Бүгін – қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, Қазақстанның Мемлекеттік Әнұранының авторларының бірі Жұмекен Нәжімеденовтің туған күні, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Жұмекен Нәжімеденов 1935 жылы 28 қарашада Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы Қошалақ құмының Ашақ қонысында дүниеге келген.
Ақынның алғашқы жыр жинағы «Балауса» 1961 жылы жарық көрді. Бұл еңбегі арқылы ол қазақ поэзиясына жаңа тыныс әкеліп, әдебиеттің дамуына елеулі үлес қосты.
Жұмекен Нәжімеденов поэзиямен шектелмей, проза, әдеби сын, естелік жанрында да өнімді еңбек етті. Оның «Ақ шағыл», «Кішкентай», «Даңқ пен дақпырт» романдары қазақ әдебиетінің маңызды туындылары қатарында.





