Талдықорған: +35°C
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ӘДІЛБЕК ЫБЫРАЙЫМҰЛЫНЫҢ «СЕМСЕР ЖҮЗІНДЕГІ СЕРТ» КІТАБЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

11.10.2022
КҮЛТӨБЕ
ӘДІЛБЕК ЫБЫРАЙЫМҰЛЫНЫҢ "СЕМСЕР ЖҮЗІНДЕГІ СЕРТ" КІТАБЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Астана, Алматы қаласында тұсаукесері өтіп, зиялы қауым өкілдері мен жас оқырмандардың құрметіне бөленген жазушы Әділбек Ыбырайым- ұлының «Семсер жүзіндегі серт» атты роман-трилогиясының таныстырылымы Талдықорған қаласындағы Тіл сарайында өтті. 

Тұсаукесерді Қазақстан жазушылар одағы Жетісу облыстық филиалының төрағасы, ақын Әміре Әрін жүргізді. 
– Қазақ әдебиетінің тарихи прозасына ерекше бітімді, Алатаудай асқақ, Сарыарқадай шалқар пішінді үлкен роман-трилогия келді. Оны бүгінгі қазақтың ғана емес, келесі ұрпақтың, Мәңгілік елдің үлкен олжасы деп білген жөн. Сол құнды қазынаны ортамызға алып келген, Тоныкөк бабамыз айтқандай: «Түн ұйықтамай, күн отырмай, маңдай терін төгіп, өмірге әкелген Әділбек бауырымызға алғысымыз мол. Әдебиет деген үлкен айдын, соның ішінде тарихи проза алтын діңі болып табылады.  Өйткені тарихи шығарма ең алдымен – қоғамның санасын ашады. Оқырманның ой дүниесіне, жас жүрегіне сәуле жүгіртеді. Ал тарихи сана – ұлттың  тірегі. Бүгін қолдарыңызға тиген «Семсер жүзіндегі серт» атты үш томдық еңбек сондай ғажап дүние, – деді. 
Келесі кезекте сөз алған Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Нүсіпбай Әбдірахым мен ақын Жомарт Игіман,  жазушы Есболат Айдабосын, жазушының сыныптасы, белгілі журналист Гүлбаршын Сабаевалар да кітап жайлы ойларымен бөлісті. Жазушының жерлестері Ақсу ауданының әкімі Есім Базархановтың құттықтау хатын оқып, қазақ дәстүрімен иығына шапан жапты. 
Үлкен еңбекті жомарт жүректі азамат өмірге әкеледі. Ал үш ғасырға жуық тарихты бүгінгі күннің көзімен қайта түгендеп шығу үшін мол тәжірибе, шалқар шабыт, соны ізденіс керек. Жазушы Арасанбай Естеновтың: «Әділбектің алғашқы өлеңдерін оқығында-ақ болашақта үлкен қаламгер болатынын  байқап едім. Содан бергі жазушылық сапарында көптің ықыласына бөленген талай еңбекті өмірге әкелді. «Семсер жүзіндегі серт» роман-трилогиясында Әділбек Ыбырайымұлы күрделі  тақырыпты сәтті алып шықты» дегені авторға да, шығармаға да берілген құнды баға. 
Қазақстан Жастар одағы және Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты бұл тақырыпқа үлкен ізденіспен келді. Шаршаса да, шалдықса да мойымай, бүгінге дейін 20-ға жуық кітаптың авторы атанды. Сол мол тәжірибе бүгінгідей тарихи еңбек жазуға жетелеп әкелді.
Роман-трилогия Тезек төренің қырғыз сапарынан басталады. Сондықтан да тұсаукесерге Тезек төренің ұрпақтары Бағдат пен Азамат Ақылбековтер арнайы шақырылыпты. «Роман-трилогияның Тезек төренің қырғыз сапарынан басталғаны да тегін емес. Шоқан Уәлихановтың: «Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ», – деген сөзі бүкіл қаламгердің алдында тұруы керек. Біздің қазақ болып қалуымыз бен қалыптасуымызға бірден-бір себеп түркітілдес халықтардың әділдікті ту етіп келе жатқаны. Тезек төренің өмірі тарихи құжаттармен дәлелденген. Міне, бүгін көркем әдебиетке арқау болып отыр. Сол алтын арқауды әдептеген еңбектің де мәңгілік ғұмырлы болатынына сенімдімін», – дейді Бағдат Ақылбеков. 
Елді біріктірудің, жұртты берекеге ұйытудың ең басты құралы – тарихи сана. Біз бай тарихы бар, ата-бабаларымыздың ерлік шежіресі ауқымды, ел мен жерді қорғаудың тектілігін өмірлік болмысы арқылы дәлелдеген ұлттың ұрпағымыз. Өкінішке қарай, кейінгі 3 ғасырда тарихымыз талауға түсіп, бабаларымыздың рухани болмысын тануда кенжелегеніміз рас. Алайда, тәуелсіздіктен кейін тарихшылар мен жазушылар, ақындар мен өлкетанушылар күндіз-түні  тынбай ізденіп, талай ақтаңдақтың бетін ашты. Сол қатарда осы күнге дейін толық ақиқаты айтылмай, бағасы берілмей келе жатқан Кенесары ханның ұлт-азаттығы жолындағы ерлік күресі бар. Өйткені ол туысқан түркітілдес ұлттардың, қойы қоралас, ауылы аралас қазақ руларының арасындағы қарым-қатынасты сөз ететін өте нәзік тақырып еді. Осы бір күрмеуі қиын тарихқа жазушы Әділбек Ыбырайымұлы «Семсер жүзіндегі серт» атты роман-трилогиясы арқылы  баға берді.
Осыған дейін Ілияс Есенберлиннен бергі қаламгерлер тарих тақырыбында көптеген дүние жазды. Олардың көбі белгілі бір кезең, белгілі бір тұлға, белгілі тақырып төңірегінде қалам тербесе, Әділбек Ыбырайымұлы қазақтың кемінде 3 ғасырлық тарихын  тарқатты. Тіпті, салыстырмалы баяндау тәсілімен кешегі қазақ мемлекеттігінің негізін қалаған үйсін, сақ, ғұн, қаңлы тарихынан да мағлұмат береді. Яғни, өткен мен кеше, бүгін ортасындағы тарихи сабақтастықты тың ой, өрелі тұжырыммен өрнектеді. Кітаптың артықшылығы да, күрделілігі де, жауаптылығы да осында. 
– Кенесары хан жайлы ең алғаш 7-8 жасымда ата-анамның аузынан естіген едім. Содан бері осы тақырып өзіне қызықтырумен келді. Құла түзде арғымақпен шауып бара жатқан Кенесары бейнесі көз алдымнан кетпеді. Басында толқыныстар  болды. Осы тақырыпқа отыруға батылым бармады. Солай ізденіп жүріп Кенесарының қазақ халқының тұтастығын,  әлем өркениетіндегі мейманасының тасуын, терезесі тең болуын ойлаған адам екеніне сендім. Қазақтың мойнына түскен темір бұғауды сыпырып тастау үшін күресті, сол жолда тығырыққа тіреліп, Сарыарқадан  Жетісуға келіп, саяси қысымның ықпалымен қырғыз жерінде қаза табады. Қалың жаудың ортасында тұрып: «Сендер астымдағы атымнан, қойнымдағы қатынымнан, алдымдағы асымнан, иығымдағы басымнан айырсаңдар да, қазақты рухынан айыра алмайсыңдар. Бұл мен орындай алмаған аманатым, халқыма аманат», – деген аталы сөзін айтып, әуелетіп ән салып көз жұмады. Мен тек сол аманатқа қиянат жасамай, осы еңбекті ұрпақ еншісіне бердім, – деді автор қорытынды сөзінде.
Роман-трилогия бабалар аманатына адалдық тұрғысында ақиқаттың ащы шындығын ашып айтқан құндылығымен бағалы. Сондықтан жаңа еңбекті рулық деңгейден биік ұлттық сана тұрғысынан оқу керек. 

 

Қажет АНДАС,
Талдықорған қаласы
Жетісу облысы

 

Қатысты жаңалықтар

Әлем чемпионатына ауылдан қол бұлғау – 2

Әлем чемпионатына ауылдан қол бұлғау – 2

27.07.2026
Жетісуда үш көлік соқтығысты: Полиция тексеру жүргізіп жатыр

Жетісуда үш көлік соқтығысты: Полиция тексеру жүргізіп жатыр

27.07.2026
Теңге Қазақстанның ұлттық валютасы ретінде конституциялық мәртебеге ие болды

Зейнетақы өтемақысын есептеу тәртібі өзгереді

27.07.2026
Рәкеңнен сүюді үйрендім…

Рәкеңнен сүюді үйрендім…

26.07.2026
Сауалнама жүргізудегі заң талаптары қандай?

Жаңа серпін

26.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.