балаларымызды алып 2019 жылдың көктемінде Алматы қаласының түбіндегі Іле ауданының  Жаңалық ауылына бардық. Сондағы мұражайдан бабаларымыздың сүйектерінің сол жерде жатқанын білдік. Жәдігер қатарында тұрған мрамор тасқа аттары жазылыпты. Жаназасыз көмілген, жазықсыз атылған бабаларымыздың аруақтарына Құран бағыштап, рухтарына тағзым еттік. 
Ол жерде үштіктің шешімімен ату жазасына кесілген, «халық жаулары» деген жазамен атылған 4500 әртүрлі ұлт азаматының сүйектері жатыр екен. Олардың ұрпақтарына хабарлап, бабаларымызға өз күшімізбен ескерткіш тас орнатуды жоспарладық. Бұл шешімімізді жергілікті басшылар қолдайды деген сенімдеміз. 
Айта кететін бір жайт, халқымен бірге қолына қару алып күрескен, ел ішінде  батыр атанған Нұрмұхамбет Жөкейұлы 300-ден астам үйді көрші Қытай еліне аман-есен өткізіп,  аман алып қалған екен. Қазіргі кезде олар еліне оралып, өсіп-өніп, еңбек етіп жүр. Сол ұрпақтары да батырға ескерткіш орнатқан еді. Жергілікті басшылар бұл ескерткішті Сағабүйен аулындағы  Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған мемориал қоршауының ішіне қойғызбай сыртына қоюды ұсыныпты. Содан кейін де бұл ескерткіш тұрған орнында жетімсіреп жараспай тұр. Бұл қателікті ауыл жастары түзеп, ел батыры өзінің тиесілі орнын алады деп сенемін. 
Тарихи ескерткіштердің барлығы сәнімен бір жерге орналастырылып, елдің сүйікті орнына айналса, үйленген жастар гүл қойып, бабаларына тағзым етсе бір ғанибет болар еді. 
Ұлы Отан соғысының боздақтарына арналған мемориалдың орналасқан жері кең, қоршалған. Бұл жерді ауылымыздың жастары құрған «Сағабүйен ауыл азаматтары» атты тобы қамқорлығына алып қоршап, жасылдандырып, игі істер жасауда. Ұлы Отан соғысынан елге аман-есен келіп қайтыс болғандар мен еңбек ардагерлерінің есімдерін мемориалдық тасқа жазып ұлықтауда.
Ұрпақтарының болашағын қорғап, қасиетті жеріміз үшін жандарын қиған боздақтардың ерлігіне бас ие отырып, «Жатқан жерлері жайлы, топырақтары торқа болсын» дегім келеді.

Гүлжамал Қарашева
Ақсу ауданы

 

Қатысты жаңалықтар

Әділетті қоғамның алтын арқауы

Әділетті қоғамның алтын арқауы

04.07.2026
Қоныстойға келіңіздер!

Қоныстойға келіңіздер!

04.07.2026
Ұлттық домбыра күніне орай Қазақстанда 2000-нан астам мәдени іс-шара өтеді

Ұлттық домбыра күніне орай Қазақстанда 2000-нан астам мәдени іс-шара өтеді

04.07.2026
Арқа ауруы, миопия, диабет: Жастар арасында қандай дерттер көбейді?

Арқа ауруы, миопия, диабет: Жастар арасында қандай дерттер көбейді?

04.07.2026
Алакөлде тоғыз адамнан тұратын отбасы құтқарылды

Алакөлде тоғыз адамнан тұратын отбасы құтқарылды

04.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.