Талдықорған: +10°C
$ 458.85
€ 503.50
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЕГІН ОРАҒЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

29 шілде 2023
КҮЛТӨБЕ
ЕГІН ОРАҒЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Жайлы жаздың егіні дер шағында пісіп-жетілді. Қаратал ауданында да егін орағы қызу басталып кетті. Шілденің шіліңгір ыстығымен арпалысқан шаруалар жиын-терінге жаппай кірісуде. Арпа-бидай орып, жазғы егін жұмыстарын қауырт жүргізіп отырғандардың бірі – «Ақан Смаилов» шаруа қожалығы.


Қожалық жетекшісі Ақан Жексенбіұлы биыл 140 гектар суармалы жерге егін еккен.

– Биыл 30 гектар жерге күздік бидай егіп, қамбамызды астыққа толтырып алдық. Өнім гектарына 42 центнерден айналды. Жоңышқамызды да шауып алып жатырмыз. Сонымен қатар 45 гектарға жүгері, 45 гектарға соя, 10 гектар жерге қызылша септік. Барлығының шығымы жақсы. Тек баға тұрақты болмай тұр. Мәселен, бидайды орып алдым. Сатайын десем бағасы арзандап кетті. Былтыр ең арзаны 120 теңге болатын, биыл 75 теңге деп тұр. Арзанға берейін десем ала жаздай істелген еңбек ақталмайын деп тұр, – дейді Ақан Смаилов.

Бүгінде шаруасы шалқыған қожалықта тұрақты 18 адам жұмыс істейді. Жақсы өнім алу үшін техниканың жүріп-тұруы маңызды. Мұнда 2 комбайн, 2 бульдозер, «МТЗ» техникасынан 6 дана бар екен. Еңбекқор жандар күзде қалған егістіктен мол өнім алуды көздеп отыр.

Айта кетейік, аудан бойынша бидай алқабының 601 гектары толық орылып, әр гектардан 20 центнер өнім алынды. Жалпы 901,5 тонна астық жиналды. Арпа дақылдары 2574 гектардан 3,7434 тонна алынды. Яғни, әр гектардан 18-20 центнер өнім алынуда.

Мал қыстату науқанына аудан бойынша жемшөп дайындау жоспары 148 мың 500 тонна болса, қазіргі таңда дайындалғаны 49,5 мың. тонна. Жемшөп дайындау бойынша 35 бригада, 63 шөп шабатын, 53 шөп тайлағыш, 40 тиегіш, 100 тасығыш ауылшаруашылық техникалары жұмыс істеуде.

Қатысты жаңалықтар

Өрісі кеңейген Көксу

Өрісі кеңейген Көксу

Бүгін, 15:59
Жегені желкесінен шығады

Жемқорлықты әшкерелегендерге 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі

Бүгін, 15:24
Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Бүгін, 15:03
Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Ыстамбұлдағы әлем чемпионатынан қола алды

Бүгін, 12:50
Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Бүгін, 12:03

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.