Тәулікте 24 сағат болса, соның 8 сағатын жұмысқа, одан қалған 8 сағатты ұйқыға жұмсаймыз. Ал, қалған 8 сағатты отбасы мен жеке өмірімізге арнаймыз. Соның ішінде балаға қанша уақыт бөлеміз деген сұрақ көбімізді алаңдатпайды да.
«Баланың бос уақыты болмауы керек» қазіргі көп жас ата-аналардың ұстаным осы. Сабақтан шыққан баланы, түрлі қосымшаға одан бөлек небір үйірмеге жегіп қоямыз. Соның нәтижесінде баланың смартфонға қарауға уақыты болмайды. Шаршап келген бала тіпті, кешкі ас ішуге де мұршасы жетпейді. Бір жағынан бұл тактика өте ұтымды десек қателеспепсіз.
Көп отбасыда ұялы телефонға телмірген бала айналасында болып жатқан дүниеге зер салмақ түгілі, жанында отырған адамның дауысын естімейді. Әлеуметтік желінің шарықтап тұрған заманында, кішігірім сауалнама жүргізіпте көрдік. «Балаларыңызды қай уақытта тəрбиелейсіз?» деген сұрақты қоя отырып, түрлі жауап та алдық. Біреулер ертелі-кеш, бос уақытта тəрбиелейтін көрінеді. Енді біреулер күнделікті, сəт сайын тəрбие жұмысымен айналысатындарын айтады. «Өз ісіммен, əрекетіммен үлгі көрсетемін» деген де жандар бар.
Психолог мамандар күн сайын кемінде 20 минут баламен ойнау керектігін айтады. Бұл, əсіресе, əкелерге қатысты. 4 жасқа дейін баланың өміріндегі ең негізгі адам – анасы. Ал 4 жастан бастап балаға дос керек, ол ойнағысы келеді. 4 жастан 12 жасқа дейін бала өмірінде əкенің алатын орны үлкен. Бұл уақытта балалар əкеге көбірек мұқтаж. Сондықтан, құрметті əкелер, балаларыңызға кемінде күніне 20 минут уақыт бөліңіздер. Сол уақытта балаңыз мəшине ойнағысы келсе, бірге ойнаңыз. Қызыңыз қуыршаққа көйлек кигізіп беруді өтінсе, оның да сөзін екі етпеңіз. Əке тəрбиесін алмаған бала жылауық болады. Əрі 12 жасқа дейін балаңызбен бірге уақыт өткізбеген болсаңыз, онан кейін кеш болатынын мамандар айтып, дабыл қағуда.
Бала – ата-ананың айнасы. Яғни, баланы тəрбиелемес бұрын өзімізді тəрбиелейік. Өзіміз дұрыс сөйлейік. Осы қазір қолыңызға бір парақ қағаз алыңыз да, балаңыздың бойынан көргіңіз келетін жақсы қасиеттерді тізіп шығыңызшы. Тізіп шықтыңыз ба? Иə, иə, балаңыздың ақылды, парасатты, білімді болғанын қалайсыз, кəсіби маман болса дейсіз, адал болуын армандайсыз. Ал өзіңіз қандайсыз? Осы қасиеттер өз бойыңызда бар ма? Бар болса, жақсы! Жоқ болса, ойланыңыз!
Ботакөз НИЯЗХАНОВА,
студент





