Талдықорған: +29°C
$ 489.33
€ 566.30
₽ 6.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

БАЛДАЙ ТӘТТІ — БАЛТАМЫР

23.11.2024
КҮЛТӨБЕ
БАЛДАЙ ТӘТТІ - БАЛТАМЫР
WhatsAppTelegramFacebook

Нан бар жерде қант та болу керек. Бұл екеуін бөле-жара қарауға болмайды. Ал оны шығаратын шикізат Жетісу мен Жамбыл облыстарында өсіріледі. Оған оңтүстік аймақтардың табиғи жағдайы ерекше оң әсерін тигізеді.


Сондықтан Жетісудың мақтанышына айналған қант қызылшасын өсіріп, өндіру жұмыстарының тамырына қайта қан жүгіріп, жандана түсуде. Бүгінде шаруалар жаз бойы өсіргендерін дер кезінде жинап алу қамымен бел жазбай алқаптарда жүр. Биылғы ауа райының қолайлылығы да өнім берекесін тасытуға септігін тигізгендей. Соның ішінде басты дақыл саналатын қант қызылшасы да бар. Аудан диқандары оны уақытылы теріп алуды аяқтауға таяп келеді. 

Облыстық ауылшаруашылығы басқармасы мамандарының берген мәліметіне сүйенсек, жалпы биыл аймақ бойынша 597 шаруа қожалығы балтамыр тұқымын еккен. Нәтижесінде бағалы дақыл себілген барлық алқап көлемі 13,7 мың гектарды құрап отыр. Аталған көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда, 5,5 мың гектарға жоғары. Яғни, былтыр бұл дақыл небары 8,2 мың гектар жерге себіліпті. 

Жетісу жерінде қай кезде де балтамырдың қадірін қашырмай, алқап көлемін мүмкіндігінше қысқартпай, өнімділікпен өсіріп келе жатқан іргелі шаруашылықтар да бар. Солардың бірқатарына тоқталып өтсек. Мысалы, қант қызылшасын 100 гектардан жоғары егіс алқаптарына еккен шаруашылықтарды мақтанышпен айтуға болады. 

Олар Ақсу ауданындағы «Аюхан» ШҚ – 156 гектар, «Жаныс — К» ШҚ – 120 гектар, Алакөлдегі «Болат Груп ЛТД» ЖШС – 275 гектар, «Самет Агро» ШҚ – 118 гектар, «Ақтұма» ШҚ – 110 гектар. Ал Ескелді ауданындағы «Хильниченко» ШҚ – 407 гектар жерге тәтті түбір тұқымын егіп, күз берекесін тасытуда. Сондай-ақ, «Дүйсембинов А» ШҚ – 190 гектар, Альянс и Ко» ЖШС – 159 гектар. Қаратал ауданындағы «Текелі АгроСервис» ЖШС – 150 гектар, «Гладиус Қаратал» ЖШС – 100 гектарды құрайды. Кербұлақ ауданындағы «Қызылшоқы» ЖШС-да 500 гектар алқапқа тәтті түбір өсіріп, өнімділікті арттыруға үлес қосса, Абыхан» ШҚ – 100 гектарға қызылшаны жайқалтты. Көксу ауданындағы «Кең дала» ШҚ – 150 гектар, «Балпық» ЖШС – 133 гектар, «Қыдырәлі» ШҚ – 105 гектар, «Алим Таяр-2»  ШҚ – 100 гектар жерге қант қызылшасын көбейтті. Бұл дақылдың алқабын ұлғайтуда сарқандықтар да көп үлес қосып, 200 гектардан асырды. Мәселен, «Мұхамади» ШҚ – 280 гектар, «Әбілқасымов» ШҚ – 220 гектар, «Мұқанов К» ШҚ – 200 гектар жерге сепсе, «Самал» ШҚ – 170 гектар, «APM» ШҚ – 111 гектарға өсірді.  

Өнім жерде қалмайды

Самат НАДИРБАЕВ,
Ақсу қант зауытының
директоры 

– Бүгінгі күні Ақсу қант зауыты қазанның 22-сіне дейін күніне 300 машинадай өнім қабылдады. Одан кейін кагат алаңының толуына байланысты күніне 160-170 машина кіргізілген. Өнім төгетін алаң бірден босамайды. Себебі оның орнын тазалау жұмыстары тағы бар. Сол сәтте біраз шаруалар кезек күтіп қалады. 25 қазаннан бері Жамбыл облысынан қызылша қабылдау тоқтатылды. Қазір өз өңіріміздің өнімін зауыт тұрақты қабылдап жатыр. Күніне 5 мың тонна қант қызылшасы қабылдануда. Тәтті түбір тиеген 250-260 автокөлік зауытқа кіріп жатыр. Бұл үлкен еңбекті талап етеді. Зауыт тұрақты штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Зауыт шегарасындағы ұзын сонар кезек те азайып қалды. Шаруаларға алаңдауға негіз жоқ.  Өнім жерде қалмайды. Еңбек желге ұшпайды. Әрбір шаруаның өнімін қабылдаймыз. Біздің тараптан барлық жағдай жасалады.

Айта кетейік, қант қызылшасының алқабы ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің дәндік жүгері, сұлы, тары, қарақұмық, үрмебұршақ секілді дәнді және дәнді бұршақты дақылдардың егістік көлемін азайту есебінен ұлғайып отыр. Мысалы, өткен жылы дәндік жүгеріге арналған егістік алқабы 57,0 мың гектарды құраса, биыл ол 41,1 мың гектарға қысқарды.   Қазіргі кезде қант қызылшасының 11,9 мың гектары немесе 86,8 пайызы қазылып, 564 мың тонна өнім алынды. Әр гектардан орта есеппен 474 центнерден балтамыр жиналуда. Ал былтыр гектар өнімділігі 457,0 центнерден айналған болатын. 

Қазіргі таңда бұл дақылды жинау жұмысы Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ және Сарқан аудандарында жалғасып жатыр. Қант зауыттары бекітілген кестеге сәйкес күнделікті 5 мың тонна немесе күн сайын орта есеппен 250 автокөлік қызылша қабылдауда. (Ақсу қант зауыты – 3 мың тонна, Көксу қант зауыты  – 2 мың тонна). Осы уақытқа дейін шаруалар қант зауыттарына барлығы 451,2 мың тонна өнім жеткізді десек, оның 213,6 мың тоннасы Көксу қант, 237,6 мың тоннасы Ақсу қант зауыттарына, оның сыртында Жамбыл облысынан Ақсу қант зауытына 29,0 мың тонна тәтті түбір әкелінген.

Ақсу қант зауытына Ақсу, Алакөл және Сарқан аудандарымен бірге Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу аудандары және Талдықорған қаласынан барлығы 67 шаруа қожалығы 34,2 мың тонна қызылша өткізді. Мәселен, Ескелді ауданынан – 18 ШҚ 17 050 тонна, Қаратал – 25 ШҚ 5 855 тонна, Кербұлақ – 4 ШҚ 1 280 тонна, Көксу – 18 ШҚ 9 172 тонна, Талдықорған қаласынан – 2 ШҚ 820 тонна балтамыр тасылды.

Қазылған қант қызылшасының 105,7 мың тоннасы шаруашылықтардың егістік алқабында буртта жинақталған. Қалған 1,8 мың гектардан 76 мың тонна қызылша жиналады. Жалпы облыс бойынша өнім 640 мың тонна жеткізіледі деген жоспар бар. Қант қызылшасын қабылдау жөніндегі облыстық жедел штаб отырысы күнделікті жүргізіліп, тұрақты бақылауда.

Қатысты жаңалықтар

Табиғи  өнім, тәтті тосап

Табиғи өнім, тәтті тосап

13.06.2026
Мүмкіндігі көп қала

Мүмкіндігі көп қала

13.06.2026
Биро Жаде. Басты қарсылас – өзіміз

Биро Жаде. Басты қарсылас – өзіміз

13.06.2026
Жазғы туризм қалай жанданады?

Жазғы туризм қалай жанданады?

13.06.2026
Басты байлық – денсаулық

Басты байлық – денсаулық

13.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.