Талдықорған: +22°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Баланы мектепке қай жаста берген дұрыс — маман кеңесі

18.08.2025
КҮЛТӨБЕ
Қазақстандағы мектеп медбикелері енді оқушылардың тамақтану сапасын қадағалайды

Мақпал Әділханқызы

WhatsAppTelegramFacebook

Елімізде 1-сыныпқа құжат қабылдау науқаны жалғасып жатыр. Жергілікті атқарушы органдардың дерегіне сүйенсек, биыл шамамен 370 мың оқушы мектеп табалдырығын аттайды.

30 жылдық тәжірибесі бар педагог-психолог Анна Александрқызы  Алматыдағы жекеменшік балабақшалардың бірінде меңгеруші болып қызмет атқарады. Оның жетекшілігімен талай бүлдіршін білім ошақтарына жолдама алып, үлкен өмірге алғашқы қадамын жасаған. Тәжірибелі маман соңғы уақытта алтыға толған балаларды мектепке асығыс беруге тырысатын ата-аналардың көбейіп кеткеніне алаңдаулы. Маманның айтуынша, бұл жаста баланың тек дене-бітімі ғана емес, психикасы да әлі толық қалыптасып үлгермейді.

Медеу ауданындағы жекеменшік балабақшада 135-тен астам бала тәрбиеленіп жатыр. Олардың 15-і бірінші қыркүйекте мектеп табалдырығын аттайды

 

 

 «Балалардың дамуында біраз қиындықтар барын көріп жүрміз. Мен 30 жылдық тәжірибемде көптеген бүлдіршіндердің сөйлеуде, эмоциялық дамуда, жаңа нәрсені үйренуде қиналатынын байқадым. Сол себепті оларды мектепке 6 жастан жіберуге қарсымыз. Білім туралы заңға өзгеріс енгізілсе екен деген талабымыз бар. Өйткені бала мектепке ерте жастан барса, онда сабаққа қызықпай, оқуға ынтасы төмендеп кетеді. Бұл — өте өзекті мәселе», – деді балабақша меңгерушісі Анна Мордовская.

Бұл пікірді психолог Шынар Құсманқызы да қолдайды. Оның айтуынша, 6 жаста көбі мектептегі талаптарға психологиялық жағынан дайын емес. Ерте жүктеме олардың ынтасын басып, күйзеліске әкелуі мүмкін.

«Егер де баланы 6 жастан бастап беретін болса, әлі балалығын толыққанды ішкі дүниесімен қоштаса алмай жүргенде оған мектепте оқу кішкене ауырлау болады. Бірақ ата-аналар баланы мақтап, алдап оқытып жатады. Дегенмен де 6 жаста баланың ішкі стержні қатып үлгермейді. Сондықтан 7 жастан бастап оқуды міндеттеу керек», – деді психолог Шынар Оразғалиева.

Бұл мәселе төңірегінде қоғам пікірі екіге бөлінген. Бірі баланы 6 жастан мектепке беруді құп көрсе, екінші тарап психологиялық дайындығы толыққан кезде, яғни 7 жаста барғаны дұрыс деп санайды.

 

 

«Алты жастан бастап берген дұрыс деп ойлаймын. Балалар ақылды, қазір олар дамыған қоғамда қажетін біліп отыр», – деді қала тұрғыны Әсел Сәкенова

«Бала болуы керек қой, оның балалық шағы болуы керек. Ойнап үйрену керек. Ал 6 жаста оқымайды, дұрыс сабақты түсінбейді», – деді қала тұрғыны Айгүл Ысқақова.

«Қазіргі мектеп бағдарламасы қиын ғой. Сол үшін 7 жастан оқығаны дұрыс, 12 жыл оқиды», – деді қала тұрғыны Бағила Байташова.

Қазақстанда білім беру заңнамасының 31-бабына сәйкес, балалар 6 жастан бастап бірінші сыныпқа қабылданады. Бұл – баршаға ортақ талап. Алайда әр бүлдіршіннің дамуы әртүрлі болғандықтан, жүйе ата-анаға белгілі бір таңдау еркіндігін де ұсынады. Егер балдырған оқу үдерісіне психологиялық не физиологиялық тұрғыда дайын болмаса, оны 7 жасқа дейін білім ордасына жіберуді кейінге қалдыруға мүмкіндік бар. Бірақ мұндай жағдайда мектепалды даярлықтан өт – міндетті шарт. Яғни, бастысы – жас көрсеткіші емес, білім жолына деген дайындығы.

Қатысты жаңалықтар

Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

02.05.2026
Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

02.05.2026
Жетісуда жел күшейеді: 2 мамырға арналған ауа райы болжамы

Жетісуда жел күшейеді: 2 мамырға арналған ауа райы болжамы

02.05.2026
Талдықорғанда жоғалған 10 жастағы бала екі тәуліктен кейін табылды

Талдықорғанда жоғалған 10 жастағы бала екі тәуліктен кейін табылды

02.05.2026
Оқушылардың денсаулығы бақылауда: Қазақстанда ауқымды зерттеу басталды

Оқушылардың денсаулығы бақылауда: Қазақстанда ауқымды зерттеу басталды

02.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.