Талдықорған: +24°C
$ 467.48
€ 539.52
₽ 5.73
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

БАТАМЕН ЕЛ КӨГЕРЕР

03.08.2023
КҮЛТӨБЕ
БАТАМЕН ЕЛ КӨГЕРЕР
WhatsAppTelegramFacebook

Облыстық ардагерлер ұйымының ұйымдастыруымен Талдықорғандағы Ардагерлер үйінде «Батамен ел көгерер» байқауы өтті. Парасаттылық сынына облыс қалалары мен аудандарының ақылгөй қариялары қатысып, жұртшылық алдында беріп жүрген баталарын жалпы көпшілік пен әділқазылар алқасының сарабына салды.


Халқымызда «Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер» деген жақсы бір тәмсіл бар. Бір мезгілде «Бота алма, бата ал» деп те тұжырымдайды. Сол ақиқатты ұстанған бабаларымыз кезінде Қызыр дарып, бақ қонған, шаңырағына ырыс ұялаған аузы дуалы адамдардың баталарын алып қалуға тырысатын болған. Тіпті сол үшін айшылық алыс жерлерге сапар шеккен, әйтпесе арнайы қонаққа шақырып, құда күткендей сый-сияпатын жасап, бата сұраған жайттар кездескен. Бүгінде халқымыздың осынау тағылымды дәстүрі қайта жаңғырып, жаңару үстінде. Ардагерлер үйінде өткен шара осы тұжырымымыздың жарқын бір дәлелі іспетті.

Әйгілі Төле биден бала кезінде бата алған Ескелді әулие уақыт өте келе аузына қалың ел қараған дара да дана тұлғаға айналды. Осынау жан толқытар көрініспен ашылған байқауда облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы Ермек Келемсейіт сөз сөйлеп, батагөй қарияларға сәттілік тіледі. 

Ел мен жерге, ел мерейін көтерер ерлерге, желкілдеп өсіп келе жатқан жас ұрпаққа ақ тілектер ағытылған байқаудың алғашқы кезеңінде қазыналы қарттар өздері дайындап әкелген баталарын әділқазылар алқасының сарабына салса, екінші кезекте жеребе бойынша белгіленген тақырыпқа бата берді.  Тұсау кесу мен ас батасы, сапар мен Наурыз батасы тәрізді тақырыптарға берілген баталар қариялардың бәсекеге қаншалықты дайындалып келгендіктерін, яғни жалпы өмір тәжірибелерінің де молдығын байқатты. Әйтсе де «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» дегендей, түптеп келгенде бағы мен бабы бірдей шапқан қараталдық қария Сейфулла Ержанұлы 1-орынға лайық деп танылды. Жүлделі екінші, үшінші орындарды талдықорғандық Қуаныш Күнболатов пен алакөлдік Әділғазы Нүсіпов ақсақалдар өзара бөлісті. Өзге қатысушылардың еңбегі ынталандыру сыйлықтарымен атап өтілді.

Байқау соңында әділқазылар алқасының төрағасы Әміре Әрін сөз алып, тағылымы мол шараның өтуі мен маңызы жайында айтып өтті.

Ән-күйсіз өткен шараның сәні келген бе? Мұны ескерген жұртшылыққа белгілі өнерпаз, әнші, сазгер Бақберген Асқарбеков шара барысында осы өңірде өткен өнерпаздардың әндерін нақышына келтіре орындап, көрермен ықыласына бөленді.

Мазмұнды шара соңында облысымыздың түкпір-түкпірінен ат терлетіп келген қариялар ақ дастарқан басында шүйіркелесіп, ұлағаты мол әңгіме өрбітті.

Нүсіп Додабайұлы

Қатысты жаңалықтар

Ішкі істер министрлігі «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

Ішкі істер министрлігі «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

06.08.2026
Жетісудағы вегетациялық кезеңнің барысы

Жетісудағы вегетациялық кезеңнің барысы

06.08.2026
Айманакумов Жетісу облысының дайындығымен танысты

Айманакумов Жетісу облысының дайындығымен танысты

06.08.2026
Comic Con Astana 2026 фестивалi басталды

Comic Con Astana 2026 фестивалi басталды

06.08.2026
Текелідегі өндіріс ұжымымен маңызды кездесу өтті

Текелідегі өндіріс ұжымымен маңызды кездесу өтті

06.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.