Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ДЕПУТАТ. ӘСКЕРГЕ ШАБЫТПЕН АТТАНҒАН САРБАЗДАР ТАБЫТПЕН ОРАЛМАУЫ КЕРЕК

2 қыркүйек 2024
КҮЛТӨБЕ
ДЕПУТАТ. ӘСКЕРГЕ ШАБЫТПЕН АТТАНҒАН САРБАЗДАР ТАБЫТПЕН ОРАЛМАУЫ КЕРЕК
WhatsAppTelegramFacebook

Парламенті Мәжілісінің депутаты Нартай Аралбайұлы әскердегі әлімжеттік мәселесіне қатысты өз ойын айтты.


Нартай Аралбайұлының сөзінше, әр әскерге кеткен сарбаздың өміріне, қауіпсіздігіне мемлекет, Отан, мемлекет органдар, Қорғаныс министрлігі жауапты.

«Елімді, мемлекетімді, Отанымды қорғаймын» деп әскерге шабытпен аттанған сарбаздар табытпен оралмауы керек. Өзіміз оған куә болып жүрміз. Әскерге сап-сау кеткен жігіттер мүгедек болып келіп жатыр. Осыдан кейін «балаңды әскерге жібер» деп қай ата-анаға айтамыз? Біз кімді үгіттейміз, кімді міндеттейміз?, — деді ол.

Мәжіліс депутаты бүгінде әскердегі әлімжеттік мәселесі әлі де өршіп тұр деген пікірде.

Әскердегі әлімжеттіктен зардап шеккен сарбаздарға қатысты тергеуді мұқият қарау керек. Жуырда біздің бауырымыз зардап шекті. Алматыда қаралды, қазір үйіне оралды. Оған халқымыз 200 миллион теңгедеген астам қаражат жинап берді. Бірақ дардай жігіттің әскердегі әжетхананың ішінде құлап, басын жарып алды дегені ақылға қона ма?! Мен бұған мүлде сенбеймін. Сондықтанда әскердегі әлімжеттікті тоқтату қажет және оған тиісті реформа керек, — деді Нартай Аралбайұлы.

Нартай Аралбайұлының айтуынша, көтеріліп отырған мәселемен жіті айналысу қажет.

Журналистік мансабымда тиісті министрлікпен сұхбаттасқанымда олар барлық жерге бейнекамера орнататындарын айтқан. Бүкіл жерге камера қойылса, оның нәтижесі қайда? Әскерде әлімжеттік болады, сарбаз зардап шегеді. Осыдан бірнеше жыл бұрын сарбаз өзін-өзі атып өлтірді, жақында біреуі әжетханада құлады. Демек, бұл жерде әскерден бөлек, сол болған жағдайды тексеретін, тергейтін органдардың да арасында қандай да бір сыбайластық бар ма деген күмән туады. Бұны жоққа шығара алмаймыз. Сол себепті мәселемен жіті айналысуымыз керек, — деді депутат.

Мәжіліс депутаты жастардың әскерге баруы үшін арнайы жағдай жасалуы тиіс екенін атап өтті.

Қазақстан Республикасындағы жастар әскерге өз Отанын шабытпен қорғауға барсын, табытпен келмесін десек, онда біз осы жүйеге толыққанды реформа жасауымыз керек деп санаймын. Бұл – біздің міндетіміз. Реформа әскердегі әлімжеттікті тоқтатудан басталады. Ең бірінші мәселе осы. Әскердегі қауіпсіздік, заманауи техника мен технологияларды қолдану мәселесін де міндетті түрде енгізу керек деп есептеймін, — деді Нартай Аралбайұлы.

Қатысты жаңалықтар

Өрісі кеңейген Көксу

Өрісі кеңейген Көксу

27 қараша 2026
Жегені желкесінен шығады

Жемқорлықты әшкерелегендерге 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі

27 қараша 2026
Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

27 қараша 2026
Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

27 қараша 2026
Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

27 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.