Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев блогерлердің жауапкершілігін күшейту жөнінде құзырлы органдарға сауал жолдады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.
«Блогерлердің көбі жалған ақпарат таратады», — деген депутаттың айтуынша, «хайп» қуған блогерлердің салдарынан қаншама адам қаңғып қалған.
Алайда журналистер «қай блогерді айтып тұрсыз» деген сұрағына депутат бірде-бір есімді атамады.





