Талдықорған: +14°C
$ 461.26
€ 542.58
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ДЕПОЗИТ ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕСІЗ?

29.09.2024
КҮЛТӨБЕ
ДЕПОЗИТ ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕСІЗ?
WhatsAppTelegramFacebook

ДЕПОЗИТ. Бұл инвестицияның бір түрі. Жиған қаржы-   ңызды депозитке сақтай отырып, көбейту мүмкіндігіне ие боласыз. Сіздің қаржыңызды банк айналымға салып, содан пайда табады да үстінен пайыздық мөлшерлеме төлейді. Егер сіз депозитке көп мөлшерде қаржы салсаңыз алатын пайыздық мөлшерлемеңіз де жоғары болады. 


Осыдан бірнеше жыл бұрын бұл термин көпшілікке таныс болмағаны рас. Ал қазір екінің-бірі артық ақшасын депозитке салып, пайыздық мөлшерлеме алуға дағдыланған. Бұл да табыс табудың бір тетігін меңгеру арқылы қаржылық сауаттылықтың арта түскенін дәлелдейді.

Елімізде депозиттің 3 түрі бар. Мерзімсіз депозитте сіз өз қалауыңызбен ақша салып я ала аласыз. Тіпті, бүгін салып ертең қайта алып алсаңыз да өз еркіңіз. Бұл депозит тұрақты ақша жинаймын деген адамға өте тиімсіз. 

Екінші – мерзімді депозит. Мұнда ақша салуға лимит қойылмайды. Қаржыңыздың жартысын алуға құқылысыз. Бірақ ай сайын түсетін пайыздық мөлшерлемеден қағыласыз. Тек қолыңызға өзіңіздің жиған ақшаңыз ғана тиеді. Демек, сіз қаржы жинауға деген о бастағы ниетіңізге бұл депозит арқылы қол жеткізе алмайсыз. 

Үшінші – жинақ депозиті. Мұнда ақша алу үшін барынша максималды шектеу қойылады. Ең көп пайыздық мөлшерлемені дәл осы депозиттен ала аласыз. Алайда ақшаны депозитте болмаса әмиянда жинау өз еркіңіз. Тек депозиттен ПАЙЫЗДЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕ ала алатыныңызды ұмытпағаныңыз жөн. 
Сананы тұрмыс билеген қоғамда «Ішіп-жемнен артылмайды. Ештеңеге жетпейді. Қайдағы депозит? Оның қандай пайдасы бар? Банк бізді алдап кетпей ме?» деген сауалдар туындайтыны заңдылық. Біз жоғарыда ақшаны қайда, қалай жинау әркімнің өз таңдауы екенін айттық. Бірақ аз болса да тиімді әрі пайдалы жолды нұсқау, дұрыс я бұрысын айту – міндетіміз.  

Ал енді біз ең бірінші депозитке ақша жинау- дың пайдалы жақтарын тілге тиек етейік. Қазір көптеген жұмысты қолдағы қарапайым ғана телефонмен атқарып жүрміз. Дәл солай депозитке қаржы жинауды да дәл сол телефон тетіктерін басу арқылы жүзеге асырасыз. Бұл өте қарапайым әрі оп-оңай. Көздеген бір арман-мақсатқа жету жолында депозит ашсаңыз оның мерзімі аяқталғанша  басыңызды ауыртып, балтырыңызды сыздатпайсыз. Мұны – бір деңіз. 

Депозит ашып ішіне 100 теңге салсаңыз да сізге пайыздық мөлшерлеме қосылады. Бұл  тұрақты жүзеге асырылып тұрады. Мысалы, о баста депозит ашқанда пайыздық мөлшерлеме қанша пайызбен ашылды, сіз депозитті жапқанға дейін сол пайыздық мөлшерлеме сақталады. Мысалы, сіз 12%-бен депозит ашсаңыз, кейін нарықтағы депозиттің пайыздық мөлшерлемесі 9%-ға түсіп қалса да сіздікі 12% болып қала береді. Мұны – екі деңіз.

Депозитке салған қаржыңыз бірден бұғатталады. Сіз кез келген уақытта оны алуға құқылысыз. Бірақ біз жоғарыда атаған мерзімсіз, мерзімді, жинақ депозиттерге салуыңызға байланысты. Қай депозитке ақша жинасаңыз да бұл күнделікті сіздің ақша үнемдеуіңізге септігін тигізеді.  Мұны – үш деңіз.

Депозитке түскен қаржыңыз мемлекет арқылы кепілдендіріледі. Қазақстандық депозиттердегі кепілдендірілген жүйенің арқасында ақшаңызға ешкім қол сұға алмайды. Егер сіз таңдаған банк жұмысын тоқтатса, 15 миллион теңгеге дейінгі салымды мемлекет өтеп береді. Қысқасы, сіздің ақшаңыз сенімді қолда деген сөз. Мұны – төрт деңіз.  

Таяқтың екі ұшы болатындай бұл депозиттің де тиімді және тиімсіз тұстары бар. Жоғарыда күнгейін айтсақ, енді сәл көлеңкелі тұсын тізіп шығайық.

Біз тілге тиек еткен тұрақты пайыздық мөлшерлеме. Жоғарыда бұл тиімді дедік. Бірақ мұның да тиімсіз жағы барын ұмытпауымыз керек. Мысалы, сіз 10 пайыздық мөлшерлемемен депозит ашқан болсаңыз  кейін барлық банк 12 пайыздық мөлшерлемемен депозит ашатын болса, сізге тиімсіз болып қалады.  Мамандар төмен табыс көзінің бірі дәл осы депозит екенін айтады. 

Маман не дейді? 

Саян АСҚАРҰЛЫ, қаржыгер

50/30/20. Бұл қаржыгерлер тарапынан кең тараған ереженің бірі. Демек, сіз  табыстың 50 пайызын өз қажетіңізге, 30 пайызын қалауыңызға және қалған                     20 пайызын инвестицияға аударуыңыз керек. Бірақ бұл жердегі үлкен мәселе – табыс көзі. Бұл барлық адамда бірдей емес. Соны да ескерген жөн. Қазір азық-түлік алсаң киім алмайсың, киінсең тамақтан қағыласың. Себебі, бәрі қымбат. Бірақ дана халқымыз «тарта жесең тай қалады, қоя жесең қой қалады» деп үнемшіл болуды назардан тыс қалдырмаған. Десе де қаржыгер ретінде ақшаны депозитте сақтау керек деген кеңес бергім келеді. Себебі, адамдардың ақшаны қолда ұстағаны экономикаға кері әсерін тигізеді. Адамдар үшін де тиімсіз. Жылдық инфлияцияның әсерінен ақша құнсыздана береді. Сандық түбінде жатқан ақшадан депозитте аз болса да көбейген ақша әлдеқайда пайдалы. Экономика үшін де қаржының айналымда болғаны аса маңызды. Қазақстандықтардың көбі ақшаны теңгелей сақтағанды жөн көреді. Егер депозит ашқан банк жабылып қалған жағдайда «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңының 61-1-бабына сәйкес депозиттерді Қазақстанның Депозиттерге Кепілдік Беру Қоры қорғайды. Банк лицензиясынан айырылса,  депозиттерді қайтаруды ҚДКБҚ өз жауапкершілігіне алады. Қорға еліміздегі 24 банк мүше болып тіркелген. Қалай десек те бүгінгі қаржыңыздан үнемдеп ертеңгі арманға жету үшін бір қадам жасауды ұмытпаңыз.

Депозит – ең қауіпсіз, сондай-ақ, ең төмен табысты инвестицияның бірі. Егер ақшаңызды құнды қағаздар,  жылжымайтын мүлік сынды инвестиция түріне аударсаңыз пайыздық мөлшерлеме әлдеқайда көп болатынын да ескерген дұрыс. Бірақ бұл инвестицияға қол жеткізу үшін әмияныңыз қалың болуы керектігін естен шығармаған жөн.

Егер сізге тез арада ақша қажет болса ертерек әрекет ету керек. Мәселен, қаржыңыз мерзімді депозитте болса, бірнеше күн бұрын жауапты маманға хабарласып, ақша шешу туралы өтініш жазуға тура келеді. 

Жалпы, депозит ашпас бұрын Ұлттық банк немесе Қазақстан қор биржасының сайтынан құнды ақпаратпен сусындап алу артық етпейді. Бұл жерден еліміздегі барлық банктің статис- тикасын көруге болады. Ұзақмерзімді депозит ашуды жоспарласаңыз міндетті түрде банк рейтінгіне көз жүгірткен жөн. Содан кейін ғана банк ұсынған келісімшартпен танысу керек. Пайыздық мөлшерлеме төлеу, салымды қайтару (толық немесе ішінара), оны толықтыру мүмкіндігі, салым мерзімі, банк салымы шартын ұзарту талаптары туралы толық жазылады. Бірақ олар жарнама қағаздарынан көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін. Сол үшін келісімшартпен мұқият танысып, зерттеу жүргізіп, депозит ашуды жоспарлап  отырған банктің келісімшарт үлгілерімен танысқаныңыз тиімді болады.

Қатысты жаңалықтар

Бейбіт Исабаев Панфилов ауданының тұрғындарымен кездеседі

Бейбіт Исабаев Панфилов ауданының тұрғындарымен кездеседі

10.05.2026
Қаһарман ұлы қазақтың

Қаһарман ұлы қазақтың

10.05.2026
Тарихқа тағзым, өнерге құрмет

Тарихқа тағзым, өнерге құрмет

10.05.2026
Сараның өшпес ізіндей

Сараның өшпес ізіндей

10.05.2026
Аида Балаева Аналар күнімен құттықтады

Аида Балаева Аналар күнімен құттықтады

10.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.