Талдықорған: +31°C
$ 488.37
€ 559.77
₽ 6.64
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

БАЛДАЙ ТӘТТІ БАЛМҰЗДАҚ

10.03.2021
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Облыстық әкімдікте  қазақстандық «Шин-Лайн» компаниясы мен облыс әкімдігі ҚР индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы аясында Іле ауданының Байсерке кентінде тамақ өнімдері мен балмұздақ өндіретін кәсіпорындар кешенін салу және «Даму» логистикалық орталығының өндіріске іргелес аумағын абаттандыруды көздейтін ірі инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында меморандумға қол қойылды. Шараға облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ және «Шин-Лайн» компаниясының президенті Андрей ШИН қатысып, алдағы жұмыс барысы жайлы әңгіме өрбітті. 


Тамақ өнімдері мен балмұздақ өндіретін «Шин-Лайн» компаниясының құрылысына 33,4 млрд. теңге инвестиция тартылыпты. Жаңа өндірістік кешенге ТМД, Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдеріндегі ең ірі балмұздақ шығаратын фабрика, сондай-ақ, түрлі тамақ өнімін өндіретін кәсіпорындар кіреді. Құрылыстың бірінші кезеңінде жобалық қуаты жылына 21500 тонна өнім өндіретін алып кешен бой көтереді. Ол толық қуатына кіргенде, яғни, 2024 жылға қарай тәулігіне 350 тонна өнім өндірмек. Кешеннің құрылысы 17 гектар жер телімінде жүргізілуде. Мұнда өңірдегі ең заманауи балмұздақ өндірісі, сүт өнімдері, мұздатылған жартылай фабрикаттар, қамыр, кеспенің алуан түрі, сондай-ақ, кондитерлік өндірістер шоғырландырылады.

 «Шин-Лайн» компаниясы мен облыс әкімдігі жаңа өндірістік кешен құрылысы бойынша жобаны іске асыру барысында мемлекеттік және өңірлік даму бағдарламасын ынтымақтаса жүргізетін болып келісті. Бұл барыста облыс әкімдігі кәсіпорынға мемлекеттік органдармен тығыз жұмыс істеуге және мемлекеттік бағдарламаларға қатысу үшін қажетті ақыл-кеңес түрінде  қолдау көрсетеді. Сондай-ақ, кешенді салу кезінде және одан кейін де жер телімдері мен инженерлік инфрақұрылымға қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Құрылыс жүрген кезеңде «Шин-Лайн» компаниясы өңір басшылығына құрылыс барысы туралы ақпарат беріп тұруға,  өндірісті қаржылық және стратегиялық дамыту жөніндегі іс-шараларды жоспарлауға міндетті.

Кездесуде облыс әкімі Амандық Баталов азық-түлік өнімдерін өндірудің стратегиялық саласында жаңа ірі отандық инвестордың пайда болғанын алға тартып, аймақта қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасқанын атап өтті: 

– Бүгінде облыстың инвестициялық қоржынында жалпы құны 5,4 трлн. теңге болатын 546 жоба жүзеге асуда, нәтижесінде 44 мың жұмыс орны ашылады. Біз қашанда отандық және ірі трансұлттық компаниялармен жұмыс істеуге дайынбыз. Осы тұрғыда 9 бірлескен жоба бар, олардың үшеуі іске асырылды. Біз балмұздақ пен тамақ өндірісі саласындағы көшбасшы «Шин-Лайн» компаниясымен ынтымақтастық орнатқанымызға қуаныштымыз. Мұндай ауқымды жобаны іске асыру Іле ауданының және жалпы аймақтың экономикасы үшін өте тиімді. Өйткені, жаңа өндіріс   азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, тұрақты жұмыс орнын көбейтіп, бюджетке түсетін салық мөлшерін арттырады, – деді облыс басшысы.

Айта кетерлігі, «Шин-Лайн» компаниясы жаңа кешенге өндірістің, қауіпсіздік пен тиімділіктің ең озық әлемдік стандарттарын енгізетінін жеткізді.

Сөз кезегінде «Шин-Лайн» компаниясының президенті Андрей Шин жаңа өндіріс салу кәсіпорынның ірі инвесторлар қатарына кіруіне мүмкіндік беретінін атап өтті. Оның айтуынша, жоба толық іске қосылғанда компания балмұздақ өнімі бойынша ғана ішкі нарықтың 35%-ын қамтамасыз етеді. Жаңа өндіріс орнын ашу компанияның ішкі нарықтағы позициясын нығайтып, жалпы алғанда қазақстандық тауарлардың экспорттық әлеуетін арттырады. Осы арқылы компания балмұздақ өндіруде Орталық Азияның көптеген  елдеріндегі көшбасшылықты қолға алуға ниетті. Айта кетерлігі, өткен жылдың қорытындысы бойынша «Шин-Лайн» балмұздағы Беларусьтағы балмұздақ импортының жартысынан астамын иеленсе, Қырғызстанның балмұздақ нарығында компанияның үлесі 50%-дан астамды құрайды. Компания өнімдері Әзірбайжан, Ресей, Моңғолия және Қытайда танымал. Алдағы уақытта Украина нарығына шығаруды көздеп отыр. 

–  Біздің компанияның тәжірибесі мол. Ресей, Балтық елдері және Шығыс Еуропа индустриясының көшбасшы компанияларынан жұмыс тәжірибесі бар мамандарды тартамыз. Қызметкерлердің кәсіби дамуына көп күш жұмсаймыз, – дейді компания президенті Андрей ШИН.

Кешен толық іске қосылғанда инженер, технолог, талдаушы, маркетолог, IT-мамандарының саны өседі. Жалпы, 2025 жылға қарай кәсіпорында шамамен 5000 жұмыс орны ашылады. Ал кәсіпорыннан тәжірибеден өткен жоғары оқу орны студенттерінің  дипломын алғаннан кейін компанияда жұмыс істеуіне және кәсіби өсуіне жақсы мүмкіндіктер қарастырылған.

Иә, осылай Жетісу жерінде өндірілген балдай тәтті балмұздақтар ішкі нарықты қамтамасыз етумен қатар алыс-жақын шетелдегі талай жанның шөлін басатын болады. 

Қажет АНДАС
 

Қатысты жаңалықтар

Заманауи платформа

Заманауи платформа

20.06.2026
Өнімді қайта өңдеу –  заман талабы

Өнімді қайта өңдеу – заман талабы

19.06.2026
«Тазалық өзіңнен басталады»: «Green Start Up» экологиялық бастамасы өтті

«Тазалық өзіңнен басталады»: «Green Start Up» экологиялық бастамасы өтті

19.06.2026
Нобель сыйлығының иегері Мо Яньнің екі кітабы қазақ тілінде жарық көрді

Нобель сыйлығының иегері Мо Яньнің екі кітабы қазақ тілінде жарық көрді

19.06.2026
Мемлекет басшысы Черногория Президентін қарсы алды

Мемлекет басшысы Черногория Президентін қарсы алды

19.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.