Талдықорған: +32°C
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЕҢБЕКПЕН ЕР АТАНҒАН

28.05.2021
КҮЛТӨБЕ
ЕҢБЕКПЕН ЕР АТАНҒАН
WhatsAppTelegramFacebook

Тегінде адам баласы ерен еңбегінің арқасында ғана абыройлы болып, биік белестерді бағындырады. Сондықтан болар дана халқымыз «Ердің атын еңбек шығарады», – деп қадап айтқан. Қазақстанның әр өңірінде елі үшін қызмет еткен дарынды тұлғалар жетерлік. Солардың бірі – Алтынбек МАНКИБАЕВ.


Алтынбек Тұрысұлы 1961 жылы 5 сәуірде Балқаш ауданы, Сарыкөмей ауылдық кеңесіне қарасты Құйған ауылында дүниеге келген. Қарапайым отбасында өседі. Әкесі Тұрыс Мәңкібайұлы, соғыс және еңбек ардагері. Сонымен қатар, Кеңес үкіметі кезінде Жиделі ауылына Алматыдан мамандар апарып, әр үйге құжат жасаттырып, алғашқы көгілдір отты жеткізген және сол салада зейнетке шыққан еңбек адамы. Әкенің газ саласындағы қызметін балалары Рыскелді, Кенжебай жалғастырды. Аяулы анамыз Күлішкен Бөлкенқызы мәдениет жағында жұмыс істеп, он бала тәрбиелеп өсіріп, «Батыр ана» атағын алады.

Көпбалалы отбасында өскен бала ауылда Жиделі орта мектебінде оқиды. Сөйтіп, мектеп бітіргеннен кейін училищеде “автокрановщик” мамандығын тамамдайды. Кейін Жиделі кеңшарының машина-трактор шеберханасында слесарь болып жұмысқа орналасады.

1979-1981 жылдары Мәскеу әскери округінде әскери борышын өтейді. 1981-1984 жылдары Красногор кеңшар – техникумында оқып, үздік дипломмен “Малдәрігерлік фельдшер” мамандығын алып шығады. Алтынбектің арманы білім нәрімен сусындап, ауылын гүлдендіру. Осы мақсат жолында оқудан бас алмайды. Техникум бітіргеннен кейін “Жиделі ет” кеңшарында малдәрігері болып жұмыс істеді. 1984-1989 жылдары Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтында оқып, үздік дипломмен бітіріп, «Малдәрігері» мамандығын алады. 1989 жылдың қыркүйек айынан бастап Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтының зоогигиена кафедрасында кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді. 1989-1992 жылдары осы кафедрада аспирантурада болып, ары қарай болашақ мамандарға білім, тәлім-тәрбие беру мақсатында осы кафедрада ассистент қызметінде жұмыс атқарады. 1994 жылы К. Скрябин атындағы Мәскеу малдәрігерлік академиясында «Ірі қара жас төлдерінің организмінің ауруларға табиғи қарсы тұру қабілетін арттырудың зоогигиеналық және биологиялық тәсілдері» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғап, Ресей Федерациясы Жоғарғы Аттестациялық Комитетінің шешімімен ветеринария ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алады. Сөйтіп, бірнеше оқу бітіріп, білікті маман болған жан түрлі қызметте жұмыс істейді. Ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі қызметін орындаушы, кейін осы Қазақтың мемлекеттік аграрлық университетінің орталық ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі қызметін атқарды. “Биос” ЖШС-де ветеринарияда жетекші маман болып жұмыс істейді. Қазақтың ветеринарлық ғылыми-зерттеу институтының ветеринарлық санитария, фармакология және токсикология зертханасында аға ғылыми қызметкері болады. «Гигиена, санитария және азықтандыру» кафедрасында аға оқытушы болады. Бүгінде Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ветеринария факультетінің «Ветеринариялық-санитариялық сараптау және гигиена» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, кафедра бойынша кәсіби бағдар беру жұмысына жауапты қызметкер. Сол адал еңбегінің арқасында аграрлық білімге, ғылымға және өндіріске қосқан үлесі үшін төсбелгісі, «Облыстағы ветеринария саласына қызметі үшін» медалімен, Бауыржан Момышұлы атындағы Қызыл Жұлдыз ордені, ҚР Қарулы күштерінің ардагері, ҚР Қарулы күштеріне 20 жыл медалімен марапатталды. 

Ол бүгінде ұлын ұяға, қызын қияға қондырған асқар тау әке, сүйікті ата, отбасының қадірлі отағасы. Алтынбек ағамыздың балалары белді қызмет атқарады. Атап айтсақ, 1985 жылы туған ұлы Серік қаржыгер-экономист. 1988 жылы туған Айсұлу есімді қызы «Сбербанк» АҚ-да банк басшысының орынбасары. 1994 жылы туған Айнұр есімді қызы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қызметкері.
Ел мақтанышына айналған еңбек адамының отбасына амандық тілейміз. 

                                    Әмір САНА

Қатысты жаңалықтар

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

05.07.2026
Жетісудың жауһары жарқыраған

Жетісудың жауһары жарқыраған

05.07.2026
Заң өзгерді, көзқарас ше?

Заң өзгерді, көзқарас ше?

05.07.2026
«Астана Опера» театрында Ұлттық домбыра күніне арналған көрме ашылды

«Астана Опера» театрында Ұлттық домбыра күніне арналған көрме ашылды

05.07.2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Домбыра күнімен құттықтауы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Домбыра күнімен құттықтауы

05.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.