Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Биыл Қазақстанда 1,1 млн тонна қант қызылшасын жинау жоспарланған

14 қазан 2024
КҮЛТӨБЕ
Биыл Қазақстанда 1,1 млн тонна қант қызылшасын жинау жоспарланған
WhatsAppTelegramFacebook

Қант қызылшасының өнімін қант зауыттары толығымен қабылдайтын болады. Биыл елімізде қызылша өсіруден рекордтық көрсеткішті игеру жоспарланған. 1,1 млн тонна қант қызылшасын жинау жоспарланып отыр. 

Бүгінгі таңда қарқынды егін жинау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Алайда, егінді қабылдау кезінде кезектердің пайда болуымен және і ұзақ күтуге байланысты қиындықтар туындап, бұл фермерлердің наразылығын тудырды.

Осыған байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Жамбыл облысының әкімдігі жағдайды шешуге бағытталған бірқатар шаралар қабылдады.

Біріншісі-10 қазаннан бастап Меркі қант зауытының қант қызылшасын қабылдаудың тәуліктік қуаты қосымша төсеу машиналары есебінен 4,5 мыңнан 5,9-6 мың тоннаға дейін ұлғайтылды.

Екіншісі-Меркі қант зауытының акционерлерімен бұрын бекітілген кесте бойынша қант қызылшасын қабылдау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл фермерлердің қызылшаны өңдеуге жеткізуін реттеуге мүмкіндік береді.

Үшіншісі— 100 км-ден астам қашықтықтағы шаруашылықтарға көлік шығындарын өтеу үшін 3 теңге/кг төленетін болады.

Меркі зауыты биыл барлығы 450 мың тонна қызылша қабылдайды.

Бүгінгі таңда қант зауыттары 362 мың тонна қызылшаны (Меркі – 116 мың тонна, Көксу – 129 мың тонна, Ақсу – 117 мың тонна, оның ішінде Жамбыл облысынан 9,6 мың тонна) өңдеуге қабылдады.

Үкімет Қазақстанда өндірілген қант қызылшасының барлық көлемін Қазақстанның қант зауыттарында қабылдауына кепілдік береді.

Естеріңізге сала кетейік, Премьер-Министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен қант қызылшасын жинау қарсаңында бірнеше кеңес өткізілді. Олардың қорытындысы бойынша АШМ облыс әкімдіктерімен және зауыттармен бірлесіп қант қызылшасын жүктеу жоспары мен қабылдау кестесі әзірленді. Қант зауыттарын айналым қаражатымен қамтамасыз ету үшін қажетті нормативтік-құқықтық актілер алдын ала қабылданды. Меркі қант зауытының қуаттылығының жетіспеушілігін ескере отырып, Жамбыл облысының 100 мың тонна қант қызылшасын Жетісу облысындағы Ақсу қант зауытына қайта бағыттау туралы шешім қабылданды. Бұл ретте, фермерлерге көлік шығындарын өтеу мақсатында субсидиялау нормативі тоннасына 25 мың теңгеден 45 мың теңгеге дейін ұлғайтылды.

Айта кету керек, Қазақстанда жұмыс істеп тұрған 4 қант зауытының қазыргі қуаттарын жаңғыртуды қажет етеді.

2025 жылы Меркі қант зауытының қуаты 3 мыңнан 4 мың тоннаға дейін кеңейтілетін болады.

Бірнеше жылда Тараз қант зауытында қант қызылшасын өңдеу бойынша технологиялық желі орнату, Көксу қант зауытының қуатын тәулігіне 4 мың тоннаға дейін арттыру жоспарлануда.

Сондай-ақ жақында Үкіметте Жамбыл облысында 1 млн тонна қант қызылшасын өңдеуді қамтамасыз ететін жаңа қант зауытын салу жобасы таныстырылды. Осы шаралардың барлығы жұмыс істеп тұрған қант зауыттарын жаңғыртумен бірге ішкі нарықтың қант бойынша импортқа тәуелділігін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.

Фото: ҚР АШМ

Қатысты жаңалықтар

Өрісі кеңейген Көксу

Өрісі кеңейген Көксу

27 қараша 2026
Жегені желкесінен шығады

Жемқорлықты әшкерелегендерге 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі

27 қараша 2026
Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

27 қараша 2026
Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

27 қараша 2026
Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

27 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.