Талдықорған: +11°C
$ 455.63
€ 507.89
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Басты міндет — сапалы қызмет

31 шілде 2017
КҮЛТӨБЕ
Басты міндет - сапалы қызмет
WhatsAppTelegramFacebook

Облыс әкімі Амандық Баталов Талдықорған қаласының аумағындағы бірнеше нысанды аралап, құрылыстың жүру қарқынымен танысты. Кеткен кемшіліктерге қатысты тапсырма беріп, сапалы қызмет көрсетуді талап етті. Әсіресе, қаланың көркін ашатын көгалданДыру, абаттандыру, сынды мәселеге жіті назар аударды.

Алдымен басшылық әуежайға бас сұғып, бірқатар кемшілік кезіктірді. Әлі де болса тазаланбаған құрылыстың қалдықтары көзге бірден түседі. Асфальттанбаған аумақ та әуежайдың сәнін бұзып тұр. Сондықтан 1 аптаның ішінде көгалдандыру мен абаттандыру аяқталуы тиіс. Жарық шамдарын орнату,  гараждар мен бокстарды нөмірлеу, құрылғыларын орналастыру сынды тапсырма берілді. Әуежай осыған дейін көмірмен жылынып келген, енді газ тарту мәселесі қозғалды. Сонда шығын да барынша азаятын болады. Алматы – Өскемен тас жолының ортасындағы шөптер қурап жатыр, суғарылмағыны бірден байқалады. Осыны ескерген Амандық Ғаббасұлы дизайнер шақырып, гүл отырғызу, ағаш егу, көріктендіру жұмыстарын қолға алуды ескертті. Жол жиегіндегі демалыс алаңқайда ағаштар қурап жатыр, сондақтан көшет отырғызу, абаттандыруды қажет етеді. Қаратал өзенінің арнасынан сумен бірге ағып келген ағаштар көзге ілікті. Тез арада қызметкерлер соны тазартып, ретке келтіруі тиіс. Ал жаңадан ашылып жатқан жағалауды жарықтандыру мен жол салу 1 ай мерзім ішінде аяқталады деп күтілуде.
Облыс әкімі Амандық Баталов қаланы газдандыру қалай жүріп жатқанымен танысты. Қазір 218 үй газбен қамтылды. Сондай-ақ, асфальт салынбаған көшелерді жыл сайын жасау, әсіресе, газ тартылып жатқан көшені қалпына келтіру міндеттері жүктелді. Орталық саябақтың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жүйелі жұмысқа куә болған облыс басшысы ең бастысы сапа екендігін ескертті. Қаланың оңтүстік-батысында бой көтеріп жатқан жаңа әрі биік үйлер облыс орталығының сәнін кіргізуде.
– Пәтерлердің ауласын барынша көрікті етіңдер. Әсіресе, балалар емін-еркін ойнап, тұрғындар дұрыс демалуы керек. Ақша жоқ емес, бар, қанша сұрасаңдар да беремін. Тек сапалы жұмыс атқарсаңдар болды. Әр нәрсеге жанашырлықпен қараңдар. Үйлердің сыртын бояу  туралы қаншама рет тапсырма бердім, әлі орындалмаған. Балкондарды да біркелкі етіп, жүйеге келтіріңдер, – деген Амандық Ғаббасұлы жауапты тұлғаларға тапсырманы жылдам орындауды тапсырды. Әрмен қарай басшылық Алматы–Талдықорған жол жиегіндегі коттеджді қалашықтың жоспарына көз жүгіртті. Қаладан шеткері орналасқан аумаққа тұрғындар үй салып жатыр. Алайда әлі күнге дейін жарық, су тартылмаған әрі жол да салынбаған. «Келісімсіз үй тұрғызуға болмайды. Қайда қарап жүрсіңдер? Халыққа түсіндірмейсіңдер ме? Жолы мен жарығы, жылуы мен су жоқ жерде жұрт майшаммен отыра ма? Алдымен осы маңызды нәрселер шешілуі керек, содан кейін барып үй тұрғызуға рұқсат береміз», – деген Амандық Баталов облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов, қала әкімі Бағдат Қарасаев, қала әкімінің орынбасары Асқар Тұтыбаевқа қатаң ескерту жасады. Және басшылық апта сайын осындай жерлерді аралап, тексеру жүргізуі тиіс екенін айтты.
Мұнан соң өңір басшысы жақында пайдалануға берілетін Салтанат сарайына кіріп, құрылыстың мән-жайын анықтады. Жүйелі жұмысқа тәнті болып, құрылысшыларға ризашылығын білдірді. Әрмен қарай галерея нысанына барып, ондағы қызмет барысын бағамдады. Қала тұрғындарының саны жыл сайын артып келеді. Сондықтан мектеп қажеттілігі туындауда. Осы орайда қаланың онтүстік-батысы мен солтүстік-батысында 1200 орынды қос жаңа мектеп салынып жатыр. Білім ордаларына арнайы барған өңір басшысы мамандарды барынша сапалы қызмет етуге шақырды. Өйткені мектеп – болашақ ұрпақтың білімін жетілдіретін киелі мекен. Сол себепті мектеп заманауи құрылғылармен қамтылуы керек. 

Мәулен ӘНЕРБАЙ​

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда діни білімді заңсыз берген қор лицензиясынан айырылды

Талдықорғанда діни білімді заңсыз берген қор лицензиясынан айырылды

Бүгін, 09:35
Капитал және жасанды интеллект: Қазақстан Дохадағы халықаралық форумда ірі жобаларды ұсынды

Капитал және жасанды интеллект: Қазақстан Дохадағы халықаралық форумда ірі жобаларды ұсынды

Бүгін, 09:30
Алакөлге құлаған болуы мүмкін гидроұшақтың сынықтары аукционға шығарылды

Алакөлге құлаған болуы мүмкін гидроұшақтың сынықтары аукционға шығарылды

Бүгін, 09:28
Қазақстан әлемдегі ірі экономикалар рейтингінде 47-орынға көтерілді

Қазақстан әлемдегі ірі экономикалар рейтингінде 47-орынға көтерілді

27 қазан 2026
Кітап оқитын шекарашы

Кітап оқитын шекарашы

27 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.