Талдықорған: +22°C
$ 487.73
€ 558.99
₽ 6.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ДӘУІР КӨШІНДЕГІ ДӘСТҮР. «Лақпайы», «Есер тартыс» деген не?

05.09.2024
КҮЛТӨБЕ
ДӘУІР КӨШІНДЕГІ ДӘСТҮР. «Лақпайы», «Есер тартыс» деген не?
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақ мәдениетінің ұшан-теңіз жауһарларын сапырып-қопарып, ақтарып отырып қолыңа қасаң тартқан я шаң басқан бір мұраны алғанда жүрегің атқақтай қуанады екенсің. Оның қасаң дегені – қазақылықтың түп тамырына бойлай алмауың, шаң басқаны – сенің жаңа заман сүрдегінде жүріп кешегі киелі дүниелерге жөнді сәп сала алмаған салғырттығың болып шыққанда не істер едің? Әрине, ұлттан, өз халқыңның кешегісін мансұқтай алмай, телегейіне тамыр бойлата алмай жүріп Абай айтқан «самородный сары алтынмын» я «нағыз қазақпын» деп кеуде соққан күндеріңді еске алып, жүз ұялтып, бет қызартады екенсің.


Иә, нағыз қазақ болғысы келетін, өз халқының мыңжылдық сүрдек-сүрлеуін танымына қондырып, ата тарихын түгел білгісі бар пенделер қатарында біздің де жанар жылтылдайды. Қарашықта от тұтап, кешегі Алаш арыстарының соқпағындағы әр ізді ізгілікпен ұрпаққа әңгімелеп отырғанға не жетсін?! Алайда, мың жылдық жауһарды етік ұшымен түртіп өтіп, соңыра қайырыла көз тоқтатқанда барып ол сенің тұтас ғұмырыңның бір бөлшегі, руханиятыңның бір атауы болуға лайықты құнды дүние екенін аңғарғанда қайтпексің? Жоғарыдағы пұшаймандықты қайталай сезінесің. Ұлттан, ұлылардан ұяласың. Замандастар алдында қазақ әдебиетін түгел тілшелеп тауыстым, таушалап танымыма сіңірдім деп асылықпен, асығыстықпен мақтанғаныңа және бір ұяласың. 

Кейде біз әдебиетпен тыныстап, қолға қалам алып жүріп кейбір жанр турасында терең ойлана алмайды екенбіз. Ал, ол жанрда қазақтың күллі ғұмыры, тынысы, тірлігі жасырынып жататын сыңайлы. Күні кеше Тұрсынжан Шапайдың «Анық Абай» кітабын оқығанда осы бір ойды қуаттадық. Дәстүрлі өмірімізді мансұқтай алмағанымызға іштей қынжылдық. 

Тұрсынжан Шапай «Абайдың Қиясбайы» тарауында өмір шындығын, өнер биігін ерекше айшықтап өтіпті. Әсіресе Қиясбайдың тұлғалық бейнесін, көркем образын барынша қанық еткен. Мұны біз неге толғап отырмыз? Несіне дәстүр туралы жазбамызға арқау еттік? Өйткені, дәл Қиясбай (кейіпкер) арқылы оның ұлттық танымға, дәстүрлі өмірге, руханият пен әдебиетке қосқан үлесі мен қазақы парасаттың биіктігіне жетелеген өнерін (талантын) автор жеткілікті аша алған. Сол арқылы қазақ дәстүрінің бір бөлшегі өзінен-өзі тақырыпқа сұрана қалды.

Мәселен, біз өткен жылдары телеарнада жүрген «Жұлдыздар айтысын» тамашаладық. Онда бүгінгі ақтаңгер ақындар мен әнші, әзілкештер жұп құрап, сөз барымтасының көрігін қыздырды. Сондай жұптың бірі – Сара Тоқтамысова мен Қанат Әлжаппар айтысы дүйім елді күлкіге қарық қылды. Әділқазылар құрамында болған дәстүрлі әнші Бекболат Тілеухан осынау жұптың айтысын «лақпа айтыс» деп айшықтап берген-ді. Шындығына келгенде Бекболат Қанайұлының өзі осы «лақпалық» сүрлеуді жаңғыртушылардың бірі болғаны даусыз.

Хош, енді осынау өлең түріне, дәстүр сүрдегіне Тұрсынжан Шапай арқылы көз жеткізіп көрелік. Автор «Анық Абай» еңбегінде: «Қиясбай еңбек еткен поэзия жанрына «лақпайы өлең» деп ат берген жараспақ («лақпа», «айдалаға лағу» дегеннен шығады). Және бұл аспаннан түскен үлгі емес, алыстан тамыр тартқан дәстүр, көнеден көш түзеген үрдіс. Қиясбай – дәстүршіл ақын. Дәстүрді дамытушы», – деп толғанады.

Ал енді сол лақпай өлеңнің авторы, Абайдың нағашысы Қиясбай өлеңіне назар аударсақ:
    «Ақ сиырдан туады жирен айғыр,
    Қойға қасқыр шабады қоқаң-қоқаң.
    Көктен шауып келеді боталы інген,
    Буынғаным белімде сексен арқан», – деген шумақтарға ұшырайсыз. Бұл жырларды заманында алып Абай ерекше бағалағанын еске алсақ, Тұрсынжан Шапай тіпті асқақтатып: «Қиясбай – классик. Атап айтамыз – өз жанрында» деп баға береді. Несімен хәкім Қиясбайды асқақтатып, оны автор «Анық Абай» кітабында ерекше биікке шығарып отыр?

Шындығына келгенде, ақиқатын айтқанда Қиясбай өз дәуірінің, өз жанрының талантты өкілі, қайталай бағаласақ «классик» екені даусыз. Өйткені оның жырларында қазақтың тұла бойында жасырынған әзіл, шымшыма сөз, бейнелеу мен суреттеудегі дара соқпақ бар. «Жас жүрек жайып саусағын» деген Абайдың бейнелі образына тән, алайда сана жетелетпесе шаңын қаптырмас шапшаңдық та «лақпайы өлеңнің» өнебойында жасырынған.

«Лақпайы өлең» сатиралық жағынан елге күлкі шақырса, өтірік өлең сипатымен ойды он саққа жібереді. Алайда бұл шіркіннің бойында біз білмейтін қазақтың кемеңгерлігіне тән бір сиқыр да бұғып жатқандай. Мұны: «…Қазіргі поэтика жеткен өре Қиясбай өлеңіне бұдан әрі бойлай алмайды. Жалпы Қиясбай өлеңдерін талдауға есі дұрыс өлең теориясы дәрменсіз», – деп бір толғамында ерекше тебіренген Тұрсынжан Шапай ерекше көре білген, сезіне алған. Содан да болар, ол: «Кез-келген қисынсызды қиыстыра бергеннен күлкі шықпайды. Сенбесеңіз, байқап көріңіз. Демек, мұның да өз логикасы болғаны. Қия-ағаңның (Қиясбайды айтып отыр) шеберлік лабораториясына бойлаған сайын бұған көзіңіз анық жетеді. Мәселен, «Қойға қасқыр шабады қоқаң-қоқаң» деген не? Қойға қасқыр шабатыны – талассыз ақиқат. «Қоқаң-қоқаңы» несі? Ұқпайсыз, елестетесіз. Қоқаң-қоқаң еткен сөлекет қозғалысты қасқырмен байланыстыруға қиялыңыз жетсе (жетпес де) – жарыдыңыз күлкіге», – дейді. 

Шындығына келгенде қазақы кемелдік пен тереңдіктің, лақпалық пен дөйдалаға сөз жүгіртсе де көз алдындағыны ашық әжуалайтын, сынайтын, мінейтін ұлттық танымдағы бір көрініс, осы – лақпайы өлең жанрына жинақталған. «Алдымда мына тайым бар, ерттесем ерте, қола болар, аяқ салбыратсам мола болар» деген секілді ауылды жердегі лирикаға, не жырға жатпайтын лақпайының бәрі қазақтың шеберлігінен, сөзшеңдігінен, сөз сарасы мен патшасы болған өлеңге іңкәрлігінен туындаған дүние. Ал оның түпкі бастауында халық тұрса, жарқын өкілі деп Қиясбайды, ХХ ғасырда өмір сүрген торғайлық Айса секілді бірқатар адамды тізбелер едік.

Осы ретте «лақпайы өлең» жанрымен қатар, қазақта «есер тартыс» деген ұғым да қалыптасқанын айта кеткен жөн. Мұны да «Анық Абайды» оқып отырып таптық, соңыра оқырманға жеткізуді жөн санадық.  «Дәстүр демекші, «лақпайы» өлең тектес, бірақ жалғасын таппай өшіп қалған бір жетім жанр қазақ күй өнерінде де болған тәрізді. «Есер тартыс» деп атаса керек», деп – ойын дүдәмалдау бастаған Тұрсынжан Шапай: «Бұл өзі кәдімгі күй тартысына ұқсайды, бірақ шарты басқа: кімнің «күйі» ең мағынасыз болса, сол ұтады. Ию-қию жүйесіз дыбыстардан жел тартып, тыңдаушысын күлкімен жіпсіз көгендеу, шынында да, үлкен өнер», – деп бағалайды. Расында да біз қазақ өнерінде осындай арнаның барын білсек, кейбіріміз жаңа ұғынып жатқанымыз даусыз ғой. «Білгенге – маржан» деген ниетпен көне сүрлеуді, дәстүрлі дүниені оқырманға осылайша айшықтап өттік.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Әскери ант – Отан алдындағы қасиетті серт

Әскери ант – Отан алдындағы қасиетті серт

18.06.2026
Ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

Ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

18.06.2026
Тәуелсіздік құрдастары Күреңбелде кездесті

Тәуелсіздік құрдастары Күреңбелде кездесті

18.06.2026
Энергия үнемдеу: Қазақстан мен Германия тұрғын үйлерді жаңғырту жолдарын талқылады

Энергия үнемдеу: Қазақстан мен Германия тұрғын үйлерді жаңғырту жолдарын талқылады

18.06.2026
Жетісу аспанында 33 елдің спортшысы өзара бақ сынауда

Жетісу аспанында 33 елдің спортшысы өзара бақ сынауда

18.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.