Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

БАСТЫ ҰСТАНЫМ — ТІЛ ТАЗАЛЫҒЫ

2 тамыз 2023
КҮЛТӨБЕ
БАСТЫ ҰСТАНЫМ - ТІЛ ТАЗАЛЫҒЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Тіл — халықтың жаны,  тұтастай кескін келбеті. Ал ұлттың болашағы – оның ана тілі. Әр ұлттың тілі – сол ұлттың бақыты мен тірегі. Тұңғыш президентіміз халықтың болашағы туралы ой толғағанда, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын. Осы маңызды мәселені жүзеге асыру жолында еліміздің әрбір азаматы, әрбір мемлекеттік мекеме мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, оның қолданыс аясын кеңейту жолында атсалысуға міндетті.

Жетісу облысы, Қаратал ауданы бойынша маусым-тамыз айлары аралығында «Тіл тазалығын сақтайық!» атты акциясы жүзеге асырылды.

Ация аясында «Тіл сақшысы» тобы құрылып, топ мүшелерінің қатысуымен  тұрғындарға, кәсіпкерлерге, мекеме қызметкерлеріне тіл тазалығын сақтау бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жан-жақты ұсыныс, пікірлер айтылды.

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау мақсатында өткізілетін осындай іс-шаралар көптеп өткізілсе құп үстіне құп болар еді. Өз басым тіл жанашыры ретінде қазіргі уақытта қазақ тілінің қолданыс аясының мәз еместігіне, тілді сақтап қалу мәселелері ішінара кенжелеп тұрғанына қатты қынжылатынымды жасыра алмаймын. Тілді дәріптеу, көркем әрі бай тілімізді келешек ұрпаққа қаз қалпында  жеткізу біздің міндетіміз екенін ұмытпайықшы, құрметті оқырман! Тіл тазалығы үшін, тіл мәдениеті үшін күресті ең алдымен ауызекі сөйлесуден бастағанымыз абзал. Тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болса да өз ортамыздан әлі күнге дейін тұрпайы, шұбарлап сөйлейтін үлкендерді, жастарды, замандастарды кездестіріп қаламыз. Ана тіліміздің шұбарлануы тек сөйлеу кезінде ғана емес, сонымен қатар, жазбаша түрде де өрескел бұзылуда. Кейбір сауда орындары мен мекемелердің атауы  немесе жарнамаларының өзі ана тілімізде қате жазылғанын байқап  көңіліміз құлазиды. Тілдің мерейін асқақтататын да, құтын қашыратын да мына өзіміз екенін естен шығармайықшы! Тілді сақтап, қадірлеп, құрметтеп, тілімізді шұбарландырмай, биіктен көрсететін тіл жанашырлары болайық! Өзгерісті өзімізден бастайық!

Лида Жанбота, 
«Бастау» газетінің тілшісі.
Қаратал ауданы

Қатысты жаңалықтар

Өрісі кеңейген Көксу

Өрісі кеңейген Көксу

27 қараша 2026
Жегені желкесінен шығады

Жемқорлықты әшкерелегендерге 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі

27 қараша 2026
Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

27 қараша 2026
Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

27 қараша 2026
Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

27 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.