Талдықорған: +10°C
$ 471.46
€ 555.38
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Бақыттың кілті

01.06.2025
КҮЛТӨБЕ
Бақыттың кілті
WhatsAppTelegramFacebook

Бала – бақыт, бала – шаттық, бала нұр. Әрбір адам ұрпағымен мың жасайды. Балаңның «әке» деп еркелеп, күлгенінің өзі жаныңды жадыратып, кеудеге қуаныш сыйлайды. Күннің нұрынан нәр алған, әлемге шуақ болып шашылған осынау бүлдіршіндерді аялау, әлпештеу – әрбір ата-ананың парызы.

«Адамның бақыты – балада». Дүниеге кіршіксіз, риясыз таза күйінде келетін сәби мемлекеттің уығы саналатын отбасының шаттығы. Міне, сондықтан халқымыз тоғыз ай құрсақта жатқан сәбиді шілдеханамен қарсы алып, тербелген тал бесікке салып, бесік жырымен әлдилеп, ата дәстүрді бойына сіңіріп өсірген. Отбасының бақыты мен байлығы саналатын баланы тәрбиелеуде анамен қатар әкенің де рөлі зор.

«Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды» дейді дана халқымыз. «Әке – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ», «Әкеге қарап ұл өсер» деген тәмсілдерді текке айтпаса керек. Бала бойындағы жақсылы-жаманды қасиеттерін байқаса, қазақ оны ең бірінші әке мен ата тәрбиесінен көреді, тегіне тартқан дейді. Бұрындары бүлдіршіндер «Кімнің баласысың?», «Өскенде кім боласың?» деген сұрағына «Әкемнің баласымын, әкем сияқты ұстаз, шебер, ұшқыш боламын» деп мамандығын айтатын. Сұраған адам: «Жақсы адамның баласы екенсің ғой» дейтін. Осы сөзді естіген бүлдіршін әкесі қандай мамандықта жұмыс істесе де бір марқайып қалады. Осылайша әке баланың бой түзер темір қазығына айналады.

Мен Алла берген екі қыздың әкесімін. Жұмыстан шаршап келгенімде екеуі алдымнан арсалаңдап жүгіріп шығып, құшақтағанда бақыттың кілті қолымда тұрғандай сезімде боламын. Бал-бұл жанған жүздерінен қуат аласың. Қызғалдақтарымның жүректері кішкентай күйсандық іспетті. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Жыласа мен де мұңаямын, қуанса бірге қуанамын. Жүректің миуасы, көңілдің гүлі, көздің нұры болған қызғалдақтарым жас шыбық сияқты. Қалай исең де өз еркің. Сондықтан олардың бойларына рухани құндылықтарды, адамгершілік қасиеттерді дарытуға, жақсы тәлім-тәрбие беруге тырысамын. Қыз бала тәрбиелеу – үлкен жауапкершілік. Себебі, қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі. Салиқалы қыз ғана ұлт болашағын баянды ете алады.

Перзент – ата-анаға Алланың берген аманаты, сыйы. Халық даналығында «ел боламын десең, бесігіңді түзе» дейді. Кез келген қоғамның келешегі, ұрпақ тәрбиесіне байланысты. Сондықтан әрбір баланың жүзінде күлкі ойнауы керек. Біз балдырғандарымызға бақытты балалық шақты сыйлауға міндеттіміз.

Айдар ҚАЛИЕВ

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ердоғанның шақыруымен Түркияға барады

Мемлекет басшысы Ердоғанның шақыруымен Түркияға барады

16.04.2026
Елімізде алтын бағасы күрт өсті

Елімізде алтын бағасы күрт өсті

16.04.2026
Жаңа Құрылтайдан кейін вице-президент тағайындау мәселесі шешімін табады

Жаңа Құрылтайдан кейін вице-президент тағайындау мәселесі шешімін табады

16.04.2026
Талдықорғанда мүгедектер арбасын жөндейтін жоба іске асуда

Талдықорғанда мүгедектер арбасын жөндейтін жоба іске асуда

16.04.2026
Бейбіт Исабаев еліміздегі ең титулды команданы қабылдады

Бейбіт Исабаев еліміздегі ең титулды команданы қабылдады

16.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.