«Senim» бағдарламасы агроөнеркәсіпте ірі тауар өндірісін ұйымдастырып, фермерлерді ынталандырудың жаңа механизмін ұсынады.
Статистика мәліметтері бойынша, 2018 жылдың 1 қаңтарына 62 мың адамды біріктіретін 2849 кооператив тіркелген. Алайда, бұл кооперативтердің тиімді жұмыс істеуімен бірге бірқатар проблемалары да бар. Осыған байланысты агроөнеркәсіптік кешенді дамытуда жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламаны өзектендіру мақсатында алты негізгі бағыт анықталды. Олар: еңбек өнімділігі, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі, техникалық жабдықтар, білімі, өнімді сатудан түскен табысы, үстеме шығыстарын салыстырмалы түрде қолданып, нысаналы жұмыс істеуші индикаторларды ауыстырып тұру.
Агрокооперацияны дамыту бағдарламасының мақсаты – ауылшаруашылығы кооперациясына қатысушылардың еңбек өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін ұдайы арттыру. Жыл сайын кемінде 10%-ға өсумен үш өлшенетін негізгі индикаторларды енгізу ұсынылды: кооператив қатысушыларының еңбек өнімділігінің өсуі, өнімді сатудан (оның ішінде экспорттан) және қызмет көрсетуден түскен түсімнің өсуі, ауылшаруашылығы кооперативтерінің негізгі құралдарына инвестициялардың өсуі.
Өндірістің тиімділігін арттырудың негізгі құралы кооперацияның екі тетігі болып табылады: көлденең кооперация және тік (зәкірлік) кооперация. Зәкірлік кооперация ұсақ және орта шаруа (фермер) қожалықтарының және олар құрған кооперативтердің қайта өңдеу кәсіп- орындары мен жүйе құраушы кәсіпорын- дардың әріптестігін көздейді. Кооперативтер қауымдастықтарды немесе одан да үлкен кооперативтерді құра алады. Жеке қосалқы шаруашылықтар, сондай- ақ, жеке кәсіпкерлік, шаруа және фермер қожалықтары нысандары да коопера- цияға қатыса алады. Мұндай модельдердің табыстылығы сүт кооперативтері бойынша әлемдік тәжірибе үлгілерімен расталады. Мысалы, Жаңа Зеландия мен Голландияның, Швецияның, Данияның, АҚШ пен Оңтүстік Кореяның ұсақ және орта фермерлері ірі кооперативтерге бірігіп, өзінің тиімділігін арттырып қана қоймай нарықты (рынок) да жаулап алды. Таңдалған бағыттың дұрыстығы- на мысал болған, мыңдаған фермерлерді біріктірген Фронтер, Эрал Фудс сияқты ауылшаруашылығы кооперативтері әлемдік алыптардың табысты тәжірибе- сін көрсетті.
Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінде агрокооперацияны дамыту бағдарламасын іске асыру құралдарының бірі – ірі тауар өндірісін ұйымдастыруға жобалық тәсілді қолдану болып табылады. Осындай жобалық тәсілдің мысалын «Senim» бағдарламасынан көруге болады. Оның шеңберінде Алматы және Жамбыл облыстарының мал шаруашылығы бағытындағы 150 фермерлік және шаруа қожалықтарын біріктірген «Qazaqonimexport корпорациясы» АӨК құрылды. Корпорация Қазақстанда алғаш рет фермерлерді экономикалық ынталандырудың жаңа тетігін енгізуде.
Бүгінгі күні «Qazaqonimexport корпорациясы» АӨК «Senim» бағдарламасын инвестициялау үшін «Omrani» компаниясымен алдын ала келісімшартқа отырды. «Omrani» компаниясы – бұл Иранда штаб-пәтері, Дубайда және Маскатта тіркелген кәсіпорындары, бизнестің түрлі салаларында үш жылдық жұмыс тәжірибесі бар көпұлттық бизнес-тобы. Бұл бизнес- топ Ресейдің «Каравай-Дружба» ЖШҚ компаниясымен 10 000 (он мың) басқа ірі қара мал жеткізуге келісімшарт жасасқан. Кооперация және интеграция жүйесі жоғарыдан төменге қарай қағидаты бо- йынша жүзеге асырылады, яғни, өзара тиімді шарттарда (келісімшарт негізінде) құрылған корпорация кепілсіз және па- йыздық мөлшерлемесі жоқ негізде асыл тұқымды ірі қараның аналық мал ба- сын (100-200 бас) 300 гектар және одан да көп жер алқаптары бар фермерлерге сенімді басқаруға тегін береді. Корпорация әкімшілік қаражатты, ІҚМ-ның жемшөп шығынын және ветеринарлық карантин жұмыстарын өз мойнына ала- ды (бағдарламаны әзірлеушілер ҚР ҰҒА академигі Ж.Ж. Сүлейменов жетекшілік ететін Қазақ ұлттық университетінің бір топ ғалымдары, бағдарлама жетекшісі «Qazaqonimexport корпорациясы» АӨК төрағасы А.Д. Байшекеев). «Senim» бағдарламасы – бұл ішкі на- рыққа және экспортқа арналған ірі қара мал етін өндірудің үздіксіз циклы қадамдарымен қамтамасыз ету болып табылады: – бірінші қадам – табынның өсімін молайтуды қамтамасыз ету мақсатында шет- елдерден келген асыл тұқымды ірі қара малды одан әрі шаруашылықтарға сенімгерлікпен 100-200 бастан басқаруға беру; – екінші қадам – алынған бұқашық- тар, сондай-ақ жарамсыз аналық мал басы қарқынды бордақылауды қамтамасыз ету үшін бордақылау кешендеріне беріледі; – үшінші қадам – бордақыланған кон- дициялық мал басы ет комбинатына, өнді- рістік мал союға жіберіледі; – төртінші қадам – әкелінген сиыр- лардан алынған қашарлар асыл тұқымды өндірісте шоғырланып, таза аналық бас контингенті қалыптасады. Осылайша, фермер сиыр етін экспорт- қа шығарудың бірыңғай ұйымдастырыл- ған тізбегіндегі зәкірлік буыны болып табылады. Репродукторлар аналық мал басымен, сондай-ақ, бордақылауға арнал- ған бұқашықтармен қамтамасыз ететін зә- кірлік шаруашылықтар болып табылады. Бұл бағдарламаның басты артықшы- лығы – фермерлерді ет өнімдерінің экс- портын арттыруға, «2018-2027 жылдарға арналған ет өндірісін дамыту» ұлттық бағдарламасын орындауға құлшындыру- да, жаңа жұмыс орындарын құрып, өткізу нарығын кеңейту жолымен фермерлердің табысын өсіруде жатыр.
Ж. СҮЛЕЙМЕНОВ,
ҚР ҰҒА академигі
А.БАЙШЕКЕЕВ,
«Qazaqonimexport корпорациясы» АӨК төрағасы





