Талдықорған: +17°C
$ 506.21
€ 568.42
₽ 6.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Бейбіт Исабаев жетісулық бес жүз әйелдің қатысуымен салтанатты қабылдау өткізді

07.03.2025
КҮЛТӨБЕ
Бейбіт Исабаев жетісулық бес жүз әйелдің қатысуымен салтанатты қабылдау өткізді

Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Талдықорғандағы Бикен Римова атындағы драма театрында экономиканың әр саласында еңбек етіп, қоғам өміріне белсене атсалысып жүрен жетісулық 500 әйелді құттықтады.

Соның ішінде тігінші, теміржолшы, кран жүргізуші, сауыншы, қолөнерші, электр механигі т.б. жұмысшы мамандар, сол сияқты мұғалімдер мен дәрігерлер, кәсіпкерлер, әлеуметтік қызметкерлер, көп балалы аналар, ардагерлер де бар. Салтанатты шараға қатысушылардың бірқатарына мемлекеттік наградалар мен Президенттің құттықтау хаты тапсырылды. 

Өз құттықтау сөзінде облыс басшысы Бейбіт Исабаев бүгінгі әйелдердің бизнесте, саясатта, экономиканың қай саласында да ер азаматтармен бірдей еңбек етіп жүргенін тілге тиек етіп, мемлекет тарапынан әйел-аналарға тұрақты қолдау көрсетілетінін атап өтті. Әсіресе ана мен баланы қорғауға, жұмыспен қамтуға, әйелдердің бизнес-бастамаларын қолдауға, жалпы әлеуметтік тұрғыда қорғауға баса назар аударылатынын айтты.

— Шаңырақтың тұтқасы әке болса, отбасындағы бақыттың кілті ананың қолында. Ананың аялы алақанын, жылы лебізін, ақылы мен үлгісін көзімен көріп, жүрегімен сезініп өскен бала еңбексүйгіш, өнерлі де өнегелі болатыны сөзсіз. Анаға тағзым ету, сый-құрмет көрсету – баршамыздың қастерлі парызымыз, — деген өңір басшысы нәзік жандарға ізгі тілегін білдіріп, марапаттау рәсімін атқарды.  

Атап айтқанда, Б. Римова атындағы Талдықорған драма театрының әртісі Аян Қожбанова «Құрмет» орденіне, «Текелі ГМЗ» ЖШС бас технологы Валентина Кубрак ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденіне, Кербұлақ ауданы «Шоқанова» ЖК басшысы Сымбат Нұрбопаева «Ерен еңбегі үшін» медаліне, Көксу аудандық орталық ауруханасының оториноларинголог кабинетінің мейірбикесі Нұргүл Сағатова «Шапағат» медаліне ие болды. Еске салсақ, бұған дейін Ескелді ауданы Алдабергенов ауылындағы «Абиев А.А.» ШҚ басшысы басшысы Раиса Абиева Президенттің қолынан «Құрмет» орденін алған болатын.

Сол сияқты салтанатты жиында көп балалы он анаға «Алтын алқа», «Күміс алқа», үш тұрғынға Президенттің құттықтау хаты тапсырылды.

Мерекелік шараға қатысушы «Asma industrial» ЖШС өнеркәсіптік аккумуляторлар өндіру зауытының сынақ зертханасының меңгерушісі Лариса Красноруцкий мерекеге орай өз тілегін білдірді:

— 8 наурыз – көрікті көктем мерекесі. Осы мерекенің құрметіне салтанатты қабылдауға шақырылғаныма өте қуаныштымын. Бұл менің еңбегімнің, өңірдің өндірісін дамытуға қосқан үлесімнің бағаланғаны деп білемін. Аккумулятор өндірісі саласында 30 жылдан астам жұмыс істеп келемін. Ал қазір жаңа зауытта сынақ зертханасында құрамдас батареяларға талдау жүргіземін. Жұмыс тәжірибем көп болса да, білімімді үнемі жаңартып отыруға тырысамын. Осы жылды Президент жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады, сондықтан осы мүмкіндікті пайдалана отырып, жастарымызды оқуға, жұмыс істеуге және үнемі алға ұмтылуға шақырамын, — деді ол.

Тағы бір қатысушы Сания Чукотаева:

— Мен Алакөл ауданындағы «Арқарлы – Майбүйрек» ЖШС-ның зоотехнигімін. 2013 жылдан бері біз Австралиядан әкелінген асыл тұқымды «Ангус» сиырын өсіріп отырмыз. Қазір шаруашылықта мал басы шамамен 15-16 мыңға жетті, соның жеті жарым мыңы аналық бас. Мал шаруашылығында жұмыс істеу оңай емес. Оған ең бастысы төзімділік керек. Ауылдық жерді дамытуға үлес қосуға, салаға жастарды тартуға тырысамыз, оларды еңбексүйгіштікке, туған жеріне қызмет етуге үйретеміз. Мерекемен барша қыз-келіншектерді, ақ жаулықты аналарды құттықтаймын, — деді.

Салтанатты жиынға арнайы келгендердің бірі теміржолшы Қатима Қырықбаева:

— Үштөбе темір жол станциясында еңбек етіп жүргеніме 24 жыл болды. Теміржол саласына келген жастарға білгенімізді үйретіп, тәжірибемізді бөлісеміз. Облыс деңгейіндегі салтанатты шараға алғаш рет қатысып отырмын. Әйел-аналардың барлығына мықты денсаулық, еңбекте табыс, отбасында бақыт тілеймін, — деп тілегін білдірді.

Осындай құттықтауларға «DeFacto» инклюзивті ақпараттық порталының журналисі Эльмира Смағұлова да қосылды:

— Бүгін біздің мерейімізді өсіріп, еңбегімізді елеп жатқаны қуантады. Яғни өз жұмысымның маңызды, әрі көпшілікке пайдалы екенін тағы бір мәрте ұғындым. Инклюзия деген — жай сөз ғана емес, қоғамды қолжетімді және әділ етуге көмектесетін нақты қадамдар. Мен осы өзгерістердің ішінде жүргеніме қуаныштымын. Он жыл бойы мүгедектерге жұмысқа, ауруханаларға, оқу орындарына жетуге көмектесетін Инватакси қызметінің диспетчері болып жұмыс істедім. Бұл мені жауапкершілікке, шыдамдылыққа үйретті. Бірақ мен үнемі журналист болуды армандайтынмын. Қазір журналистика факультетінде оқып, тілші болып жұмыс істеймін. Қанша қиындықтарды бастан кешірсек те, ең бастысы берілмеуге үйренуіміз керек. Өзіне, өз күшіне сенген адам қандай ауыртпалықты да жеңіп шығады. Біздің әрқайсымыздың да таланттымыз, қабілеттеріміз бар, тек соның көзін тауып аша білу керек, — деп жетісулық әйелдерді мерекемен құттықтады.

Шара мерекелік концертпен жалғасты. Салтанатты жиынға келген әрбір әйелге сый жасалып, гүл шоқтары табысталды.

Атап өтсек, облыс құрылғаннан бері 1237 көп балалы отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілген, ал биыл 1600-дей көп балалы отбасы осындай қуанышқа кенеледі. Сондай-ақ ай сайын 30 мыңнан астам көп балалы ана мемлекеттен түрлі қаржылық қолдау алуда. Сол сияқты өткен жылы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен облыста 136 әйел қайтарымсыз грант алып, өз жеке ісін бастады.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Фотографтар: Жеңіс Ысқабай, Жұмабай Мұсабеков

Қатысты жаңалықтар

Қызды некеге мәжбүрлеп алып қашқандарға қылмыстық жаза енгізілмек – Мәжіліс депутаты

Қызды некеге мәжбүрлеп алып қашқандарға қылмыстық жаза енгізілмек – Мәжіліс депутаты

14.05.2025
Мемлекет басшысы Армения Ұлттық жиналысының төрағасы Ален Симонянды қабылдады

Мемлекет басшысы Армения Ұлттық жиналысының төрағасы Ален Симонянды қабылдады

14.05.2025
Тоқаев Көлік министрі Қарабаевқа сөгіс жариялады

Тоқаев Көлік министрі Қарабаевқа сөгіс жариялады

14.05.2025
Қазақстан ұлттық құрамасының экс-футболшысы Ғафуржан Сүйімбаев мансабын аяқтады

Қазақстан ұлттық құрамасының экс-футболшысы Ғафуржан Сүйімбаев мансабын аяқтады

14.05.2025
Қандай жағдайда жасанды интеллектті қолдануға тыйым салынуы мүмкін

Қандай жағдайда жасанды интеллектті қолдануға тыйым салынуы мүмкін

14.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.